Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейбітшілік моделі. Рим клубы

Читайте также:
  1. Вагоны-клубы и вагоны технической пропаганды
  2. Конные клубы Челябинской области и города Челябинска
  3. Поняття моделі. Моделювання як метод дослідження моделей.
  4. Постановка задачі. Побудова математичної моделі. Форми представлення ЗЛП.
  5. Сітьові моделі.
  6. Сукупна пропозиція: поняття та моделі. Нецінові фактори сукупної пропозиції
  7. Транспортні моделі. Визначення оптимального рішення.
  8. Транспортні моделі. Визначення транспортної моделі. Методи розв’язання транспортної задачі.

1968ж Италия экономисі Аурелио Печчидің ұсынысы бойынша халықаралық ғылыми ұйым Рим клубы құрылды.Қазіргі кезде 30 астам елдің жүзге жуық әр түрлі жетекші мамандарын(солардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты да бар)біріктіреді.Клубтың қызметі басты басты көптеген экологиялық проблемалардың стратегиясын жасауға бағытталған:табиғи ресурстардың сарқылуы,азық түлік проблемасы, қоршаған ортаның ластануы.Рим клубының“Өсудің шегі”(1972)атты баяндама дүниежүзілік даңққа бөленді.оның негізгі қоытындысы қазіргі заманғы даму тенденцияның саұталуы адамзатты экологиялық апатқа әкеледі деген тұжырым болды. Одан кейін де бірнеше маңызды баяндамалар жасалды:“Адамзат жолайрықта”(1974),“Халықаралық жөн жосықты қайта қарау”(1976)т.б.Бұларды дайындау кезінде компьютерлік моделдеу әдістері көп қолданылды.олар бірнеше рет заманымызда әлеуметтік экологиялық проблемаларының әлемдік динамикасын зерттеу үшін қолданылды.

Әлемдік моделдеу мысалы ретінде атом соғысының салдарын болжап айтуға болады. Ол б\ша ядролық қару қолданылатын соғыс болғандай жағдайда жер бетінде ұзаққа созылатын әлемдік суыну болды. Ядролық жарылыс пен оның салдарынан болатын өрттер тропосфераны қатты бөлшектермен,күлмен ластайды.Жер беті бірнеше апта бойы,кейде айлап ауаға бөлінген ластағыш заттектер түзген экран тәрізді қабаттың астында қаладыМұндай кезді ядролық түн деп атайды,себеі күн сәулеснің едеуір мқлшерін зиянды бөлшектерден түзілген экран ұстап қалады да, жер бетіндегі температураны төмендетеді. Сонымен қатар түзілген азот оксидтерінің әсерінен планетаның озон қабаты да бұзылады.

45. Экологиялық пирамида – экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас.Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:

1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.

2. Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесе "өнімділікті" анықтайды.

3. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

Сандық пирамида трофикалық (қоректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Мысалы, 1 га шалғындықта I деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; II деңгейде - 700 мың өсімдіктермен қоректенетін насекомдар; III деңгейде - 350 мың жыр-тқыш насекомдар мен өрмекшілер; IV деңгейде:КонсументтерIII КонсументтерII КонсументтерI Продуценттер

Биомасса пирамидасы трофикалық деңгейлері бойынша экожүйедегі барлық организмдердің биомассасының ара салмағын көрсетеді. Жер беті экожүйелерінде I деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттер салмағы көп, ал II деңгейдегі консументтерге қарағанда I деңгейдегі консументтердің салмағы артық және т.с.с. Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Өйткені трофикалық деңгейлердің өсуімен қорлардың биомассасы да артады. Су экожүйелерінің негізгі продуценттері - фитопланктондар. Мұның негізін қүрайтын бір клеткалы балдырлар бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін өмір сүреді. Екінші деңгейдегі организмдермен келесі трофикалық деңгейдегі организмдер ұзағырақ өмір сүреді де, биомассаны да көбірек жинақтайды. Мұндай теріс аударылған пирамида жылдың барлық маусымдарында бола бермейді. Көктемде, планктонның жаппай көбеюі кезінде олардың биомассасы екінші және үшінші трофикалық деңгейдегі организмдердің биомассасынан көп болады.

Энергия пирамидасы - экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы ететін энергия мелшерін көрсететін биомасса пирамидасының бір түрі. Алайда энергия пирамидасы ешқашан "төңкерілген" пирамида күйінде болмайды. Өйткені, келесі трофикалық деңгей езі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана еткізуі мүмкін.




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав