Читайте также:
|
|
Аннотация
«Сәулеттік жобалау 2» пәнінен «Жекеменшік тұрғын үй» тақырыбына курстық жұмыс. Мен,Стықұл Бейімбет қазіргі кезде курстық жұмыс жоспарлау және оны орындау үшін жеке тұрғын үйлерді жобалауға арналған оқулықтармен және сол бойынша істелген кафедрадағы жұмыстармен таныстым. Соларды қазіргі таңда жеке тұрғын үй жобалауға қойылатын өкіметтік, әлеуметтік, демографиялық, санитарлы – гигиеналық талаптарды ескеріп жобалау барысында басшылыққа алатын негізгі принциптер жасалынды. «Жекеменшік үйді жобалау» дың негізгі мақсаты- сәулеттік ғимараттың жаңа түрлерімен таныстыру,тұрғын үйдің жобасын шығаруда,тұрғын өлкенің ауа-райын, этникалық,конструкция- техникалық ерекшіліктерін еске ала отырып тұрғын үйдің жобасын шығару; ішкі көлемді- функционалды және санитарлы- гигиеналық жаңа үйге қойған талаптарды ескере отырып,ыңғайлы зоналарға бөлу және жобалаудың ережелерге сай орындалуы.
Мазмұны
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Қысқартулар мен белгілер
1. Кіріспе....................................................................................................................10
2. Негізгі бөлім...........................................................................................................11
3. Аналитикалық шолу............................................................................................11
3.1 Сілтеме1...............................................................................................................11
3.2 Сілтеме2...............................................................................................................11
3.3 Сілтеме3..............................................................................................................11
4. Шығармашылық ізденіс кезеңі...........................................................................12
5.Көлемді-жоспарлы шешім...................................................................................13
6. Сәулеттік-жоспарлы шешім................................................................................13
7. Конструктивтік шешім........................................................................................14
8. Бас жоспар.............................................................................................................13
9. Қауіпсіздік шаралары...........................................................................................
7.6 Қоршаған орта қауіпсіздігі.................................................................................17
8. Қорытынды бөлім.................................................................................................18
9. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................19
Нормативтік сілтемелер
1. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді жоспарлау және құру» Астана,2002.
2. ҚР ҚНжЕ 3.02-06-2002 «Жилые дома» Алматы,2002.
3. ҚР ҚНжЕ 2.08.89. «Жекеменшік тұрғын үй» 1995.
4. ҚР ҚНЖЕ 3.10.95 «Көгалдандыру».
5. ҚР ҚНжЕ 2.08.05-2002 «Тұрғын үйлер жобалау» 1995.
Анықтама
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізіп, жаңаша ұйымдастыру, қызмет ету бағыттары мен көптеген тұрмыстық мәселелерді туындатты, сонымен қатар тұрғын үй саласы мен шаруашылығы қызметтері де көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының дамуына әкеліп, халықтың тұрмыс тіршілігін нарықтық бағытқа бұрды. Нарық инфрақұрылымының кеңеюі тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасына тікелей әсер етіп қана қоймай, тұрғындардың қолайлы жағдайда тұрмыс кешуіне себепші болады. Сондықтан тұрғын үй нарығын дамыту бағыттарын анықтау және ұтымды ұйымдастыру қоғам үшін аса маңызды. Тұрғын үй ерекше тауар, оның құны мен оған деген сұраныс пен ұсыныс арасында көптеген келеңсіздіктер соңғы кездері жиі кездесуде, мұны мемлекет тарапынан реттеу жағдайларын қарастыру аса маңызды орынға ие болды және Қазақстанда Мемлекеттік Тұрғын Үй бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда. Тұрғын үй нарығын дамытуға мемлекеттік, жергілікті органдар, банктік қаржы ұйымдары, ірі кәсіпорындар және т.б. мекемелер өз үлестерін қосуда, ал олардың қызметінің нарықта ұтымды жүргізілуі экономикалық дамуға оң әсер береді және экономиканың басқа да салаларына өз ықпалын тигізеді.
Тұрғын үй саласын дамыту мемлекеттің саяси маңызды міндеттерінің бірі, бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарында көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында да тұрғындардың баспана жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қарастырылады.
Н.Ә. Назарбаевтың 19 наурыз 2004 ж. Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселесі ең маңыздылардың бірі, 2005ж. жолдауында тұрғын үй құрылысы экономиканың көшбасшысы ретінде болды. Елде бағдарламалардың қабылдануы оң нәтижелер беруде, ал 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын жүргізу және тұрғындарды қол жетімді үйлермен қамтамасыз етуді қарастырады.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 132 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |