Читайте также:
|
|
Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар казады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.
Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес. Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойланған жөн. Өйткені зиян екі жақты болып отыр. Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер азып тозады. Оған түрлі тыңайтқыштар беру аркылы қалпына келтіріп отыру керек.
Жер беті әсіресе пайдалы қазбалар өндіруге байланысты үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өндіріс алаңында басы сүйір төбелер көптеп кездеседі. Олар — шахтадан көмір, темір, т. б. кен кабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері, яғни террикондар (латынша терра — жер, кон — конус). Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.
Бос жыныстарға көмір ұнтағы араласып жататындықтан террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды. Кейінгі жылдары өркениетті елдерде бүл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды. Ондағы бос тау жыныстары көмірі таусылған ескі шахталарға қайта апарып төгіледі. Бірқатары түрған жерінде тегістеліп, террасаларға айналдырылады. Ондай жердің бетіне құнарлы топырақ төгіліп, ағаш, бұта және шөп егіледі. Сөйтіп террикондардың біразы шахтёр посёлкесіне көрік беретін жасыл желекке айналады.
Ашьщ карьерлерден өндірілетін пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатты аршығанда шыққан жыныстары олардың төңірегінде тау-тау болып үйіліп жатады. Мұндай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит, Соколов-Сарыбай темір кен орындарында, Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында, т. б. жерлерде кездеседі.
53. Соғыстар және лаңкестік эколгиялық зардаптары. Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны залалдауды болдырмаудың халықаралық күні Бұл атаулы күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы соғыстың экологиялық зардаптарына көңіл аудару және әскери мүдделеріне жету жолында экожүйелерді залалдаудан да, мәнсіз залал келтіруден де бас тарту мақсатында бекіткенДемографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі.Аталған факторлардың ішінде сыра алкоголизмінің әсері күшті. Себебі сыра құрамында токсикалық заттар бар, олардың ішінде эндокринді жүйеге әсер ететін ауыр металлдардың тұздары көп кездеседі. Ер адамдардың ағзаларында аталық жыныс гормондары тестостеронның жасалуы мен бөлінуін тежейтін заттар бөлінеді. Сыра дайындауда қолданылатын хмельдің құрамында эстрагондар болады, ол химиялық құрамы жағынан эстрагеол деп аталатын аналық жыныс гормондарына жақын. Сол себепті ер адамдардың ағзасында аналық жыныс гормондары жинақталады. Сыра көп ішетін ер адамдарда көкірек бездері өзгереді, жамбас сүйектері кеңейеді. Эстрагондар ер адамдарда басқа ер адамдарға деген жыныстық қызығушылық тудырады. Ал әйел адамдарда ісік аурулары көбейеді.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 201 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |