Читайте также:
|
|
Өндірістік тәжірибе күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына 10 аптаға, ал сырттай бөлімнің білім алушыларына 4 аптаға есептелген. Тәжірибенің басталу және аяқталу күні колледж бойынша бұйрықпен белгіленеді.
Кәсіби тәжірибеніңмақсаты мен міндетін іске асыру кәсіпорынның қызмет аясының негізінде, оның ұйымдастыру-құқықтық формасында жүргізіледі және заңды өзгерістерді қолдану керек.
Тәжірибеден өту мекемелері әртүрлі саладағы қызмет жүйесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті статистикалық, сондай-ақ басқа да басқарушылық қызметтегі органдар
- банктің қаржылық қорына, депозиттік саясатына мінездеме беру, пассивтік операциялардың есебі мен талдауын жүргізу
- кредиттік қоржынмен оның сапасына, активтік операцияларға статистикалық мінездеме беру
- банктік тәуекелдер түрлері мен оларды бағалау әдістерін зерттеу
- банк саласындағы пайда, қаржылық тұрақтылық, өтімділік көрсеткіштеріне статистикалық талдау және болжау жүргізу
Салық органындағы тәжірибе
Тәжірибеден өтетін білім алушы келесідей дағдыларды қалыптастыруы керек:
- салық органдарының жұмыс орындарының қызметкерлермен жабдықталуына және ұйымдағы ақпараттар айналысының жалпы кестесіне мінездеме беру.
- қолданылып жүрген және де жаңадан енгізілген салықтар, алымдар және төлемақылар туралы заңдылықтармен танысу, салық салудың әртүрлі субъктілерінің салықты төлеу базаларын және сәйкес пайыздық ставканы анықтау
- салықтар, алымдар және төлемақылар есебінің формаларын зерттеу, оларды беру уақыты
- салық органдарының қызметінің жүйесімен және өзара байланыс көрсеткіштерімен танысу: есепте тұрған салық төлеушілер саны, құжаттық тексерілген салық төлеушілер саны, бюджетке түсетін қосымша және есептелетін сомалар, айыппұлдар, банктегі операцияларды тоқтату жағдайының саны, құқық қорғау органдарына бағытталған материалдар саны, салық саласында көп кездесетін заң бұзушылықтар.
- салық түсімдеріне, құрамына, құрылымына факторлық талдау жүргізу және статистикалық мінездеме беру, сондай- ақ аумақтық экономиканың дамуын есепке алып болжамдарды жүзеге асыру
Кәсіпорындардағы тәжірибе
Кәсіпорындардың аналитикалық жұмыстарының зерттеуі кәсіпорынның қызметін әр бағытта статистикалық зерттеуін қарастырады және ол зерттеулердің қорытындысын мемлекеттік статистикалық бақылаулар формасында көрсетеді.
Жеке тапсырма аумағында кәсіпорын қызметінің бір бағытын статистикалық зерттеу ретінде таңдап алуға болады:
- өнімді өндіру және өткізу статистикасы
- еңбек статистикасы
- ұйымдастыр- техникалық деңгейінің статистикасы
- материалды-техникалық қамтамасыз ету статистикасы
- өндірістік шығындар мен өнімді өндіру статистикасы
- маркетинг қызметінің статистикасы
- инвестиция қызметінің статистикасы
- қаржы жағдайы мен қаржы нәтижесінің статистикасы
Шағын кәсіпорындардағы тәжірибе
Коммерциялық қызметті жоспарлау, есеп, талдау және статистиканы ұйымдастырумен танысу үшін:
- статистикалық есептемелердің ішкі және сыртқы жүйесін зерттеу
- коммерциялық қызметтің жалпы және жекелеген көрсеткіштерінің есептеулері (тауар айналымының, шығындардың, тауар қорының, таза табыс, пайда, рентабелділік көрсеткіштері), қаржылық жағдайдың көрсеткіштері және оларды талдауда қолдану, фирмалардың коммерциялық қызметінің тиімділігі және нарықтағы жағдайы.
- коммерциялық қызметтің жоспары мен болжамын жасаудың әдістемелік сұрақтарын қарастыру
Банк мекемелеріндегі тәжірибе
Тәжірибе өту кезінде білім алушы міндетті:
- банк қызметтері мен банк қызметінің негізгі бағыттарына мінездеме беру
- талдау және есептеу жүйесімен, қызметтің ақпаратпен қамтылуымен, сонымен қоса банктердің ішкі және сыртқы есеп жүйелерімен танысу
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 200 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |