Читайте также:
|
|
Қазақ тілі мектеп пәндерінің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жазуға, оқуға немесе ауызша сөйлеу тіліне оқыту мерзімі шамамен оқыту жоспарымен 20-50% бөлінеді. Қазақ тілі бағдарламасы келесі бөлімдерді қарастырады: «Сауаттылыққа үйрету», «Ауызша сөйлеу тілін заттармен және айналамен таныстыру негізінде дамыту», «Оқу және тіл дамыту», «Грамматика, емле және тіл дамыту».
Қазақ тіліне оқыту түзетушілік және практикалық бағытта болады және ол оқыту пәнінің мазмұны және құрылымымен анықталады.
Бағдарламаның түзетушілік бағыты ең алдымен баланың сөйлеу тілінің дамуында көрініс табады. өйткені қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты- сөйлеу тілін қарым- қатынас құралы ретінде оқушылардың таным әрекетін түзету және мектеп бітіргеннен кейін бейімделуін жеңілдету мақсатымен қалыптастыру болып табылады.
Оқыту барысында баланың сөйлеу тілінің барлық жақтарын түзету жұмыстары жүргізіледі. Арнайы логопедиялық сабақтарда және қазақ тілі сабақтарында дыбыстауды түзетуді, фонетико- фонематикалық түсініктерін қалыптастырады. Оқытуға алты жыл бойы бағдарлама арнайы «Тіл дыбыстары»деген бөлімді қарастырады. Ол дыбыстық талдау, жинақтау жаттығуларын өткізуді, кейбір фонетикалық ұғымдарымен таныстыруды, дыбыстар мен графикалық белгілерді сәйкестендіруді қарастырады.
Сөз қорының кедейлігі, грамматикалық негіздерді дұрыс қолданбау қазақ тілі сабағы үстінде көрінеді. Оқушылардың әрекеттің барлық түріндегі кемістігін ескере отырып бағдарлама оқытудың барлық кезеңінде дайындық кезеңін ерекшелейді. Бұл кезеңде балаларда өткен материал кемістіктерін түзету және жаңа бөлімдерді меңгеруге дайындау жұмыстары жүреді. Сауаттылыққа үйрету кезеңі әліппеге оқытудан басталады. Ол баланың сеномоторлық деңгейін түзетуге, сөйлеу тілінің күрделі кемістіктерін түзетуге, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға негізделеді. Мұндай жұмыстар жүргізбесе, дұрыс оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес. Жоғары сыныптардағы грамматиканың жүйелі курсының қарапайым кезеңі практикалық грамматикалық жаттығулар орындаудан басталады және осы кезеңде ақыл ойы кемтар оқушыларда фонетика, лексика, морфология, синтаксис негізіндегі тілдік жалпылаулар қалыптасады. Бұл сабақтар арнайы ұйымдастырылған бақылауларға сүйенеді. Осылайша, қалыптасқан тілдік жалпылаулар грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық емелелерді меңгеруде негіз болады.
Көркем шығармаларды түсіндіріп оқу (2-6 сыныптар) егер де ол тақырыпқа нақты сәйкес келсе және ересектер мен балалардың әрекеттерін бейнелеген жағдайда, оқушыларды үлкен көлемдегі шығармаларды, шетел тіліндегі әдебиеттерді (7-9 сынып), шетел жазушылардың шығармаларын оқуға әкеледі.
Зияты зақымдалған тұлғалар күрделі ұғымдарды қиындықпен меңгереді, ал қарапайымдарын оңай меңгереді. Сондықтан да, 1-9 сыныпқа дейінгі материал концентрикалық түрде орналасуы күрделі грамматикалық ұғымдар мен дағдыларды бөлуге және әрқайсысын жеке- жеке қарастыруға мүмкіндік береді.
Берілген материалды баяу түрде қабылдау, білік дағдыны меңгерудегі қиындықтар, әсіресе вербальды деңгейде әр тақырыпқа берілген сабақ санын ұлғайтуды талап етеді. Мысалы, сауаттылыққа үйрету бір жылбойы оқытылады.
Бағдарлама материалының практикалық бағытта болуы да өте маңызды болып табылады. Бұл бағыт ең алдымен ауызша сөйлеу тілін дамытудың арнайы ұйымдастырылған сабақтар мен ерекшеленеді. (1-4 сынып). Алғашқы сабақтардан –ақ бастап оқушылар мұғалімді мұқият тыңдауды, өз бетімен қарым – қатынасқа түсуге құрбыларының сөйлеуіне адекватты түрде жауап қайтаруға дағдыланады. Тек осы ауызша сөйлеу тілін дамыту сабақтарында, сөздік қорын дамыту интенцивті түрде жүреді. Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілін дамыту және байланыстырып жазуға үйрету басқа да сабақтар үстінде жүргізіледі. Оған дәлел ретінде мына бөлімдер беріледі: «Оқу және тіл дамыту,» «Грамматика, сауатты жазу және тіл дамыту».
Зияты зақымдалған баланың сөйлеу тілі қалыпты жағдайдағы баланың тілі секілді тілдің дыбыстық жүйесін эмпирикалық меңгеруінің көрінісі болып табылады. Зияты зақымдалған балалар мектепке келгенде сөйлей алады. Бірақ зиятының зақымдалу себебінен олардың сөйлеу тілі қалыпты жағдайдан артта қалады, осының салдарынан үлкен түзету жұмыстары жүргізіледі. Тілдің ары қарай дамуы тілдің заңдылықтарын меңгеруіне байланысты. Алғашқы оқыту жылдарында тілдік материалды меңгеру, бастауыш меңгеру, жаттығулар орындау барысында меңгеріледі. Жоғарғы сыныптарда қарапайым теориялық жалпылаулар енгізіледі. Осылайша, арнайы мектептегі грамматика курсы лингватеориялық болып табылады. Бұл практикалық граматика, яғни оқушылардың тілдік жүйені меңгеруіне емес, дамытуға және түзетуге бағытталғанын анықтайды. Практикалық грамматиканың негізгі мақсатына сәйкес теориялық мәліметтер бағдарламаға бөлініп алынған. Осылайша, ажыратып алынған тілдік мағұлымат сөз құрамы жайлы және оның қарапайым құрылу түрлері жайлы білім қорын құрады. Оқушылар сөз таптарымен, сөздерді жазу барысында жалғауларын дұрыс анықтаумен танысады. Оқытудың практикалық бағыты сонымен қатар, жоғарғы сыныпта барлық тақырыптарға терминалогиялық сөздік пен теориялық жалпылаулар берілетінімен сипатталады. Кейбір тақырыптарда оқушылар грамматикалық түсіндірме және практикалық жаттығулар негізінде танысады. Мысалы, «Құрмалас сөйлем» тақырыбы. Оқушылар жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге алмастыруды үйренеді.
Зияты зақымдалған балалар көмекші мектепте ғана білім алады. Сондықтан қазақ тілі бағдарламасы оларға қарапайым болса да толығымен аяқталған білім, білік және дағдыны сонымен қатар, жазушылар жайлы мағлұмат беруді көздейді.
Көмекші мектеп бағдарламасы қазақ тілін оқытудың келесі міндеттерін ажыратады:
· Оқушыларға мәтінді дұрыс түсініп, ұғынып оқуды үйрету.
· Граматика жайлы қарапайым материалды меңгеруге байланысты сауатты жазудың дағдыларын қалыптастыру.
Көмекші мектепте қазақ тілін оқытуды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылымен шектеледі, бұл жағдай ақыл ойы кем балалардың психологиялық жағадайына байланысты. Бұл ерекшеліктер білім беру спецификасын, оқыту міндеттерін, материалды саралау және білім беру әдістерін ажыратады.
Бірінші кезеңнің міндеті, балаларды жан- жақты және терең зерттеу, мектеп сабақтарына қатыстыру, сөйлесу тіл кемістіктерін түзету, есту, көру және тірек – қимыл анализаторларын түзету, алғашқы оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, жай сөйлемдерді құрастыру әрекеттерін дамыту. Бірінші сынып оқушылары жұмыс істейтін материал ол әріптер мен дыбыстар, сонымен қатар сөйлем түрлері, шағын әңгімелер. Жұмыс жүргізудің негізгі әдістеріне бұл кезеңде ойын түрлері және жаттығулар жатады. Осы жағдайда дағдыларды қалыптастыруда ойын басты орын алады. Оқушылар буын кестелерін құрып, суреттерді сәйкестендіріп, шыршадан сөз жасалған ойыншықтар алып жарысады. Оқыту ретінде жаттығу дыбыстық талдау жасаған кезде буындап оқу, мысалдарды таңдау кезінде қолданылады. Оқушылардың тез шаршағыштығын және талдау жаттығулардың қиындығын ескере отырып, бұл жаттығулардың арасына ойындарды қосқанды талап етеді. 2-4 сыныптарда оқытудың екінші кезеңі іске асады. Бұл кезеңде мынандай міндеттер шешіледі: ана тіліне деген қызығушылықтарын ояту, алғашқы тілдік жалпылауларды қалыптастыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөз қорын активтендіру, өз ойын ауызша жеткізе алуға үйрету, грамматикалық мағұлыматтар мен орфографиялық емлелерді меңгерту, шығарма, әңгімелерді мәнерлеп және түсініп оқуға дағдыландыру. Бұл кезеңде материалды меңгеруі емлені механикалық түрде жаттауда емес, нақты материалмен жұмыс жасау кезінде іске асады. Негізгі әдіс – оқуда және жазуда түрлі практикалық жаттығуларды қолдану. Ойын – оқытудың басты әдісі болып қала береді. Арнайы сабақтарда оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіле береді. Қоршаған орта туралы түсініктері байды, өз қабылдауларын ауызша жеткізе алуға дағдыланады.
Үшінші кезеңнің (5-9 сыныптар) міндеттері – оқу техникасы ары қарай жетілдіру, жүгіртіп оқу дағдыларын қалыптастыру, оқып отырған материалды саналы түрде түсіну, мазмұндап беру. Жоғарғы сынып оқушылары өз ойларын асықпай сауатты, нақты, жазбаша және ауызша түрде жеткізуге үйренеді. Үшінші кезеңде жұмыстың негізгі әдісі – жаттығулар дегенмен, тапсырмалар қиындай түседі, күрделі материал енгізіледі. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда жаңа материалды бекіту мақсатымен жүреді.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 412 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |