Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абсолютті және қатыстық шамалар

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Өткен тақырыптардан белгілі болғандай, статистикалық бақылау және топтастыру жұмыстарының нәтижесінде зерттеуге, есепке алынған құбылыс пен оның белгілері туралы жалпы сандық мәліметтер алынады. Яғни, нақты құбылыс пен оның сипаттамасынан шығатын белгілерінін, белгілі бір уақыт пен аумақтағы ең жоғарғы саны анықталады. Мұндай мәліметтер сапасы тұрғысынан бағалағанда алғашқы, жалпы мағлұмат беретін және сол құбылыстың шынында өмірде бар екендігін анықталған саны арқылы көрсететін ақпарат болып табылады. Бірақ ондай сандық мәліметтерге сүйеніп бірден құбылыстың қоғамға таралу денгейін, қарқынын, өзге құбылыстармен қатыстылық шамасын анықтай алмаймыз. Демек, бақылау мен топтастыру кезінде анықталған сандық мәліметтерді, қорытылмаған, дұрыс, жан-жақты ақпарат бере алмайтын жалаң мәлімет ретінде бағалауға болады.

Мұнан кейінгі уақыттарда статистикалық зерттеуге алынған құбылыстың, бұл бір-бірімен астарлас, байланысқан өмірде жеке дара пайда болып, өмір сүре алмайтындығын ескеріп, олардың байланыс деңгейін, бір-біріне деген қатыстылығын анықтау туралы немесе статистикада белгіленген жан-жақты талдауларға алу қажеттілігі туындайды.

Осы жағдайларды ескере отырып, екі түрлі мәліметті немесе сандық шаманы келтіруге болады. Біріншісі есептелінбеген, тек топтастырылған, алғашқы өңдеуден өткен сандық шамалар, екіншісі қорытылған немесе талдаулар жүргізілген сандық шамалар. Статистикада біріншісі келтірілген сандық шамалар абсолюттік шамалар, ал екінші талдаулар жүргізудің нәтижесінде пайда болған сандық шамалар, қорытылған шамалар деп аталады. Шамалар дегеніміздің өзі статистикалық зерттеуге алынған құбылыстың пайда болу уақыты мен орнына қарай есепке алудан туындайтын, қорытылған (есептелінген) немесе қорытуға, талдауға салынбаған сандық мәліметтер болып табылады.

Қарапайым мағынада абсолюттік шамалар — статистикалық бақылау және топтастырудың нәтижесінде пайда болған сандық көрсеткіштерді білдіреді деп түсіну керек. Демек, абсолюттік шамалар дегеніміз, зерттелуге алынған құбылыс пен оның белгілерінің жалпы жиынтығын, сомасын білдіретін және әлі ешқандай талдауға, есептеуге алынбаған сандық мәлімет болып табылады. Мысалы, тіркелген қылмыстардың белгілі болған қылмыскерлердің, сотталғандардың, қылмыстық істердің саны.

Абсолюттік шамалардың кейінгі жүргізілетін есептеулер алдында атқаратын міндеті, тек құбылыстың немесе онын белгілерінің пайда болған уақыты мен орнына қарай жалпы санымен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай сандық шамалардан жиынтықтың өткен уақыттармен салыстырғандағы, біртектес жиынтықты білдіретін сандардың негізгі жиынтықтағы үлес салмағы немесе өзімен байланысты жиынтық-тармен арақатынас деңгейі, орташа қарқыны мәлім болмайды. Ондай мәселелерді анықтау — кейінгі статистикалық есептеу жұмыстарына жатады және бұл мәселені іске асыру математикада белгіленген есептеу тәсілдерін қолдана отырып жүргізіледі.

Абсолюттік шамалар атаулы шамалар болып табылады, өйткені мұндай әрбір сандық шама жиынтықтың мағынасын білдіретін құбылыстың немесе оның белгілері арқылы сандық шаманың атын да білдірігі тұрады, яғни, әртүрлі өлшем бірлігімен белгіленеді.

Статистикалық жиынтықтың санының мағынасы, атауы тиісті өлшем бірліктерімен анықталады. Өлшем бірліктері натуралдық және ақша сомасында болады.

Натуралдық өлшемдер әлеуметтік-құқықтық немесе криминологиялық зерттеулерде қолданылатын белгілердің атын білдіреді. Яғни тіркелген, ашылған, сот қарауына өткізілген, үкім шығарылған қылмыстар, қылмыс жасаған адамдар онын, ішінде демографиялық, құқықтық, әлеуметтік белгілердің атымен, мысалы, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің рецидивтердің қылмыстары және т.б. осы тәріздес жиынтық аттарын білдіре отырып, олардың абсолюттік шамалары қылмыстардың саны, қылмыскерлердің саны, сот қарауында болған азаматтық істердің саны, шығарылған шешім, үкімдердің саны түрінде аталады.

Абсолюттік шамалар ақша сомасы түрінде келтірілген зардаптың көлемінің сомасы тәріздес анықталады. Сол сияқты, өзге салалық статистикаларда абсолюттік шамалар гектар, килограмм, тонна, пүт, метр, шақырым, куб түрінде немесе натуралдық өлшем ретінде уақиғаның санымен анықталады.

Бір ғана абсолюттік шаманы қолдана отырып, статистикалық талдау жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондай-ақ өзге ғылым, танымдарда да құбылыстың сандық мәліметін білдіретін бір ғана сандармен немесе абсолюттік шамамен ешқандай ғылыми дұрыс талдау жүргізуге мүмкін емес. Мысалы, 2001 жылдың 1 қыркүйегіндегі халық санының жағдайы бойынша, Қазақстан Республикасында 14821,1 мың халық, яғни 15 миллионға жуық халық тұрады десек, бұл мәлімет дұрыс дерек бере алмайды. Яғни, бұл шама еткен уақыттармен салыстырғанда қаншалықты өзгергенін, т.б. жағдайларын түсіндіріп тұрған жоқ. Егер бұл мәліметтің өзі әрі қарай қала мен ауылда тұратын халық санын, ұлттардың үлес салмағын білдіріп тұрса, құнды мәлімет болар еді. Абсолюттік шамаларға негізгі жиынтықты құрайтын, біртектес жиынтықтың сандық шамалары да жатады және мұндай шамалардың да жоғарыда келтірілген мысалдан артықшылығы бола бермейді. Мысалы, 2000 жылы Қазақстан Республикасында 1617 қасақана кісі өлтіру және оған оқталу, 1733 қасақана денсаулыкқа зиян келтіру, 1411 қасақана денсаулыққа орташа зиян келтіру, 1677 ұрып-соғу, 146 азаптау немесе 1155 әйелді зорлау қылмысы жасалды десек те, бұл сандардың бір-бірінен қанша пайызға аз-көптігі, өткен уакыттармен салыстырғандағы айырмашылығы мәлім емес, тек жалаңаш мәліметтер болып табылады.

Кез келген статистикалық зерттеуге алынған құбылысқа талдау жүргізу үшін, кем дегенде екі абсолюттік шама белгілі болу керек.

Қатыстық шамалардың статистикада алатын маңызы зор, өйткені олар қоғамдық құбылыстардың құрылымын және уакыт пен орнына қарай дамуын сипаттайды немесе салыстыру және талдау құралдары ретінде қолданылады. Мұндай амалдар құкықтық статистикада да жиі қолданылады.

Қатыстық шамалар құбылыс жиынтықтарының өзара байланыстары мен бір-біріне тәуелділігін ескере отырып тұтас ретте де, сондай-ақ олардың бөліктері түрінде де қарастыруға мүмкіншілік береді.

Қарапайым мағынада қатыстық шамалар бірнеше абсолюттік шамалардың бір-біріне байланысын, бірінсіз-бірі толық сипаттала алмайтынын немесе олардың өзара қатыстылығын анықтайды. Мысалы, жекелеген қылмыстар түрлерінің санын бір-бірімен салыстыру немесе сандық шаманы өткен уақыттармен, халық санымен, өзге жерлермен салыстыру. Мұндай мақсаттар бойынша абсолюттік шамалар есептеуге алынғанда, олар қорытылған көрсеткіштерді шығарады. Халықтың немесе зерттеушілердің құбылыстың сандық мәліметтері туралы талаптарыны, қажеттіліктерінің түрлеріне қарай, қатыстық шамаларды есептеу тәсілдерін қолдану арқылы алынған көрсеткіштер, одан әрі де есептеулерге, талдауларға алынуы мүмкін.

Демек, қатыстық шамалар дегеніміз, нақты жиынтықтың сандық мәліметін білдіретін екі абсолюттік шаманы бір-біріне қою, салыстыру арқылы алынған шамалар болып табылады.

Қатыстық шамалар бір абсолюттік шаманы екінші абсолюттік шамаға бөлу арқылы есептеледі. Ол абсолюттік шамалар әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Қатыстық шамалардың түрлеріне жататын шамаларды анықтау мақсатына сәйкес, қажетті абсолюттік шамалар колданылады. Мысалы, егер бір жиынтықтың құрамына жататын құбылыстардың (мысалы, қылмыстардың ҚК тараулары немесе жекелеген қылмыс түрлері) негізгі жиынтық ішінде алатын үлесін анықтау керек болса, онда жалпы қылмыстардың санымен сол жиынтықтың құрамынан шығатын белгілі бір қылмыстың саны белгілі болуы керек немесе құбылыстың өткен уақыттармен салыстырғандағы айырмашылығы, өзгерісі анықталу керек болса, онда өткен уақыттардың сандық шамалары белгілі болуы керек.

Қатыстық шамада немесе орта шамада болсын, сондай-ақ өзге де статистикада белгіленген талдауларды жүргізу үшін, қолданылмақшы абсолюттік шамалар бір-бірімен салыстыруға келетіндей болуы керек. Абсолюттік шамалар өзара салыстыруға, біріне-бірін қоюға келетіндей болуы үшін, ол абсолюттік шамалардың арасында қандай да бір байланыс, бір-біріне деген қатыстылық болуы тиіс. Ол байланыстар тікелей болмағанның өзінде, зерттеуге алынған құбылыстармен жақын немесе қамти алатындай болуы керек. Мысалы қылмыстылықтың халық арасына таралуын анықтау үшін, сол аймақтағы халық саны мен тіркелген қылмыстар, қылмыскерлер қолданылады. Себебі, қылмыскерлер саны осы халықтың арасынан шығады, сондай-ақ, аумақтар құбылыстың түріне қарай өзара байланысты және әрбір облыстың қылмыстылығын басқа облыстардың қылмыстылығымен салыстыруға болады.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 281 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав