Читайте также:
|
|
Жекеменшік тұрғын үйлерге қалалық жерлерде 8-10 соттық (800-1000 м²) жер беріледі. Аудандық жерлерде ауылдық тұрмыс-тіршілікке қарай 15-20 соттық жер беріледі. Үй ауласына кіру үшін транспорт жолдары (ені 2,6м ден кем емес)қарастырылған болуы керек.Тұрғын үй участкесінде дем алу орны,гүл егу орны,жемісті бау,егіс орындары жәнеде мал шаруашылығы үшін құрылыс орындары қарастырылды. Тұрғын үй участкесінде жеке азамат өзінің қажетіне жарататын қосымша құрылыстар (гараж,сарай,монша,жазғы асхана,т.б.) қосуына болады.Менің жасаған жобамда бас жоспарға тұрғын үй,гараж,жазғы асхана,монша,сыртқы әжетхана,қойма орналастырылған. Ал ашық жерлерге газон, бірнеше ағаш түрлері,т.б. көгалдар отырғызылған.
Бір қабатты жеке тұрғын үйдің функционалдық сұлбасы
балалар жатынбөлмесі |
жалпы бөлме |
жатын бөлме |
ванна |
Әжетхана |
асхана |
жатын бөлме |
зал |
холл |
1.жатын бөлме. 2.Асхана 3.Зал. 4. Жатын бөлме. 5. Балалар жатын бөлмесі. 6.Холл. 7.Санузел. 8.Әжетхана.
Техникалық және инструменталдық жабдықтар
Тұрғын үй құрылымы үшін өнеркәсіптік бұйымдар және жергілікті құрылыс материалдарынан пайдалану мүмкін.Қолданылған құрылыс материалдары:
Іргетас үшін – темір бетон,бетон,тас;
Дуал үшін – кірпіш;
Арадуал (перегородок)- кірпіш,гипсты блоктар;
Ара жабын үшін- ағаш,темірбетон белдіктер,темірбетон плиталар;
Төбе шатыр үшін – ағаш,темір,черепица;
Еден үшін –,паркет,,керамикалы плита.
Инженерлік жабдықтау
Тұрғын үйлерде орталықтандырылған инженерлік тораптары арқылы су құбырларын, арна қузырларын өткізу,газ құбырларын өткізу,және электр сым тетіктерін өткізу көзделінеді.Пәтер бөлмелерін жылыту үшін радиаторлар қолданылады.Су құбырларын жүргізу үшін пластмассалы шыдамдығы жоғары материал құбырлар қолданылады.Қазіргі заманға сай арнайы жылыту пештері орнатылады. Ол өте тиімді болып келеді.
Оршаған орта қауіпсіздігі
Менің жасап жатқан жобам қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірмейді. Тұрғын үйдің, ондағы тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін жобама ең тиімді әрі қауіпсіз материалдар мен жабдықтар колдандым. Бас жоспарда көгалдандыруды алға қойдым. Жасыл саясат ұғымын ұстандым.
Орытынды
Тұрғындар үшін жобаланған жекеменшік тұрғын үй жобасы қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының талаптарына сай, қоршаған ортаға әдемі үйлескен.Композициялық орналасуы да ортақ шешімді үйлесімділік сәнін береді. Тиімді аудандық және көп функционалдық шешімімен айрықша жоба деп ойлаймын. Мұндай ерекше жобалар жер бетінде өз орындарын табады деп айтуға тұрарлықтай және жоба амалға асады деп үміттенемін.Алға қойған мақсатымды түгелдей орындадым деп айтуға негіз бар.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 107 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |