Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынаппен жұмыс істеу. Уланған кезде көрсетілетін бірінші көмек.

Читайте также:
  1. B) Бірінші
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. D. жұмыс істейтіндердің саны мен шаруашылық айналымының көлеміне
  4. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. АЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕМДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
  7. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  8. азіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
  9. Ай еңбекте сақтар туралы «жүйрік атты турлар» деген атау кездеседі?
  10. Ай мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін бірінші болып мойындады?

Сынап – бұл бөлме температурасында айтарлықтай ұшатын, суда ерімейтін сұйық ақ күміс түсті металл. Қатты түрінде түсі ақ, қақталған болады, химиялық тұрақты. Құрғақ күйінде тотықпайды, дымқыл күйінде – оксидтердің сұр қабыршағымен жабылады. «Царская арағында» (азот қоспасы және тұз қышқылы), азот қышқылында, ыстық қойылтылған күкірт қышқылында ериді.

Сынапты катодтар жасау, күйдіретін сілтіні және хлорды электрхимиялық жолмен жасаған кезде, сынапты вентильдер жасау, газ разрядты жарық көздері (люминесценцияға негізделген және сынапты шам), жоғары вакуумдық насостар, бақылау-өлшегіш аспаптар (термометрлер, барометрлер, манометрлер) үшін пайдаланылады.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты, қоршаған ортаға сынаптың түсуі айтарлықтай өсуде. Сонымен, 20 ғасырда жағылған көмірден жердің бірлік көлеміне сынаптың салмағы шамамен 10 есеге өсті. Атмосфераға жыл сайын 500 тонна түседі.

Сынаппен қоршаған ортаны ластаудың маңызды көзі сарқынды сулар болып табылады. Техногенді шашырайтын сынап (күйік иіс, суда еритін тұздар, органикалық қосындылар) экологияға өте қауіпті. Ол жауын-шашынмен шайылады, табиғи айналымға кіріп жерге сіңеді, өсімдіктерге, жануарларға сіңеді.

Сынаптың буымен қатты улану кеніштердегі авариялармен немесе қауіпсіздік техникасын күрделі бұзушылықтарымен байланысты болады. Сынаппен уланудың клиникалық көрінісі 8-24 сағатта дамып, жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жұтынған кезде ауруы, температураның жоғарылауы, тыныс алу жолдарының қабыну құбылыстары түрінде білінеді. Содан кейін қызылиек, іш аура бастайды, асқазан бұзылады, кейде өкпенің қабыну жағдайлары кездеседі. Өліммен аяқталған жағдайлар да кездескен. Созылмалы улану дамиды және ұзақ уақыт аурудың айқын белгілерінсіз өтеді. Содан кейін шаршағандық, әлсіздік, ұйқышылдық, енжарлық, тез әсерленгіш, бас ауруы, бастың айналуы пайда бола бастайды. Сонымен қатар аяқ-қол ауырлап, барлық дене дірілдей бастайды. Психикалық қозғыштық пайда болады, жиі есте сақтау қабілетінің нашарлауы байқалады.

Сынаптың буы және оның қосындылары бөлінетін орын-жайларда тамақты сақтау және ішу, сонымен қатар шылым шегуге болмайды. Мұндай жерде жұмыс істеп болғаннан кейін киімді ауыстырып, душ қабылдап, перманганат калий 0,25% ертіндісімен ауызды шайып және тісті тазалау керек.

Берілген нормадан асатын (0,01 мг/3 бастап 10 мг/м3 дейін) концентрация кезінде будан сақтану үшін сүзгіш газқағарды және респираторды қолдану керек.

Егер ауыр қатты уланған жағдайда сумен ауыз арқылы асқазанды шайып тастау керек, содан кейін зардап шеккенге сүт, жұмыртқаның ағын сумен көпіршітіп, содан кейін іш жүргізетін ұнтақ беруге болады. Қатты, әсіресе ингаляциялық уланған кезде, зардап шеккен зақымданған аймақтан шыққаннан кейін тыныштықта қалдырып ауруханаға жатқызу керек.

Иісті газ мүлдем иіссіз болып келеді, иісті газбен улану үрдісін адам мүлдем сезбей де қалуы мүмкін, ал ол жану әрекеті болған жерлердің бәрінде, тіпті духовкада да пайда болуы мүмкін. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% СО болған жағдайда адам бас ауруы мен тұншығуды сезінеді. СО концентрациясының 0,32% дейін көбеюі салдарынан сал болып қалу, есінен тану жағдайларыны әкеліп соқтырады (30 минуттан кейін адам өледі). возникает паралич и потеря сознания (смерть наступает через 30 минут). 1,2% жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде-ақ 3 минуттан кейін өліп кетеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті. Иісті газдың пайда болуының негізгі себептері – жану аймағында оттегінің жеткіліксіз болуы. Мұндай жағдайда ешқандай қаупі жоқ – толық жану өнімі болып табылатын көмір қышқыл газының орнына иісті газх түзіледі.

Иісті газдың адамға әсер ету механизмі, оның адам ағзасына түскеннен кейін қанға еніп, ондағы гемоглобин жасушаларын байланыстырып тастайтындығына негізделеді. Бұл жағдайда гемоглобин өзінің оттегі тасымалдау қызметінен толық айырылады. Адам иісті газбен көп мөлшерде демалған сайын, оның қанындағы гемоглобиндердің жұмысқа жарамдылығы төмендей береді, және адам ағзасы оттегіні аз мөлшерде ғана ала алады. Адам тұншыға бастайды, бас ауруы пайда болады, есінен айрылады. Егер адамды дер кезінде таза ауаға шығармаса, (немесе есінен танып жатқанда таза ауаға алып шықпаса), адамға өлім қаупі туындайды. Иісті газбен улану жағдайында гемоглобин жасушаларының иісті газдан толық тазаланып, өзінің жұмыс қалпына келуі үшін көп уақыт кетеді. Ауа құрамындағы СО концентрациясы неғұрлым жоғарылаған сайын, қандағы өмірге қауіпті карбоксигемоглобин концентрациясы көбейе береді. Мысалы, егер ауадағы иісті газ концентрациясы 0,02-0,03 % құрайтын болса, мұндай ауаны 5-6 сағат бойы жұту кезінде 25-30% карбоксигемоглобин концентрациясы түзіледі, егер ауадағы СО концентрациясы 0,3-0,5 % болса, онда карбоксигемоглобиннің 65-75% деңгейдегі өлімге әкеліп соғатын концентрациясы иісті газ ортасына адам тап болғаннан кейін 20-30 минуттың ішінде-ақ өзінің межесіне жетеді.

Иісті газбен улану белгілері:
-бұлшық ет әлсіздігі пайда болады
-бас айналады
-құлақта шу естіледі
-жүрек айниды
-лоқсу пайда болады
-кей жағдайларда ұйқы келеді, кейде керісінше қысқа мерзімдік қозғалыс, қозғалыстың бұзылуы пайда болады
-адам сандырақтайды
-галлюцинация пайда болады
-естен танады
-діріл, сіңір тартылу байқалады
-кома және тыныс алу орталығының жансыздануынан болған өлім. Жүрек тыныс алу тоқтағаннан кейін шамалы уақыт соғуы мүмкін.
Адамдардың иісті газбен уланғаннан кейін 2-3 апта өткеннен кейін улану нәтжесінде өлуі секілді жағдайлар да кездеседі.
Иісті газбен улануды айырудың шешуші кезеңі мынада, уланған адамда жоғарыда аталған улану белгілерінің бір ғимарат ішіндегі бірнеше адамда көрініс табуы немесе ол жерден кеткеннен кейі адамның жағдайының жақсаруының бамйқалуы болып табылады.

Кең тараған иісті газ көздері – газ және майлы пештер, ағаш пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдер, лақтырылып тасталынған пайдаланылған газдар. Пештердің жарылуы, бітелген түтін жолы, бітелген тұрбалар иісті газдың тұрғын үйдің ішінде пайда болуына әкеліп соғады. Пешке ауаның дұрыс келмеуі үйде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы да иісті газбен улану қаупін арттырады, өйткені олар еркін желдетуге кедергі жасайды.

Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
- иісті газбен уланған жағдайда иісті адамның иісті газбен демалуына жол бермеу қажет
- зардап шегушіні таза ауаға алып шығу керек
-егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып, оның тыныштығы мен таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу, желдеткіш немесе кондиционер қосу)

- егер зардап шегуші есінен танып қалса, жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру әрекетін жасау қажет

- Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл үшін тез әрекет ету қажет және қол орамал немесе марля арқылы тыныс алған жөн.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 265 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.478 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав