Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. 1. Айырбас –бұл материалдық игіліктердің және қызметтердің бір субъектіден екіншісіне өтудегі қозғалыс

Читайте также:
  1. II. Поработать с лекционным материалом по теме занятия, выучить глоссарий.
  2. Выучить глоссарий по теме занятия.
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ
  8. Глоссарий
  9. Глоссарий
  10. ГЛОССАРИЙ

1. Айырбас – бұл материалдық игіліктердің және қызметтердің бір субъектіден екіншісіне өтудегі қозғалыс процесі және де заттардың қоғамдық айырбасын білдіретін өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдық байланысының нысаны.

2. Адам факторының даму заңдылықтары- бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, жұмысшылардың кәсіптік білімінің өсуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адамның интеллектуалдық дамуы, адам капиталының қалыптасуы және т.б.

3. Бірлескен жұмыс күші- тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі.

4. Бөлу – бұл өндірілген өнімнің өндірісіне қатынасқан шаруашылық субъектілерінің тиісті үлестерін анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі.

5. Жұмыс күші – адамның дене еңбегі және рухани күштерінің, оның еңбекке деген қабілетінің жиынтығы.

6. Капитал- өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, құралдардан, көлік, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

7. Кәсіпкер- өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай-ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын адам немесе адамдар тобы.

8. Өндіріс факторларының шекті өнімі – бұл қосымша бірлікті қолданған кезде болатын дайын өнімнің өсімшесі.

9. Өндіру – бұл адамның өмір сүруі және жетілуі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі.

10. Өндірістік функция - өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен өндірілген максималды өнім арасындағы өзара байланысты сипаттайтын техникалық ара қатынас.

11. Тұтыну – бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіріс нәтижелерін пайдалану процесі.

12. Табиғи ресурстар– бұл тауарлар мен игі қызметтерді жасау кезіндегі пайдаланылатын табиғи игіліктер.

13. Экономика – қоғамға қажетті өмірлік игіліктерді жасау және оларды пайдалану жолымен адамдардың және жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын шаруашылық жүйесі.

14. Экономикалық қорлар дегеніміз – тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.

 

 

Әдебиеттер:

1. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, және т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. - Алматы «Санат», 1998. (64-77).

2. Экономическая теория: Учебник. - Изд. испр. и доп. Под общ. ред. акад. В.И.Видяпина, А.И.Добрынина, Г.П.Журавлевой, Л.С.Тарасевича – М.:ИНФРА-М, 2004. (307-332).

3. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Алматы, Университет «Кайнар» 1994г. (8-17 стр., 148-165 стр.)

4. Áîðèñîâ Å., Âîëêîâ Ô. Ýêîíîìè÷åñêàÿ òåîðèÿ: ðîëü â ïðîãðåññå îáùåñòâà// Ýêîíîìè÷åñêèå íàóêè; 1991, № 1

5. Ìàêêîíåëë Ð.Ê., Áðþ Ñ.Ë. Ýêîíîìèêñ.-Ì., Ðåñïóáëèêà, 1992; Ò 1, ÷1, ãë.2.

6. Пол А.Самуэльсон, Вильям Д.Нордхаус. Экономика. Издание пятнадцатое. Перевод с английского под редакцией проф. Тарасевича Л.С., проф. Леусского А.И. – Бином-КноРус. Москва 1997. (231-259).

7. Экономическая теория. Учебник для вузов. Третье издание, дополненное и исправленное под редакцией заслуженного деятеля науки РФ, д.э.н., проф. А.И.Добрынина, д.э.н., проф. Л.С.Тарасевича. Санкт-Петербург. Москва.Харьков.Минск 2001.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав