Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС (ҒТП) - ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Читайте также:
  1. JavaScript тілдерінде программалау негізі.
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Lt;variant> сдельно-прогрессивная оплата
  4. Абылдау және оның физиологиялық негізі
  5. Вопрос 30. Формы движения материи. Движение и развитие. Прогресс и регресс.
  6. Глобальные кризисы и проблема ценности научно-технического прогресса
  7. ДӘРІС. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
  8. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  9. Дәріс №4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  10. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде

Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық прогресс шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып, қоғамның басты өндіргіш күші — адамның өндіріс процесіндегі рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критериі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін төмендегіше бөлуге болады:

1. Қол еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюі, адам еңбек процесінің материалдық негізі, ал еңбек құралдары оның жұмыс органдарына қуат беріп отырады.

2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.

3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам "өндіріс қатарында" шығармашылық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.

Технологиялық өндіріс әдісінің ерекше сипаты мыналар:

- өндіріске түбегейлі жаңа технологияны енгізеді;

- өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін көтереді;

- ақпараттық саланың рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды-есептеу техникаларының өндірісі мен оны бағдарламамен қамтамасыз етуді арттырады, сол сияқты ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды;

- қоғамдық өндірісте адамның рөлі мен маңызының өзгертеді;

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы "қайта индустрияландыру", ал ол бүкіл қоғамдық өндірісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: жаңа ресурстар мен энергияны үнемдеу мен экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде өндірісті түбегейлі қайта құруды, өндірілетін өнімдер мен өндірістің техника-экономикалык параметрінің сапасын жақсартуды, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамытуды және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеруді, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустрияландыруды.

Алға қойылған міндеттерді тәжірибелік тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатына тәуелді. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатының негiзгi бағыттарын атап өтуге болады:

- мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

- инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;

- инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

- инновациялық сала үшiн мамандар даярлау және қайта даярлау;

- өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру және т.б.

Өндірістің маңызды сипаты- бұл тиімділік. Өндірістің тиімділігі көбінесе өндірістің технологияны таңдауына тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әсерлесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер ету тәсілдерін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігінің артуы ресурстың шектеулі кезіндегі экономикалық прогресін сипаттайды. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғаушысы болып табылады. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын да қосады. Техникалық прогресс деп соңғы өнім шығару үшін ресурстардың тиімді жаңа комбинациясын жасайтын жаңа білімдерді ашу түсініледі.

Техникалық прогреспен қатар өндіріс құрылымының тиімділік деңгейі көптеген факторларға тәуелді: өндірістің монополиялану деңгейі мен еңбектің қоғамдық белгісінің дамуына, ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне енуіне, кәсіпорынның ҒТП жетістіктерін қабылдауына, мемелекеттің саясатының құрылымына және т.б.

Кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға ҒТП үлкен әсер етеді. Бұл күрделі процесс тек бір ғана көрсеткішпен емес, бірқатар көрсеткіштер жиынымен сипатталады. Келесі көрсеткіштермен шектелейiк:

- еңбектің техникамен қарулануы (негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің құнының өндірістің персоналдық жұмысшылар санына қатынасы), яғни ҒТП-ң маңызды көрсеткішінің бірі. Жоғарғы техника негізінде өндірістің өсуі мен жетілдірілуі кәсiпорынның тиімді жұмыс істеуінің, оның рентабельділігін жоғарылатудың объективті алғы шарты болып табылады;

- өнімнің қор сыйымдылық көрсеткіші, ол бір бірлік өнімге қанша негізгі капитал мөлшері жұмсалғандығын көрсетеді: .

- қор қайтарымдылығы бір бірлік негізгі капитал құнына қанша өнім өндірілетіндігін көрсетеді: . Бұл көрсеткішті қолдану өндірістің рентабельділігіне жаңа техниканың, технологияның, өндіріс интенсификациясы мен ұйымдастырудың әдістері мен нысандарының әсерін бағалауға мүмкіндік береді;

- мамандандыру- өндірісті ұйымдастырудың маңызды нысандарының бірі болып табылады. Ол өнім түрлерін жасаудың жалпылығын көрсетеді, тиімділігі жоғарғы құрал-жабдықтарды қолдануға, өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдiстерiн енгiзуге және автоматтандыруға әкеледі. Нәтижесінде өндіріс тиімділігі жоғарылайды және рентабенділігі өседі.

Жоғарыда көрсетілген бірнеше көрсеткіштерді өнеркәсіптің барлық салалары үшін әмбебап деп айтуға болмайды. Бірқатар жағдайларда олар толықтырылуы да мүмкін, яғни еңбек өнімділігі мен өнім сапасы көрсеткіштерімен. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы тірі еңбектің үнемділігін ғана емес, заттанған еңбектің де үнемділігін сипаттайды.

Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, қоғамның бүкіл әлеуметтік-шаруашылық жүйесінің күрделенуіне, жаңа салалардың пайда болуына және ескі салалардың рөлінің өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуына әкеледі.

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Ғылыми-техникалық прогресті қалай түсінесіз?

2. Ғылыми-техникалық революция дегеніміз не?

3. ҒТП пен ҒТР-ның бір-бірінен өзгешеліктері қандай?

4. Технологиялық өндіріс әдісінің сипатына не жатады?

5. Технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін қалай бөлуге болады?

6. ҒТП-ң өндіріске әсері қандай көрсеткіштермен анықталады?

7. Қоғамдық еңбек бөлінісінің шаруашылықты жаңартуға ықпалы қаншалықты?

 

Тест тапсырмалары:

1. Технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдері:

A) қол еңбегіне негізделген өндіріс

B) еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі

C) автоматтандырылған өндіріс

D) мануфактураның пайда болуымен байланысты өндіріс

E) А,В,С жауаптары дұрыс

2. Технологиялық өндіріс әдісі- бұл:

A) қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті технологиялар, ақпараттар жиынтығы.

B) ұлттық шаруашылықты жүргізу құралдарының жиынтығы

C) макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтығы

D) макроэкономикалық құралдар мен әдістер жиынтығы

E) жауаптардың барлығы дұрыс

3. Ғылыми-техникалық прогрестің екі нысаны бар, олар:

A) эволюциялық және революциялық

B) институционалдық және эволюциялық

C) инновациялық және революциялық

D) институционалдық және инновациялық

E) технологиялық және ғаламдық

4.Технологиялық өндіріс әдісінің негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз:

A) өндіріске жаңа технологияны енгізу

B) өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін көтеру

C) ақпараттық саланың маңызының өсуі

D) қоғамдық өндірісте адамның рөлі мен маңызының өзгеруі

E) жауаптардың барлығы дұрыс

5. Кәсіпорын қызметін жақсартуға әсер етуші көрсеткіштер:

A) ҒТП

B) еңбектің техникамен қарулануы

C) өнімнің қор сыйымдылық көрсеткіші

D) қор қайтарымдылығы

E) жауаптардың барлығы дұрыс

6. Технологияны жетілдіру өзгертеді:

А) сұраныс қисығын жоғары және оңға

В) сұраныс қисығын төмен және оңға

С) ұсыныс қисығы төмен және оңға

Д) ұсыныс қисығы жоғары және солға

Е) сұраныс қисығы жоғары және солға

 

СӨЖ үлгі тақырыптары:

1. Қазіргі ұлттық экономиканы қайта құрылымдауда ғылыми-техникалық прогрестің маңызы.

2. ҒТП-ң кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы әсері.

3. Ұлттық шаруашылықты қайта ұйымдастыру әдістер мен нысандары.

4. Мамандандыру өндірісті ұйымдастырудың маңызды нысаны ретінде.

5. Инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерi.

6. ҚР инновациялық инвестициялар.

7. ҚР инновациялық сала үшiн мамандар даярлау және қайта даярлау.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 98 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав