Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДНҚ-ның 1-, 2-, 3-, 4-лік құрылысы. ДНҚ-ның биологиялық функциясындағы комплементарлық әсерлердің ролі.

Читайте также:
  1. I. Сабақ тақырыбы: Мисауыт сүйектерінің құрылысы.
  2. I. Тақырыбы: Бет сүйектерінің құрылысы.
  3. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  4. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
  5. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі
  6. Биоремедиация. Топырақтың, судың және жанармай өнімінің биологиялық тазартылауы
  7. Жер генефондының өзгеруі, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері.
  8. Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.
  9. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

Нуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылысын түзетін мономерлер – нуклеотидтер. Бір мононуклеотидтің дезоксирибозасы жəне екінші мононуклеотидтің фосфаты көмегімен нуклеотидтер өзара байланысып жалғасады, ұзын полинуклеотидтік тізбек түзеді. Осындай тізбектегі нуклеотидтердің орналасу тəртібін ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы деп атайды. Нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзуге 3' жəне 5' жағдайдағы пентоза қалдығының гидроксил топтары қатысады. Полидезоксирибонуклеотид скелеті (қаңқасы) қайталанып келіп отыратын дезоксирибоза жəне фосфатты топтардан тұра ды. ДНҚ молекуласының құрылысында Е. Чаргафф ұсынған 137 заңдылық бар, бұл көптеген эксперименттік деректермен дə лелденді. Осы заңдылық ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымының ашылуында үлкен пайдасы тиді. Дезоксирибонуклеин қышқылдарының екінші реттік құ рылымын 1953 жылы жас биохимиктер Дж. Уотсон жəне Ф. Крик анықтады. Олардың теориясы бойынша, ДНҚ молекуласы кеңістікте антипараллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды (бір тізбек 5'→3' бағытында екіншісі 3'→5'). Екі полинуклеотид тізбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысады дейді. Азотты негіздер спиральдың ішіне қарай орналасқан, ал пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған Қос қабат спиральдегі азотты негіздердің байланысуы ерекше: бір тізбектегі аденинге екінші тізбектің тимині, ал гуанинге екінші тізбектің цитозині қарсы орналасады. Осылай орналасуды ДНҚ тізбегіндегі сəйкестік немесе комплементарлық дейді жəне ол тірі материяда генетикалық қасиеттердің сақталуында, ұрпақтан-ұрпаққа берілуінде ерекше маңызды қызмет атқарады. Қос қабат спиральді тізбекті азотты негіздер арасындағы сутектік байланыс жəне гидрофобтық əрекеттесулер (Стекинг байланыстары) біріктіріп бекітеді. Мұнда аденин мен тимин екі сутектік байланыс түзеді, ал гуанин мен цитозин үш сутектік байланыс түзеді.Бір спиральдің бойында азоттық негіздің 10 жұбы орналасады. Спиральдің бір қадамы - 3,4 нм, диаметрі - 1,7 нм. ДНҚ-ның мұндай формасын В-форма деп атайды, В-форма репликацияпроцесіне бейімділеу келеді.ДНҚ-ның үшінші реттік құрылымы. Хромосомадағы ДНҚ-ның қос қабат спиралі гистон-белоктарымен жалғасады. Белок– ДНҚ жүйесін тұрақтандыратын иондық байланыс. Белок-ДНҚ жүйесі спиральденеді де, ДНҚ-ның үшінші реттік құрылымын береді ДНҚ кеңістікте орналасқан кезде бірнеше деңгейлер пайда болады:1. Нуклеосомалық деңгей: ДНҚ-мен гистон-белоктар əрекеттескенде, нуклеосомалық «жіп» түзіледі.2. Екінші деңгей нуклеосомалық «жіптен» хроматин фибрильдері пайда болады, диаметрі 20-30нм. Бұлардың ішінде тиімдісі- соленоидтық модель.3. Үшінші деңгей хроматин фибрильдерінің ілгек тəрізді орналасуы. Бір ілгектің бойында - 20000-80000 дейін нуклеотидтер жұбы орналасады.

58.Липидтер және олардың жіктелуі. Сабынданатын липидтер. Липидтер бүкіл тірі жасушалардың құрамына енетін, майдан және май тәрізді заттардан тұратын, суда ерімейтін, полюстілігі төмен органикалық заттар тобы. Липидтер қуат көзі. Липидтер тірі ағзалардың ішкі органдарының мөлшері мен сапалы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұны гомеостаз деп атайды. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі. Сондықтан оларды липопротеиндер дейді. Олардың физикалық-химиялық қасиеті құрамындағы май қышқылына байланысты. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып 2-ге бөлінеді.Гидролиздену қабілетіне байланысты сабындалатын (2-3 компоненттен тұрады, оңай гидролизденеді) және сабындалмайтын (1 компоненттен тұрады, гидролизге ұшырамайды) болып 2-ге бөлінеді. Сабындар жоғары карбон қышқылдарының тұздары болып табылады. Мысалы, натрийлі тұздар қатты, ал калийлі тұздар сұйық сабындарды түзеді. Майлардың гидролизденуі маңызды, ол қайтымды процесс. Сілтілердің қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады. Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі- фосфотид қышқылы. Ол глицериннің жоғары майлы қышқылдың 2 молекуласынан және фосфор қышқылынан тұрады.

59.Сабынданбайтын липидтер. Терпендер және стероидтар. Стероидтардың биологиялық ролі. Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтар деп атайды. Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2,3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобы А,Е,К витаминдері жатады. Е,К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу- тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды. Стероидтар табиғатта ең көп таралған. Ағзада атқаратын қызметі әртүрлі, құрылыстары циклді болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған. Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің не стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар) кездеседі. Стероидтардың медицинада, ветеринарияда, мал шаруашылығында маңызы үлкен болғандықтан, ол кең зерттелуде. өнеркәсіп жағдайында синтез жолымен алу әдісі игерілді. Стероид сапониндері мен стероид гликоалкалоидтарының агликондары, лалагүл, сабынкөк алқа тұқымдастарына тән және бұлар гликозидтер түрінде әсер етеді. Стероидтардың барлық түрі дерлік кристалл заттар.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 346 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав