Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  10. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

46. Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау әдістері.Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл: 1 Ішілетін құрама контрацептивтер. 2 Инъекцияльқ контрацептивтер. 3 Имплантанттар (норпланта). 4 Әйелдердің стерилизациясы. 5 Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы). 6 Презервативтер. 7 Жатырішілік заттар. 8 Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы). 9 Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс). 10 Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).

Загрузка...

47. Урбандалу проблемалары. Урбандалу (латынша urds - қала) дегеніміз - қалалар мен қала халқының әншейін көбеюі емес, сонымен қатар олардың рөлінің күшеюі, қалалық өмір салтының кеңінен дамуы. Бір-біріне жақын орналасқан қалалар көбінесе жалғасып, аса ірі қала "ядроның" орбитасына қамтылады. Урбандалу қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция. Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы қаланың есуіне әсері бар. Мысалы, Астана. Елді модернизациялауда ерекше релді: 1) Астана мен Алматы атқаруда. 2) Ұлттық мәні бар кемекші қалалар (облыс орталықтары). Халық және қоршаған орта. Халықтың тұрмыс-тіршілігі - қоршаған ортаға әсер етуші ең негізгі фактор. Әсіресе үлкен қалалардың әсері жоғары. Қалалар табиғи ресурсты көп тұтынатын және көп ластаушылардың қатарына жатады. Қоршаған ортаға әр түрлі химиялық қосылыстар мен шаң-тозаңдарды шығарып, атқылап жатқан жанартауға ұқсайды. Ластаушы көздер жергілікті тұрғындардың денсаулығына үлкен зиян әкелуде. Сондықтан да қалалардың қоршаған ортасын жақсарту өзекті мәселелердің бірі. Ауылдық жерлердің қоршаған ортаға әсері аз болғанымен алып жатқан аумағы ауқымды. Ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеудің салдарынан жердің өнімділігі төмендеп, топырақ эрозиясы пайда болып, су ресурстарының көлемі азаяды.

48. Кедейшілік және табыстың әділетсіз бөлінуі. Кедейшілік. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған .- Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады. Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына қолданылады. - Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда, абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды. Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.

49. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары.Энергетикалық қатер сипаты қазіргі күнде көмірсутегі шикізатының сарқылып бара жатқандығымен де сараланып отырған жоқ. Керісінше, күн тәртібінде қазірге дейін қол жеткізілген технология­лар арқылы енді көмірсутегі шикізаты өндірісті дамытып, экономикалық өсімді қамтамасыз ете ала ма? Күні кешегі жаһандық дағдарыстар бүгінгі электр қуаты өндірілетін тауардың өзіндік құнын төмендете алмайтындығын, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін көрсетті. қалай болғанда да, соңғы оншақты жыл көлемінде энергетика саласында үлкен ғылыми жетістіктер ашылуда. Электр энергиясының өзіндік құнын арзандату мақсатындағы жаңа қондырғылар мен технологиялар ашыла бастады. Көмірсутегі шикізатынан өндірілетін қымбат электр энергиясын арзан да тиімді энергия көзімен алмастыратын энергетикалық төңкеріс жолындағы ізденісті күрес басталды. Ал арзан электр энергиясы ол – дағдарысты жоюдың жолы, жаһандық экономиканың даму қарқынын арттыратын тың әлеует.Экономикалық жұмақ дәуіріне бас­тайтын энергетикалық төңкеріс қыр астында тұр. Адамзат үшін әрі мол, әрі арзан энергетика көзін ашатын бұл төңкеріс жаңа технологиялар түрін­де ме, әлде басқа шикізат көздері түрін­де жүзеге аса ма?! Ол әлі де толық анық­талып болған жоқ. Ең бастысы, адамзат энергетикалық төңкеріс жасамай, экономикалық дағдарыстан құтыла алмай­тындығына көз жеткізді.Адамзаттың ертеңгі игілігі жолындағы болашақ энергия көзін іздеу қозғалысы басталды. Осы ұлы қозғалыстың алдың­ғы легінде «Болашақтың энергиясы» ұранымен «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіл­әлемдік жетістіктер көрмесін өткізетін Қазақстан келеді. Кім не айтса, оны айтсын, «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары сыналатын тарихи алаңға айналады.


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав