Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тым жоғары жиілік (ТЖЖ) адамғаәсері.

Читайте также:
  1. C. жиынтық сұраныс жоғары
  2. IS қисығы графиктегі көлбеуі:Тармақтары жоғары бағытталған
  3. Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалыптастыру жолдарын ұсыныңыз
  4. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
  5. Негіздік қасиеті жоғары зат*(CH3)3N
  6. Радио жиіліктердің электрмагниттік өрісі
  7. Радиожиіліктердің электр магниттік өрісі.
  8. Электр тогымен тітіркендіргенде қозу табалдырығы бірінші етте екі Вольт, екінші етте үш Вольт. Қайсы еттің қозғыштығы жоғары?

Жоғары, ультражоғары және тым жоғары радиожиіліктің электр магниттік өрістері (ЭМӨ) өнеркәсіптің түрлі салаларында кең қолданыс тауып отыр. Радиожиілік тоғын қолдану технологиялық процесстердің жылдамдығын арттыруға, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдануға мүмкіндік берді, материалдарды өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз етті. Мұнаймен, газбен және т.б. жұмыс істейтін балқыту және қыздыру пештерін радиожиілік тоғымен электрлік жылытуға ауыстыру жұмыс орындарындағы ауаның ластануын күрт төмендетті, жұмысшылардың сәулелік жылу энергиясымен сәулелену уақыты мен қарқындылығын азайтты және еңбек жағдайын жақсартты. Екінші жағынан радиожиілік диапазонында ЭМС жүйелі түрде рұқсат етілетін мөлшерден асатын мөлшерлерде адам ағзасына әсер ете отырып, кәсіптік ауруларға себеп болып табылауы мүмкін. Нәтижесінде жүйке, жүрек-тамыр, эндокриндік және адам ағзасының басқа да жүйелерінде өзгерістер болуы мүмкін.

Тоғы бар өткізгіштің айналасында бірмезгілде электр және магниттік өрістер пайда болатыны мәлім. Ауыспалы тоқ кезінде магниттік және электр өрістері байланысты болады және біртұтас электрмагниттік өрісті түзеді. ЭМӨ кеңістікте жарық жылдамдығымен өз бетімен таралу қабілетіне ие.

ЭМӨ табиғи көздері – бұл атмосфералық электр, ғарыштық сәулелер, күннің сәуле шығаруы; жасанды - түрлі генераторлар, трансформаторлар, антенналар, лазерлік қондырғылар, микротолқынды пештер, компьютерлердің мониторлары және т.б. Кәсіпорындардағы ЭМӨ көздері - жоғары вольтты электр тасымалдау желілері (ЭТЖ), өлшеуіш аспаптар, қорғаныс және автоматика құрылғылары, жалғау шиналары және т.б.

Электрмагниттік толқындардың диапазоны 103 нан 1024 Гц дейінгі сәйкес жиіліктермен, ұзындықтармен толқындардан тұрады. Толқын ұзындығының кему шамасына қарай диапазонға радиотолқындар, инфрақызыл сәуле шығару, көрінетін жарық (жарық сәулелері), ультракүлгін сәуле шығару, рентген сәуле шығаруы және гамма-сәулелену қосылады.

ЭМӨ электр өрісінің - Е (В/м) кернеулілігімен және магниттік өрістің - Н (А/м) кернеулілігімен сипатталады. Е және Н шамалары – векторлық, олардың ауытқулары өзара перпендикуляр жазықтықтарда болады. Жоғары жиілікті (ЖЖ), ультражоғары жиілікті (УЖЖ) толқындардың диапазонында толқынның үлкен ұзындықтарына байланысты Е және Н жеке өлшеуге болады. Тым жоғары жиілік (ТЖЖ) диапазонында біртұтас ЭМӨ қалыптасады, оның кернеулілігін сәуле шығару W (Вт/см2) энергиясының ағынының тығыздығы бойынша бағалайды. Индукциялық қыздыру қондырғыларында сәуле шығару көзі индукциялық катушка болып табылады, диэлектрлік қыздыру қондырғыларында – жұмыс конденсаторы. Ауыспалы ЭМӨ металл затты салу кезінде соңғысы, бұл заттан өте отырып, онда аталған өрістің жиілігімен электр қозғалту күшін (ЭҚК) индукциялайтын болады. ЭҚК әсерімен металл затта ауыспалы электр тоғы (құйынды тоқтар) пайда болады, олар негізінен, қыздыра отырып, оның бетімен өтеді.

Бұл жағдайда, тоқ жиілігі жоғары болған сайын, тоқпен қыздырылатын қабат жұқа болады. Металлдың неғұрлым терең қабаттарының қызуы жылу өткізгіштігінің арқасында жүзеге асады. Мұндай тәсілмен диэлектриктерді қыздыру мүмкін емес. Металл емес затты қыздыру үшін оны жоғары жиіліктегі кернеу қосылған екі металл пластиналардың арасына орналастырады. ЭМӨ барлық таралу аумағын, сәуле шығару көзінен бастап, үш аймаққа бөледі: жақын (индукция аймағы), аралық (дифракция аймағы) және алыс (толқындық аймақ). Жақын аймақтың радиусы (R/2) сәуле шығару көзінен шамамен 1/6 толқынды құрайды, ал алыс аймақ шамамен 6 толқын ұзындығына тең қашықтықта басталады (R/2); аралық аймақ олардың арасында орналасады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав