Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Как и в обычной алгебре, для введенных логических операций имеются многочисленные полезные тождества. Приведем основные из них.

Читайте также:
  1. I. Основные задачи и направления работы библиотеки
  2. I. Основные парадигмы классической социологической теории.
  3. I. ОСНОВНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ УЧЕБНОЙ ПРАКТИКИ
  4. I. ОСНОВНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ. РУКОВОДСТВО ПОДГОТОВКОЙ И НАПИСАНИЕМ КУРСОВОЙ РАБОТЫ
  5. I. Основные свойства живого. Биология клетки (цитология).
  6. I. Основные цели
  7. I. Решение логических задач средствами алгебры логики
  8. II. Общество как социальная система, её основные системные признаки
  9. II. Основные количественные и качественные признаки преступности
  10. II. ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ

Объектің айналасындағы салулардың өзгешілігін де еске алу керек. Солай берілген объекттің жаңында қауіпті кәсіпорындардың, соның ішінде химиялық объектте пайда болған төтенше жағдайлардың салдарларын елеулі дәрежеде күшейтуі мүмкін.

Техникалық процестердің спецификациясың зерттей білу, құрал жабдықтардың жарылу мүмкіндігін (мысалы, қысым астындағы жұмыс істейтін ыдыстар) өртер пайда болатын негізгі себептерін, процесте пайдаланатын қатты әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың мөлшерін бағалау керек. Сонымен қаттар төтенше жағдайдағы өндірісті тоқтатудың жылдам және апатсыз тәсілін жетілдіру керек.

Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғартудың жолдары. Әртүрлі төтенше жағдайларында электрлік құрылыстар және желістер әртүрлі бұзуларды және қиратуларды алып келуі мүмкін. Олардың нағыз осалдау бөлімдері жерлік құрылыстар (электрлі станциялары, қосалқы станциялары, трансформаторлық станциялар), сонымен қатар электр берілістердің ауа желістері болып табылады. Қазіргі заманғы ірі энергиялық жүйелерде жүйенің жұмыс қабілеттілігін толығымен сақтап отырып, бұзылған электр кездерін ләзде сөндіруге қабілеттілігі бар әртүрлі автоматты құралдар қолданылады. Электр энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын жоғарлату үшін ең біріншіден электр берілістердің ауа желістерін кабелді (жер астындағы) желістерге ауыстыру түтынушылардың қамтамасыз үшін резервтік желістерді қолдану, объектілердің суырмалы электр генераторлар, электр қозғаланатын автономды резервтік кездерін алдын ала ескерту керек.

 

14-тақырып. Төтенше жағдайлар салдарын жою.

Дәрістің жоспары:

1. Төтенше жағдайға байланысты ұғымдар.

2. Төтенше жағдайлардың топтастырылуы

3.Табиғи апаттың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Төтенше жағдай салдары қандай?

2.Табиғи апат дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.

2. «Қ Р төтенше жағдайлар саласындағы заңдары» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ

3. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.

4. С. Арпабаев «Өмір тірішілік қауіпсіздігі» Алматы 2004ж.

5. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000ж.

6. Шубин Г.П. «Гражданская оборона» Москва. 1996г.

7. В.Г. Атаманюк. «Гражданская оборона» М. 1987г.

 

1.Адамның тіршілік ортасының факторларының әрқайсысы адамның өзіне немесе адам әрекеті, керісінше, ортаға жағымсыз әсер етеді. Ондай жағымсыз әсерлерді табиғи апат, өндірістік авария, катастрофа ұғымдарымен айқындаймыз. Дегенмен ортақ сипаттарына байланысты айтылған ұғымдарды «төтенше жағдай» деп бір сөзбен айтуға болады.

Табиғи апат – кенеттен болған табиғат оқиғасы. Соның салдарынан халықтың қалыпты тіршілік етуі бұзылып, адам, мал және басқа да бағалы заттардың шығынына әкеліп соғатын төтенше жағдай.

Авария – құрал-жабдықтардың, құрылыстың, технологиялық процестің, машина мен механизмдердің істен шығуы. Оның салдары өртке, ауаның, жердің улануында, ластануына, суға батуына т.б. тіршілікке қауіпті жағдайларға әкеліп соғады.

Катастрофа (зұлмат) – көп адамдардың тіршілігіне нұқсан келтіретін, адам шығынына немесе денсаулығына зиян келтіретін, экономиялық және экологиялық шығынға соқтыратын, адамдардың қолымен істілген немесе табиғат апатының, қоғамдағы апаттың салдарынан болған оқиға.

Әр катастрофаның өзіне тән ерекше әсері болады және белгілі бір ортаны бүлдіреді.

Төтенше жағдай – табиғи апаттық, катастрофаның нәтижесінде адам өмірін қиып, немесе денсаулығына нұқсан келтіретін, шаруашылық бөлімдерге, қоршаған ортаға зиян келтіретін, адамдардың қалыпты тіршілігін бұзатын, белгілі бір аумақта болған оқиға.

2.Төтенше жағдайлар үш негізгі сипатына байланысты топтастырылады:

1) Пайда болу (туындау) көзіне байланысты.

2) Қай салаға жататынына байланысты

3) Тарау аймағына (масштабына) байланысты (ТЖ салдары мен оны жоюға жұмылдырылған күш пен материалдық жабдықтар мөлшері)

Бірінші, негізгі сипатына байланысты – яғни туындау көзіне байланысты – төтенше жағдайлар: табиғи, техногенді, қоғамдағы қарама-қайшылық деп топтастырылады.

Екінші негізгі сипаты - қай салаға жататынына байланысты – төтенше жағдайлардың топтастырылуы:

- құрылыстағы төтенше жағдайлар

- өнеркәсіптік төтенше жағдайлар

- көліктегі төтенше жағдайлар

- тұрғын үй саласындағы, коммуналды-тұрмыстық төтенше жағдайлар

- ауылшаруашылығындағы төтенше жағдайлар

- орман шаруашылығындағы

- тасымалдау саласындағы (газ, мұнай құбырлары)

Үшінші негізгі сипаты, масштабына байланысты және салдарын жоюға жұмылдырылған күш пен жабдыққа байланысты ТЖ-дың топтастырылуы:

- бөлімшелік (объект, құрылғы, цех), салдарын жоюға тек сол бөлімше күштері жұмылдырылады;

- жергілікті (қала, аудан, облыс);

- аймақтың (бірнеше облыс, аймақ көлеміндегі);

- ұлттық (Қазақстан Республикасы аймағы)

- жаһандық немесе трансшекаралық (ҚР аумағымен көршелес елдер аумағы)

Табиғи апаттардың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңында табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін төмендегідей шаралар белгіленген:

- жағдайды бақылау, ғылыми зерттеу;

- төтенше жағдайға әкеліп соғатын авария, катастрофа, апаттарды болжау және апат мүмкіндігі жөнінде хабарлау;

- мамандарды, халықты ТЖ жөнінде білім алуға бейімдеу;

- төтенше жағдайлардан қорғану шараларын жүргізу.

Айтылған заңда табиғи және техногенді апаттардың қауіпін азайту, шығынын, залалын азайту үшін жасалатын қорғану шаралады айқындалған:

- құрылысты сейсмикалық қауіпке байланысты жүргізу, ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру;

- гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғау шараларын іске асыру;

- транспорттық ТЖ алдын-алу үшін, транспорт қауіпсіздігін сақтау үшін коммуникация жүйелерін жетілдіру;

- радиоактивті, химиялық және басқа қауіпті объектілердегі қорғау шараларын уақытымен жүргізіп отыру;

- өрт жарылыс, эпидемия, эпизотия, ауылшаруашылық және орман өсімдіктері зиянкестері мен ауруларына қарсы шараларды жүргізу;

- басқа да өқілетті бақылау органдарының заңдарына байланысты міндетті шараларды іске асыру.

 

15- тақырып. Техносфераның негативтік факторлары

Дәрістің жоспары:

1. Негативтік факторлар

2. Тұрмыс ортаның негативтік факторлар

3. Адам организмына және мекендеу ортасына негативтік факторлардың әсері

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Магнит, дауыл дегеніміз не?

2. Ағзаға әсер ететін факторлар.

Әдебиеттер:

1. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.

2. «Қ Р төтенше жағдайлар саласындағы заңдары» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ

3. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.

4. С. Арпабаев «Өмір тірішілік қауіпсіздігі» Алматы 2004ж.

5. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000ж.

6. Шубин Г.П. «Гражданская оборона» Москва. 1996г.

7. В.Г. Атаманюк. «Гражданская оборона» М. 1987г.

 

20 ғасыр орта шеңінде, күннің белсенділігінен бір қатар құбылыстар органикалық жиһанның тәуелді екендігін дәлелдейтін айғақтар жиналды. Осының салдарынан өсімдіктердің өсіп, өнуіне, жануарлардың көбеюі мен балықтардың уылдырық шашуына және адамзаттың жұқпалы ауру тарату мәселесі кеңейе түседі.

Жер бетіндегі тіршілікке күннің радиациясы қатты әсер етеді. Күннің айналуынан белсенді облыстары біресе пайда болып, біресе жоқ болып кетуінен жерортасында магниттік дауылдарды тудырады. Осы кезеңдерге жер бетіндегі магниттік дауылдардың басым көптілігі тәуелді. Ең максималды дауылдардың саны наурыз-сәуір және қыркүцек-қазан айларында байқалады. Магнит деп уақытында жүрек тамыры және жүйке психикасының аурулары қозады, көліктердің апаты 30 пайызға және эпидемияның өсуі көбейеді. Магниттік өрістің өзгеріп отыруынан, сымдар жүйесінде қосымша тоқ көзі пайда болады. М-д кезінде артылған тоқтар энергожүйесі мен кабельді линиялардағы көрсеткішті деңгейінен жоғарлағанын көрсетеді.

Ауа райының өзгеруі атмосферадағы қысымның, температураның және ылғалдықтың өзгеруімен қоса жүреді. Климаттың қалыптасуында желдер басты рөл атқарады. Атмосферадағы ауа қабатының біріне-бірі қосыла келген құйынды мінезді жел тудырады. ҚР Казгидромет халықты алдын ала хабарлап отыратын кездері:

Дауыл (жылдамдығы 32 м/с), теңіз дауылы (қатты жел, теңіздегі толқындардың жылдамдығы 20 с/м асса), боран (жылдам, әрі тез, қысқа уақытты желдің қатаюы 20-30 м/с дейін), қатты жел (14 м/с жоғары), құйын (желдің айналу жылдамдығы 100 м/с), қара құйын (қатты құйын диаметрі 1000 м., жылдамдығы 100 м/с-тан жоғары), жаңбырдың ұзақтығы (үзбей, күнсайын), қатты қар бораны (жауын-шашын мөлшері 20 мм.), қатты дауыл (ұзақтығы 12 сағаттан жоғары, желдің жылдамдығы 15 м/с. жоғары), қатты мұзтайғақ (мұздың қабаты 20 мм. жоғары), бұршақ нөсер, найзағай, үсік (0, оң тәулік температурады), ауа температурасының күрт жоғарлауы мен төмендеуі (ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10 С өзгерсе), тұман (көріністің нашарлауы 100м. 12 сағат ішінде), шаң-құрғақшылық, ыстық жел (ауа температурасы 25 С, ылғалдылық 30% төмен болса).

Метеорологиялык жағдайлардын адам ағзасына әсер етуі. Организмдітермиялык реттеу. Химиялық заттардың улылығы. Метеорологиялык жағдайларды және оларды өндірісте қамтамасыз ету бойынша шараларды нормалау. Метеорологиялық жағдайлардың. параметр-лерін анықтау. Өндірістік жайларды желдету мен жылытудың жалпы принциптері

2.Тұрмыстық ортаның факторлары мен элементтерінің жиынтығы, адамға тұрмыста көп әсер етеді. Қазіргі заман тұрғын жайы экологиялық деп әлі келе қойған жоқ.: құрылыс құралдарымен қоса, жиһаздардың құрамындағы химиялық және физикалық факторлары ағзаға зиянын келтіреді; пәтердегі ауа алмастыру жүйесі қазіргі талаптарға жауап бермейді, даңғыл тәртібі және микроклиматты бұзады; қоқыстарды тиімді жолдармен жою мәселесі әлі шешілмеді, ғимараттағы ауаның ластану,ауладағымен салыстырғанда 100 есе кем. Ең көп мөлшерде ауаны ластайтын формалдегид – түссіз газ, ол синтетикалық материалдың құрамына кіреді. Оған қоса синтетикалық материалдар винилхлорид, күкірт сутегі, аммиак, ацетон және басқа қосындыларды түзеді. Осының бәрі көздің, дем алу мүшелерінің, бас ауруы мен жүрек айнуына әкеледі.

Өрт қауіпін және жарылғышты заттармен абай болу керек. Олар: еріткіштер, ацетон, бензин, жәндіктерден қорғайтын улы химикаттар, жуып тазалайтын синтетикалық сұйықтықтар, ауа арқылы бумен таралып, ағзаға енуі мүмкін. Газбен жұмыс істейтін құралдардан газдың кеміп қалуынан, және азық-түліктің күйіп қалуынан сақтану керек. Адамға электр өрісі әсер етеді. Теледидардың алдында көп отырғандықтан сәулелену мөлшерін алуға болады.

Шылым шегу денсаулыққа зиянды. АҚШ-та жыл сайын темекі шегуден адамзаттың өлімі 500-5000-ға дейін барады деп есептеледі.

3.Ағзаға әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді, зиянды және қауіпті.

Зиянды – белгілі жағдайларда ауруға әкеп соқтырады. Ал, қауіптілері – белгілі бір жағдайда травмалық зиян келтіреді.

Зиянды және қаіптілер өзара екі топқа бөлінеді. Олар:

- физикалық – барлық қозғалатын, кесілетін, құлайтын, температураның көтерілуі мен төмендеуі, барометриялық қысым; газдану, шудың деңгейі, вибрация, ультродыбыс, инфродыбыс, иондық, электромагниттік сәулелену, ультрофиолет пен ультроқызыл радиация; жарықтың, сәулеліктің пульсациясы, жарықтың жеткіліксіз болуы, жарық кереғарының төмен болуы.

- Химиялық – зиянды заттар, технологияда қолданылатын улы заттар, улы химикаттар; емдік дәрілер.

Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері, қоршаған ортаны биологиялық ластау.

Психофизикалық - өндірістік факторлар ойды қатты зорықтыру, еңбектің біркелкілігі, эмоцианалды зорығу.

1. Зиянды заттарды жалпылама мінездемесі

Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:

- табиғи;

- антропогендік – қоршаған ортаға адамның іс-әрекеті арқылы енеді.

Улы заттар кез келген сұйықтықты көп мөлшерде етіп түзе алады. Уларға әдеттегі жағдайларда және су мөлшерде түзілетін сұйықтықтар жатады.

Зиянды заттардың көп түрлілігіне қарамастан, олардыңтуғызатын сырқаттардың потологиялық процесстері ұқсас келеді.

Адамның ағзасына әсер ететін зиянды заттар:

- жалпы уландыратын – ағзаны уландыратын немесе жеке жүйелерді зақымдайтындар, сонымен қатар бүйрек пен бауырдың потологиясын өзгертеді (көміртек оксиді, қорғасын т.б.)

- тітіркенгіштік – демалу органдарының көздің, өкпенің, тері бездерінің тітіркенуі (хлор, аммиак, азот, оксид т.б.)

- сезімталдық – аллерген тәрізді қызмет атқарады.

- мутагендер – генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі, тұқымқуалаушылықтың мәліметтерін өзгертеді.

- канцкрогендік - жаңадан қалыптасқан зияндыларды тудырады (хром, никель, асбест, хош иісті көміртектер)

Мутагендік, канцерогендік заттар репродукцияның міндетке әсер ететіндер алшақтанған химиялық қосындылармен адам ағзасына әсерін тигізеді.

Ағзаға әсері жылдар немесе 10 жылдардан кейін тигізуі мүмкін. Түрлі әсерлері ұрпаққа да әсерін тигізуі мүмкін.

2. Зиянды заттардың ағзаға түсу жолдары

- Дем алғанда өкпе арқылы. Бұл ең қауіпті жолдардың бірі, яғни зиянды заттар жан-жаққа таралатын жасуша ұлпасы арқылы қанға еніп, бүкіл ағзаға таралады.

- Асқазанға тамақ пен ссу арқылы кіреді. Улы заттардың ағзаға енуі гигиеналық ережелерді сақтамағандықтан болады, шылым шегу, кір қолмен ас ішу т.б. мысал үшін, қорғасын – жұмсақ металл, оңай жуылады, ас қабылдау мен шылым шеккенде ағзаға енеді. Ас қорыту мүшелерінде оның құрамы ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Химиялық заттардың көбі, бүйрекке енген кезде, аз уақыт ішінде сақталып, заралсызданады. Зақымданбаған тері арқылы. Химиялық заттардың тері арқылы ағзаға таралуы оның суда ергіштігіне байланысты.

3. Зиянды заттардың әрекеттері

Биологиялық тұрғыдан басқа, кейбір заттар адамға фиброгендік әсер етеді. Бұл заттар өкпеге жеткен кезде, пневмокониоз ауруын туғызады.

Зиянды заттармен түйісу арқылы ағзаға еніп, уландырады:

- жалпы улану, удың қанға ену арқылы болады;

- нақтылы – белгілі бір жерде жасушалардың зақымдалуы;

уланудың жүру жолдары:

- ушықтырылған күйде – апаттар мен қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан;

- созылмалы – аз мөлшерде пайда болып, бірте-бірте ағзада жиналады;

- асқындырылған - ушықтырылған күйде, өте баяу және созылмалы.

Бір удың қайталанған әсерінде байқалғандар:

- сезімталдық – сұйықтықпен араласқанда үлкен әсерін тигізеді де, аллергиялық реакция жүреді;

- үйреншіктік – зиянды заттың ағзаға қайта енгендігінен әсері әлсіз болады.

4. Адам ағзасындағы уларды залалсыздандыру

Біріншіден - удың химиялық құрылымы өзгеріп, ағзада бар, химиялық элементтерімен байланысқа түскенде құрылымы өзгереді.

Екіншіден – сақтауға беру, бұл уақытша қандағы удың айналымын тоқтату.

Үшіншіден –уларды ағзадан шығару. Уларды шығару әдетте демалу мүшелері, ас қорыту мшелері, бауыр, тері, темір арқылы іске асырылады.

Улы заттар ағзаға тигізетін зияндарын 4 топқа бөлуге болады:

1.өте қауіпті; 2.қауіпті; 3.аса қауіпті емес;

4.қауіптілігі өте аз; 5. қатты әсер беретін улы заттар

Осы топқа хлор, аммиак, күкіртті ангедрид, күкірт көміртегі, көміртегі окисі, синильді қышқыл, сынап т.б. жатады. Бұлар апат кезінде атмосфераға жайылып, адамдардың өліміне себеп болады. Осы топтағы зиянды заттарды өндіріп шығаратындар:

Химикалық салалар, мұнай өндіруші, қағаз өндірісі, ас өндіруші сала, су құбырлары болып келеді. Қатты әсер беретін улы заттар улы заттардың уыттығынкөрсететін көрсеткштер:

– алғашқы концентрация – миниралды концентрация жеңіліссіз белгілі бір уақыт қана дөс бермей тұра алады,

– тасымалдаушылықтың шегі – миниралды концентрациядағы қатты әсер беретін улы заттар демалу орталығының тоқтауына байланысты адам тез арада өліп кетуі мүмкін. Мысалы: хлор үшін тез арадағы өлім концентрациясы 5-10 мг\л. Болса ол аммиак 50-500 мг\л болса, жеткілікті.

Как и в обычной алгебре, для введенных логических операций имеются многочисленные полезные тождества. Приведем основные из них.


Важнейшие логические тождества

 

1. .

2. – первое правило де Моргана.

3. – второе правило де Моргана.

4. .

5. .

6. .

7. и наоборот.

8. .

9. (X Ú Y)Z=XZ Ú YZ.

10. X Ú Х=X, X×Х=X.

11. .

12. X Ú 1= 1, X×1=X.

13. X Ú 0= X, X×0=0.

14. X+X=0.

15. .

16.

17. X Ú XY=X – закон поглощения




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 136 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.02 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав