Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция 13. МОНЕТАРНАЯ ПОЛИТИКА

Читайте также:
  1. Lt;variant>политика, технология, общество, структура
  2. V. Товарная политика. Брендинг
  3. Аграрная политика.
  4. Амплитудная селекция
  5. Анатомия и политика (о половых органах правителей).
  6. Антиинфляционная политика
  7. Антиинфляционная политика государства
  8. Антиинфляциооная политика гос-ва. Особенности инфляции в России.
  9. Антикризисная политика в управлении персоналом
  10. Антимонопольная политика государства

21. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).

22. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).

23. 10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

1) қауіпсіздік техника ережесін;

2) ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;

3) программалау тілінің тарихын;

4) жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;

5) программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;

6) құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;

7) объектілі-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндеті мен типтерін;

8) Standard құралындағы объектілердің негізгі қасиеттерін;

9) ақпаратты енгізу және шығару объектілерін;

10) типтерді түрлендіру функцияларын;

11) тышқан және пернетақта оқиғасын;

12) сұхбатпен, мәзірмен, таймермен жұмыс істеу әдістерін;

13) оқыту, бақылау және ойын программаларын өндеу қағидаларын;

14) 3D графигін;

15) 3D объектілерімен жұмыс істеу негіздерін;

16) 3D объектілерінің редакциялау техникасын;

17) анимацияланған қойылымдарды құрудың негізгі кезендерін және оларды іс-жүзінде қолдануын;

18) авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;

19) оқу жобаларына қойылатын талаптарын;

20) ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;

21) «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін;

22) жобаны бағалау және процедураны қорғау.

24. 10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

1) қауіпсіздік техниканы сақтауды;

2) символдық және сандық деректерді өңдеуді жоғары деңгейлі программалау тілдерінің кез келген ортасында программалауды;

3) жобаны сақтауды, терезе арасында ауысуды;

4) объектілер Инспекторында және программада объектілер қасиеттерін өзгертуді;

5) негізгі алгоритмдік құрастырылуды жобада қолдануды;

6) графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды;

7) әдістер мен оқиғаларды жобаларда қолдануды;

8) бірнеше пішіннен, мәзірден, құрал-саймандардан тұратын аяқталған қосымшаны қалыптастыруды;

9) 3D объектілерді құруды;

10) 3D объектілерді құрғанда модификаторларды қолдануды;

11) материалдарды қалыптастыруды және қолдануды;

12) 3D қойылымдарын қалыптастыруды, камералармен және жарықтандырғыштармен жұмыс істеуді;

13) құрылған құрылымдарды визуалдауды;

14) әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды;

15) өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

16) әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;

17) кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

18) рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.

25. 11- сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

1) компьютерлік желілер мен Интернет ресурстарының түрлерін;

2) Интернет технологияларының негізгі ұғымдарын;

3) ақпаратты тарату мен алмастыру хаттамаларының түрлерін;

4) FTP-қолжетушілік пен FTP-хаттама ұғымдарын, негізгі функциялары мен HTTP-дан айырмашылығын;

5) Интернеттегі мекен-жай қағидаларын;

6) ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;

7) web-дизайнның негізгі қағидаларын;

8) web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;

9) HTML – құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;

10) өз сайтын Интернетте жариялауға дайындау ретін;

11) үлкен көлемді ақпараттарды өңдейтін программаларын;

12) сараптама жүйесі ұғымын;

13) жасанды зияткерлік жүйе ұғымын;

14) деректер қорының негізгі ұғымдарын;

15) деректер қорын құруға арналған программалардың мүмкіндіктерін;

16) деректер қорын құру, редакциялау және пішіндеу әдістерін;

17) деректер қорынан ақпаратты іздеу мен таңдап алу тәсілдерін;

19) оқу жобаларына қойылатын талаптарын;

20) ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;

21) үзінді алу көздерінің кітапханалық ережелерін;

22) «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін.

26. 11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

9) қауіпсіздік техниканы сақтауды;

10) Интернеттің негізгі клиенттерін: электрондық пошта, браузер іске қосуды;

11) Интернет-сайттарды қарауда орыс қаріптерін қайта қодтауды;

12) беттің/ сайттың электрондық мекен-жайын беруді және қаралған беттер бойынша ауыса алуды;

13) FTP-клиентін қолдануды және FTP арқылы файлдарды іздеуді;

14) жергілікті желіні баптауды;

15) HTML тілінде қалыптастыру деңгейінде сайттың 3-5-тен кем емес сәйкес элементтерін программалауды;

16) web-беттің ар жағындағы және web-беттегі фонды өзгертуді;

17) web-бетке мәтін қоюды және оны пішімдеуді;

18) web-беттерге арналған графикалық бейне мен анимациялық роликтерді қалыптастыруды және тиімдеуді;

19) web-бетте әртүрлі кестелерді қалыптастыруды;

20) web-бетке мультимедиа элементтерін қоюды;

21) гиперсілтемені баптауды;

22) өз сайтын даярлауды және оны Интернетте жариялауды;

23) офистік программа ортасында ақпараттың алуан түрлерін өңдеуді;

24) іздеу жүйелерімен жұмыс істеуді;

25) деректер қорын арнайы программаларда құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды, баспалауды;

26) ақпаратқа түзету жасауды, ақпаратты шаблон бойынша іздеуді, ақпаратты деректер қорында сұрыптауды;

27) деректер қорлары бойынша есеп берулерді қалыптастыруды;

28) деректер қорларына сұраныстарды көркемдеуді;

29) деректер қорлары арасында байланыс орнатуды;

30) өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

31) әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;

32) кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

33) рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.

27. Жеке тұлғалық нәтижелер соңында оқушылар көрсетуі тиіс:

1) алынған ақпаратты талдау және оларды сын көзбен бағалаудың алғашқы дағдыларын;

2) қазіргі заманауи программалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білуді;

3) оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділікті;

4) оқу және тәжірибелік іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілікті және ақпараттық мәдениетті;

5) салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемдікті және даярлықты;

6) үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттілікті;

7) компьютерлік және тұрмыстық техникаға ұқыпты қарауды;

8) жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.

28. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер соңында оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:

1) ақпараттық жобаларды, объектілер модельдерін, оның ішінде оқу жұмыстары нәтижелерін көркемдеуді құруды;

2) объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3-D бейне түрінде құруды;

3) жоғары деңгейдегі программалау ортасын қолданып жобаларды қалыптастыруды;

4) объектілер мен үдерістердің дайын модельдерін қолданып компьютерлік тәжірибелер жүргізуді;

5) өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;

6) іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеуді;

7) оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдануды;

8) ақпаратты сілтеме жүйелері бар мультимедиа объектілері түрінде беру (мысалы, желіде орналастыру үшін);

9) жеке өз деректер қорын, цифрлық мұрағаттарын, медиаханасын құруды.

 

 

Лекция 13. МОНЕТАРНАЯ ПОЛИТИКА




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.234 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав