Читайте также:
|
|
Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.
(1-сурет).
1-сурет. Макроэкономикалық көрсеткіштер.
Осы көрсеткіштер бірігіп, экономиканың дамуын жалпылама көрсететін ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ — түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептердің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданылып келеді. 70-жылдың аяғында ұлттық есеп жүйесі әлемнің 100-ден астам елінде жасалынды. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың және т. б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды және т.б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Көптеген экономистердің пікірлері бойынша экономиканың ахуалын сипаттауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштер ЖІӨ және ЖҰӨ.
Мысалы, Қазақстанда қызмет жасайтын британиялық мұнай компаниясының жыл ішінде өндірген өнімінің құны ҚР-ның ЖІӨ-нің, Ұлыбританияның ЖҰӨ-нің бір бөлігін құрайды. Оқушыға түсінікті болу үшін тағы бір мысал келтірейік, айталық, егер Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивиденд алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды.
ЖІӨ-ді есептеуде негізінен бірнеше әдістер қолданылады. (2-сурет).
2-сурет. ЖІӨ-ді есептеу әдістері.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 193 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |