Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экожүйе дегеніміз не?

Читайте также:
  1. Lt;question>Қоғамдық регресс дегеніміз Общественный регресс это
  2. Lt;question>Жеке адам дегеніміз Индивид это
  3. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  4. Ақша дегеніміз не?
  5. Аридизация дегеніміз не?
  6. Аутэкология терминиін қалай түсінесіз? Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?
  7. Биогеоценоз терминін қалай түсінесіз? Биомдарға қандай экожүйелер кіреді?
  8. Жаңа менеджеризм» дегеніміз B) қазіргі заманғы еңбектеріне сай ҒТП дамуына ыңғайлау
  9. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы.
  10. Провайдер дегеніміз не? D) Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet-қызметін ұсынатын ұйым.

Экожүйе – бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы. Терминді 1935 жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе – Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл, көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар.

Кез келген экожүйеде азық табу үшін әртүрлі өзара қарым-қатынастар орын алады. Оның құрамды бөліктері: фитоценоз – продуценттер (өсімдіктер), күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құраушылар; микробоценоз – редуценттер – өлі органиканы қореқ қылып, оны қорыту негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды элементтерге айналдырушы ағзалар.

Экожүйелерде энергия азық арқылы таралады, яғни өсімдіктер жануарларға қореқ, ал жануарлар бір-біріне азық, осы жалғасты азықтық тізбе (трофикалдық) дейді. Егер де азық жүйесінде тізбектер көп болса, соғұрлым экожүйе тұрақты болады.

Экожүйенің қасиеттері:

- Гомеотаз – тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі химиялық реакциялар түзе алушылығы.

- Өсімшілдігі – бірлік уақыт аралығында экожүйедегі биомассаның артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік тропикалық ормандарға тән, өте төмен – шөлдер мен тундрада.

- Өздіктазалануы – ластаушы заттардан құрала алуы не оны түрлендіре алу қабілеті.

- Төзімділігі – сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы.

- Тұрақтылығы – экожүйенің тепе-теңдік жағдайынан шыққаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу қабілеті.

- Эмерджменттілігі – экожүйенің негізгі қасиеті, ол белгілі қасиеттерінің жай қосындысы емес.

- Экологиялық сукцессия – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен биогеоценоздардың біртіде қайтымсыз ауысыу.

Билет №21

1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?(ЗАКОНЧИТЬ)

Өзара байланысқан және бірдей жайдайда тіршлік ететін өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы биоценоз деп аталады (биоценоз – ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей, жануарларың белгілі бір топтарымен сипатталады. Биоценоз мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар), микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.

Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады.

Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Оның үш принципі бар. Олар: әртүрлілік принципі, жағдайлардың ауытқу принципі, ортаның жайлап өзгеру принципі.

Биоценоз бен биотоп қосыла отырып биогеоценозды құрайды.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 492 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав