|
Белгілі өз сипаттары бар дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа біріктіреді. Медициналық кластер дегеніміз денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше инновациялық объектілердің бір аумаққа біріктіреді.Кластерлерді құру үшін келесідей жағдайлар қажет:
1. елде және аймақта осыған сәйкес инфроқұрылым
2. аймақтың инновациялық орта қалыптастыру
3. аймақтың биліктің жергілікті деңгейде бәсекелестікті ынталандыру
4. start up сипатындағы мекемелерді қалыптастырғанда жергілікті билікті билік тарапынан кәсіпкерлерге кеңес беру, білікті қызмет көрсету арқылы қолдау және т.б.
Медициналық кластер Медициналық қызметтер кластерін құру республиканың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ететін Қазақстанға халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жаңа деңгейге көтеруге, медицина ғылымы мен білім беруді халықаралық кеңістікке ықпалдастыруға, жаңа тұрпаттағы медицина кадрларын даярлауға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтердің қазіргі заманғы кластерінің міндеттері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне медицина ғылымының жетістіктерін, ауруханалық менеджменттің халықаралық қағидаттары трансфертін, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен стандарттарды енгізу болып табылады.
8.25.Жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, әсер ететін факторлар (Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі, үлгісі)
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
12.1. график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
![]()
АS
Qе Q | Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - Өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - Өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 1. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды. | |||
Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі. |
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.
Р
Р1 АD2
Р2 АD1 АD
Q1Q2ЖҰӨ | Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі. |
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Р АS
Q
| Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: Қысқ амерзімде – АS –көлденең сызық, Ұзақ мерзімде - АS – тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім. |
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
- Нарықтық құрырылымы.
- Өнімділік.
- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 285 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |