Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  3. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  4. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  5. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  6. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  7. Азақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы
  8. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  9. Азақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

· Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

· Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

· Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

· Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

· Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

· Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

· Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

21.ҚР фискалдық саясаты.Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықтар, белгілі болғандай, мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарының қаржыландыру көздерінің бірі және мемлекеттік басымдықтарын өтеудің экономикалық құралы.
Салықтар — мемлекеттік егемендіктің ықылас білдіруінің бірі. Осынысымен олар мемлекеттік мүліктер мен қарыздардан алынатын табыстардан ерекшеленеді. Мемлекеттің егемен құқығы болып әрқашанда салықты өндіріп алудың құқығы тиынды шығару және әділ сотты жөнелту сияқты, соған орай, салықтар біржақты тәртіпте белгіленген. Салықтар және олардың қызметтері нақты базисті көрсетеді, яғни салықтық саясатта мемлекетпен қолданылатын салықтық қатынастардың жылжуының объективті заңдылықтары.
Салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы қолданылуды анықтайтын үкімет органдарының және басқарудың құқықтық қызметтердің кешенінің ұсынушы болып есептеледі. Бұл көзқарастан, халық аймағындағы саясат — бұл сонымен қоса мемлекеттік табысты реттеу, жоспарлау және бақылау кезінде салықтық техниканы жүзеге асырудағы құқықтық нормалар.
Қазіргі экономистердің анықтауы бойынша, салықтық саясат қаржылық саясаттың бөлігі болып табылады. Салықтық саясаттың мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік- экономикалық құрылым мен үкімет басындағы тұрған әлеуметтік топтармен шарттасылған. Экономикалық негізделген салықтық саясат салықтық жүйе арқылы орталықтанған құралдарды оптимизациялаудың мақсатының ізіне түсуде. Батыс экономистері салықтық саясатты бөлек бөлмейді және мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін орындауын салықтар арқылы жүзеге асырудың қаржыландыруын түсіндіруімен, мемлекеттік шығындардың жағдайларын зерттеуінсіз салықтардың әсерін қарастырмайды.
Жұмыспен қамтылу, өндіру көлемдерінің және инфляция қарқынының өзгеру деңгейіне бағытталған үкіметтің арнайы шешімдерінің нәтижесінде мемлекеттік шығындардың, мемлекеттік бюджеттің, салықтарының және сальдо мөлшерлерінің «мақсатты бағытталған өзгерулері» ретінде анықталатын бұндай саясатты дикрециялы фискалды деп атайды.
Дискрециялық емес фискалды саясат — бұл сондай-ақ жалпы табыстың циклдік ауытқудың нәтижесінде айтылған мөлшерлердің автоматикалық өзгеруі. Мұндай саясат тұрақтандырылған ықпал көрсететін ЖҰӨ өсу (кему) мерзіміндегі мемлекеттік бюджетке таза салықтық түсімдердің автоматикалық көбеюін (азаюды) болжайды.
Нақты жағдайда таза салықтық түсімдер бюджетке салықтық түсімдердің мөлшерінің және үкіметтің төленген трансферттер сомасының арасындағы айырымын айтады.
Мысалы, Юткина Т.Ф. салықтық саясатты «салықтық заңдардың мақсатты бағытталуын айқындайтын үкімет органдарының және басқарманың құқықтық қызметінің кешені» деп анықтайды.
Салықтық саясат үкімет органдары мен басқарманың ғылыми негізделген және экономикалық мақсатқа сай тактикалық және стратегиялық құқықтық қызметтерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Салықтық саясатты жүргізудегі бастапқы нұсқама болып тек қана құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету емес, сонымен қоса салық салудың ықпалының астында жиналған шаруашылық — экономикалық қатынастарды бүкілжақты бағалауды жүргізу. Сондықтан, салықтық саясат — бұл салықтық заңдардың үйғарымның автоматикалық орындалу тиіс, оларды жетілдіру.
Салықтық саясат келешекке есптеумен жүргізілген салықтық стратегия, ал нақты мерзімде — салықтық тактика. Тактика және стратегия айырылмас, егер мемлекет қоғамдық, корпоративтік және жеке экономикалық ынталарды келістіруге ұмтылады. Жиі, мемлекеттің басқарушысымен әрекет қылған нақты кезеңде салық салудың координациясы бойынша тактикалық қадамдар экономикалық дәлелденбеген. Бұл тек қана салықтық стратегияның өткізуіне кері әсер келтірмей ғана қоймай, сонымен қоса мемлекеттің экономикалық бағытын деформациялайды. Салық саласындағы Ресейдің әйгілі экономисті Черник Д.Г. «салықтық саясатты экономикалық мемлекеттік реттеудің негізгі құрамы болып табылады және жеке кәсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпалын көрсетеді» деп ойлайды.
«Салықтық саясаттың қаржы құралдарының алымының формалары мен әдістерінің жиынтығы — қиын жағдай». Онда терең қарама — қайшылық шалғындық салынған: бір жағынан, экономика субъетілерінен жеткілікті қаржы ресурстарын айыруды қамтамасыз ету, екінші жағынан — бұл жағдайда олардың іскерлік активтілігінің төмендеуін ұйғармау. Бұл парадоксты шешу орынды компромисс есебінен қамтамасыз етіледі — деп, өз жұмыстарында Соколинский В.М. белгіледі.
Экономикалық сөздіктерде берілген анықтама келесі түрде жинақталған: «салықтық саясат — салық салуда тікелей немесе жанама қатынасқа ие, қандай да бір мемлекеттің конституциясымен салықтық заңдардың жиынтығы және басқа заңды актілерде анықталған салықтық қатынастардың қатысушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерінің орындалуындағы стратегиялық бағыт және тактикалық іс — әрекет».
Бірақ ең қысқа анықтама «дамыған елдердің салықтық жүйесі» сөздігінде берілген, ол «салықтар аймағында мемлекетпен өткізілетін шаралар жүйесі» ретінде салықтық саясатты сипаттайды.
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында өндірістің құрылымының өзгеруін, территориалды экономикалық дамуын, халықтың табыстылық деңгейін өзгерту мақсатымен ұлттық табысты қайта тарату үшін мемлекетпен салықтық саясат қолданылады. Салықтық саясаттың міндеттері келесілерге бағытталады:
1.өзінің қызметтері мен міндеттерін орындау үшін мемлекетті қажет қаржы ресурстармен қамтамасыз ету;
2.жалпы елдің шаруашылығын реттеу үшін жағдайларды жасау;
3.нарықтық қатынастардың процессінде пайда болған халықтық табыс деңгейіндегі тепетеңсіздікті тегістеу.

Р ақша-несие саясаты. Несие, ақша саясаты.Бұл тәсіл халық шарушылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін. Ақша- несие жүйесі және Қазақстан Республикасындағы ақша- несие саясаты.

Несие деп қайтарылу негізінде, белгілі бір мерзімге төлем арқылы уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалануға беруді айтамыз.

Несие келесідей қызмет атқарады: 1)қайта бөліну, яғни белгілі бір сфераның, кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттарын қажет етуші сфераларға бөлу. 2) тауар айналысына қызмет ету. Уақытша бос ақша қаражаттарын ала отырып, өндірістің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туындайды, осының салдарынан айналасындағы тауар мөлшері де көбейеді. 3) Айналыс шығындарын үнемдеу. Несиені тиімді пайдаланған кезде қосымша ақша қаражаттарын табуға болады. Осының салдарынан табылған табыстың бір бөлігін несиені қайтаруға, ал қалғанын өндірісті нығайтуға жұмсалады. 4) Ғылыми техникалық прогресті жетілдіру. Айналыстағы нақты ақша массаларының орнына несиелік карточкаларды енгізе отырып көрсетілетін қызметпен сатылатын тауарды несиелеу.

Несие келесідей принципке негізделеді: 1)Мерзімділік – уақытша бос ақша қаражаттары белгілі бір мерзімде пайдалануға беріледі, яғни несиелік шартта көрсетілген мерзімде несие қайтарылуы тиіс; 2)төлемділік – уақытша бос ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін қарыз алушы % түрінде төлем төлеуі қажет; 3) қайтарымдылық – уақытша пайдалануға берілген ақша қаражаттары міндетті түрде қайтарылуы қажет; 4) қамтамасыз етілу - уақытша пайдалануға алынған ақша қаражаттары тауарлы материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі қажет (кепілдік заты) бұл алынған ақша қаражаттарын қайтарылуын қамтамасыз етеді; 5) несиені мақсатына қарай жұмсау. Алынған ақша несиелік шартта көрсетілген мақсатқа жұмсалуы қажет. Егер несие несиелік шартта көрсетілген мақсатқа жұмсалмаған жағдайда қарыз беруші несиенің уақытынан бұрын қайтарылуын талап етуге құқылы.

Несиенің келесідей негізгі екі формасы бар:Коммерциялық несие – бір таар өндірушінің, екінші тауар өндірушіге сатылған тауардың төлемін кейінге қалдыра отырып қарыз беру. Банктік несие - ол банкте шоғырланған уақытша бос ақша құнының есебінен қайтарылу негізінде ақша түрінде берілетін несие.

Несиенің келесідей түрлері бар: 1)Тұтынушылық несие - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Қарыз алушы – халық, қарыз беруші - әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында, яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауарды сату және банктік несие, яғни тұтыну тауарларын сатып алу үшін ақша беру формасында болады. Ақшадай формада тұтыну несиесі ұзақ мерзімге қолданылатын – жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар және т.б.беріледі. 2) Мемлекеттік несие – бұл бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған несие түрі, мұнда қарыз алушы – мемлекет, қарыз беруші – заңды және жеке тұлғалар. Мемлекеттік несие қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімде несие – қазыналық вексельдер түрінде шығарылып 1-3 ай ішінде қайтарылуы керек. Ал ұзақ мерзімде мемлекеттік несиелер – мемлекеттік облигация түрін де шығарылады. Бұл мемлекеттік зайымдар (қарыздар) мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджетің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналыстағы артық ақша массаларын алуға мүмкіндік береді. 3) Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг (ағылшын сөзі) мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру. Қысқа мерзімді прокаттан (1-жылға дейін) ерекшелігі сол, лизингтік компания ірі құрал-жабдықтарды сатып алып, фирма-арендаторға 5-8 жылдан астам уақытқа жалға береді. Фирма-арендатор пайдаланған мүліктер қарызын жайлап, мерзіміне қарай өтейді. Лизингтік контрактының мерзімі біткен соң, мынындай мүмкіндіктер қарастырылады: арендатордың ірі құрал жабдықтарды қалдықтың бағамен сатып алуы; жаңа келісім жасауы- мерзімі ұзартылады-лизнгтік компонияларға материалдық бағалылқтарды (құнды) қайтаруы. Қазақстан мен шетел мамандарының пайымдауынша лизингтің негізгі түрлеріне-қаржы лизингі және оперативтік лизинг жатады. Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімге негізгі қорларды пайдалануға беру және пайдалану мерзімі өткеннен кейін (лизинг мерзімі) оларды сатып алуға құқық беру. Оперативті лизинг – негізгі қорларды 3 жылға дейінгі уақытқа жалға беру. 4) Ипотекалық несие. Ипотека – жылжымайтын мүлікті кепілдікке ала отырып қарыздандыру. 5) Халықаралық немесе мемлекетаралық несие – қарыз алушы Қазақстан Республикасы, ал қарыз беруші сол шартқа қол қойған мемлекет.

Ақша-несие саясаты- бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Акша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі бар: 1) Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және катаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. 2) Экспансиялық ақша-несие саясаты-несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қазакстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі - жуық кезенде ұлттық валютаны одан әрі тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Қазакстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күнгі негізгі мақсаты- нақты сектордын каржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.

Ақша-несие саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі ұлттық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен байланысты. Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржылық жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда реформаланған және дамыған. Жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі тиімді қызмет етуде. Ипотекалық несиелендіру мен вексельдік қайта қаржыландыру жүйелері дамуда. Пошталық-жинақтаушы жүйені дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп, екінші деңгейлі банктерді қызметтің халыкаралық стандарттарына көшіру бағдарламасы аяқталуда. Ақша-несие саясаты әлемдік стандарттарға жақындау мен валютаны либерализациялауға бағытталған. Қаржы рыногына мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауға көп көңіл бөлінуде. Банктік секторды дамыту саласында, банктерге тәуекелді басқару жүйесін енгізу және ағымдық бақылау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты белсендету қажет.


Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 20 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2020 год. (0.036 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав