Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыс ұғымы, белгілері, түрлері және құрамы

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңмен жазалау қаупімен тиым салынған кінәлі, қоғамдық қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс белгілері: заңға қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық. Қылмыстың түрлері; 1)онша ауыр емес, орташа ауыр, ауыр, аса ауыр қылмыстар.Онша ауыр емес қылмыстар-жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделетін абайсызда жасалған әрекет. 2)Ауырлығы ораташа қылмыстарға жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделетін абайсызда жасалған әрекеттер жатады. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру жазасы он жылдан аспайтын абайсызда жасалған қылмыстар жатады. 3)Ауыр қылмыстарға жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер жатады; 4) Аса ауыр қылмыстарға жасалғаны үшін он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана қылмыстар жатады;

Қылмыстың құрамы дегеніміз - әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы.Қылмыс құрамының элементтері- объектісі, суъбектісі,объективті жағы, субъективті жағы. Қылмыс объектісі- қылмыс бағытталған және қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Қылмыс субъектісі- қылмыс істеген адам.Қылмыс суъбектісі болып тек 16 жасқа толған, ақыл – есі дұрыс адам бола алады. Кейбір ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Қылмыстың объективті жағы қылмыстың сыртқы жағын бейнелейді. Қылмыстың объективті жағына жататын элементтер, қылмыскердің қоғамға қауіпті іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі, сол іс- әрекет немесе әрекетсіздіктен туындаған қоғамға қауіпті нәтиже, іс- әрекет немесе әрекетсіздік және одан туған қоғамға қауіпті нәтиже арасында себепті байланыс, тағы басқа қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын белгілер (қылмыстың жасалу орны, уақыты, құралдары т.б).Қылмыстың субъективті жағына қылмыстың ішкі жағы жатады. Қылмыстың суъбективті жағына адамның істеген қоғамға қауіпті іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне және одан туындайтын қауіпті нәтижеге психикалық қатнасы. Қылмыстың суъбективті жағының элементтері: кінә,ниет (мотив), мақсат. Кінә екі нысанада көрінеді, қасақана және абайсызда жасалған қылмыстар. Қасақана кінәнің өзі тиісінше, тікелей қасақаналық және жанама қасақаналық болып бөлінеді.Тікелей қасақаналық дегеніміз адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуының мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығының алдын ала біліп және осы зардаптардың тікелей тілеп жасауы. Жанама қасақаналық кезінде адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін біліп, оны тікелей қаламаса да оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды. Абайсыздық екіге бөлінеді, менмендік және немқұрайлылық. Егер адам- өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерді жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалды деп танылды. Егер адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуын болжап білмесе, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтылық болғанда ол бұл зардаптарды болжап біле алатын болса, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған болып танылады. Қылмыс ниеті(мотиві)-суъбектінің қылмыс жасау кезінде басшылықа алған ішкі ниеті, қозғаушы күші. Қылмыс мақсаты-субъект қылмыс жасай отырып ұмтылған нәтиже. Қылмысты жасау сатылары: қылмысқа дайындалу, қылмысқа оқталу,аяқталған қылмыс.Қылмысқа дайындалу тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру,әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға келісу немесе қылмыс жасау үшін өзгеде қасақана жағдайлар жасауды айтамыз. Қылмысқа қатысу деп- екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуын айтамыз. Қылмысқа қатысушылардың түрлері: қылмысты орындаушы, ұйымдастырушы айдап салушы,көмектесуші. 1)Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам қылмысты орындаушы деп танылады. 2)Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам, сондай-ақ ұйымасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдыстық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. 3)Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе басқа жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. 4)Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпаратпен, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қаламысты жасауға кедергіледі жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды, қылмыс іздерін немесе қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты сол заттарды сатып алуға немесе өткізіп беруге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав