Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I. Сабақ тақырыбы: Мисауыт сүйектерінің құрылысы.

Читайте также:
  1. I. Тақырыбы: Қол сүйектерінің буындары
  2. I. Тақырыбы: Қолдың топографиясы
  3. I. Тақырыбы: Аралық бақылау – коллоквиум
  4. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  5. I. Тақырыбы: Бет сүйектерінің құрылысы.
  6. I. Тақырыбы: Бет сүйектің топографиясы.
  7. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  8. I. Тақырыбы: Мисауыттың топографиясы.
  9. I. Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел омыртқалардың құрылысының ерекшеліктері.

II. Мақсаты: Мисауыт сүйектерін құраушы сүйектердің құрылысын, жастық және жыныстық ерекшеліктерін білу қажет. Мисауыт сүйектерін құраушы жеке сүйектерді көрсетіп қоймай, жұп сүйектердің оң және сол жақтық бөлігін бір-бірінен ажырата білу керек. Рентгенограммадан жеке мисауыт сүйектерін және олардың қойнауларын көрсете білу керек.

 

ІІІ. Оқыту міндеті: Сүйектерді талдау барысында әрбір анатомиялық түзілістердің көлемдері мен пішіндерінің немен байланыстылығын түсіндіру, сүйектердің тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аудару

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бассүйектің бөліктерін атаңыз.

2. Бассүйектің қызметін анықтаңыздар.

3. Бассүйектің негізі мен күмбезінің аралық шекарасын анықтаңыздар.

4. Мисауыт сүйектерінің латынша аттарын атаңыздар.

V. Оқыту және сабақ беру әдістері:

Шағын топтармен жұмыс істеу.

 

VІ. Әдебиеттер:

Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І, ІІ том. Алматы, «Кітап», 2004ж.

Рақышев А.Р. «Халықаралық анатомиялық номенклатура» Алматы, «Асем-систем», 2003ж

VІІ. Бақылау:

1. Бассүйектің жалпы сиппаттамасы.

2. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің құрылысы.

3. Маңдай сүйектің көзұялық бөлігінің құрылысын сиппаттаңыз.

4. Маңдай сүйектің мұрындық бөлігінің құрылысын сиппаттаңыз.

5. Шеке сүйектің сыртқы және ішкі бетін сиппаттаңыз.

6. Шүйде сүйегінің құрылысына тоқталыңыз.

7. Сынатәрізді сүйектердің бөліктерін көрсетіп, олардың құрылысын

баяндаңыз.

8. Бассүйектен самай сүйектің орналасатын орынын анықтаңыз.

9. Самай сүйектің құрылысын сиппаттаңыз.

10.Самай сүйектің өзекшелерін атаңыздар.

 

Тест:

1. Мисауыт сүйектерін көрсетіңіздер.

а) маңдай сүйек.;

b) сынатәрізді сүйек;

c) торлы сүйек;

d) шүйде сүйек.

2. Бассүйектің қандай анатомиялық құрылымдары бассүйектің күмбезін

құрауға қатысады?.

а) самай сүйектің қабыршақтық бөлігі;

b) шүйде сүйектің қабыршағы;

c) маңдай сүйектің қабыршағы;

d) шеке сүйегі:

3. Маңдай сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?

а) қабыршағы;

b) денесі;

с) көзұялық бөлігі;

d) мұрындық бөлігі.

4. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің сыртқы бетінде қандай

анатомиялық құрылымдар орналасқан?.

а) самайлық сызықшалар;

b) маңдайлық қыр;

с) торлық тілік

d) кеңсірікүсті

5 Шүйде сүйектің қандай бөліктері ажыратылады?.

а) базилярлық бөлігі;

b) денесі;

c) латералдық (бүйір) бөліктері;

d) қабыршағы.

6. Бассүйектің алдынғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?.

а) сынатәрізді сүйек;

b) маңдай сүйек;

c) шеке сүйек;

d) торлы сүйек.

7. Бассүйектің ортаңғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?

а) маңдай сүйек;

b) шүйде сүйек;

c) сынатәрізді сүйек;

d) торлы сүйек

8. Бассүйектің ортаңғы шұңқырын қандай сүйектер құрауға қатысады?

а) жоғарғы жақсүйек;

b) бетсүйек;

c) самай сүйек;

d) шүйде сүйек.

9. Сынатәрізді сүйек денесінің беттерін белгілеңіздер?.

а) жоғарғы беті;

b) артқы беті;

с) алдыңғы беті;

d) бүйір беттері.

10. Самай сүйектің тастық бөлігінің алдынғы бетінде қандай анатомиялық

құрылымдар орналасқан?

а) бұлшықет-түтік өзегі;

b) мойындырық тілігі;

с) мойындырық шұңқыры;

d) доға тәрізді томпақ.

11. Самай сүйектің тастық бөлігінің артқы бетінде қандай анатомиялық

құрамалар орналасқан?.

а) үшкіл ми нервінің батыңқысы;

b) көлденең қойнаудың жүлгесі;

с) ішкі есту тесігі;

d) дабыл қуысының қақпағы.

12. Қандай анатомиялық құрылымдар самай сүйектің тастық бөлігінің төменгі

бетінде орналасқан?.

а) доға астылық шұңқыр;

b) есту түтігінің тесігі;

с) ұйқы өзегінің сыртқы тесігі;

d) мойындырық шұңқыр.

 

Орындаған: оқытушы Түкібаев Ж.А.

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 250 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав