Читайте также:
|
|
Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз – тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.
Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтерді өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік.Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т.б. кіреді және де олар өндірісте қолданылады.
Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер факторы жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің "жемісі" емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда "жер" ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық - жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір учаскелері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді.
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен- еңбек»,- деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамның мақсатты іс-әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.
Жұмыс күші – адамның дене еңбегі және рухани күштерінің, оның еңбекке деген қабілетінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адамның мақсатты іс-әрекеті. Іс-әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағыттылығы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай-ақ жинақталған тәжірибелермен ақпарат алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.
Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, құралдардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.
Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік үйлер және т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде, "Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған",— деп жазды.
Жер, еңбек және капитал жеке формада немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай-ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын адам (немесе адамдар тобы) кәсіпкер деп танылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол өз кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.
Маркстік теорияда өндіріс факторлары басқаша жіктелінген еді: заттық факторлар (өндіріс құралдары) және адамдық факторлар (жұмыс күші). Бұлай бөлу марксизмде өте маңызды, өйткені қосымша құн мен пайданы өндірістің барлық факторы емес, адам факторы жасайтынын көрсеткен. Осы жұмыс күші тікелей пайдалану нысанасы болады.
1-сурет. Өндіріс факторларының өзара әрекет етуі
Ізденіс сұрақтары:
1. Өндіріс факторларына не жатады?
2. Маркстік теория мен маржиналистік теория бойынша өндірістік факторларға неліктен әртүрлі сипаттама берілген?
3. А.Смит пен Д.Рикардо өндіріс факторларын қалай жіктейді?
4. Өндіріс факторларының ішіндегі кәсіпкерлік қабілет факторының рөлі қандай?
5. Жалдамалы еңбектің пайда болу шарттары қандай?
6. Табиғи ресурстарға не жатады, олардың ерекшеліктері қандай?
7. Адамның экономикалық өмірінде басты қайшылықтар қандай және олар қалай шешімін табады?
Тест тапсырмалары:
Ograve;àáè¹è ðåñóðñòàð äåãåíiìiç íå?
A) ¼íäiðiñ ïðîöåñiíäå ïàéäàëàíûëàòûí òàáè¹è êîìïîíåíòòåð
B) àäàìäàð æàñà¹àí ðåñóðñòàð
C) ¼íiì ¼íäiðóäi» òåõíîëîãèÿñû
D) еңбек º½ðàëäàðû
E) еңбек çàòòàðû
2. Å»áåê º½ðàëäàðû:
A) æûëó-îòûí
B) òàáè¹è çàòòàð
C) ¼»äåóøi,òåõíèêàëûº º½ðàë-ñàéìàíäàð
D) ýíåðãåòèêà ê¼çäåði
E) ìàòåðèàëäàð
3. Íàºòû å»áåê äåãåíiìiç:
A) ê¾ðäåëi å»áåê
B) äåíå еңбегі
C) æàé å»áåê
D) ò½òûíó º½íûí æàñàóøû å»áåê
E) áàñºàðóøûëàð еңбегі
4. Àáñòðàêòûëû å»áåê äåãåíiìiç:
A) æ¸é å»áåê
B) áàñºàðóøûëàð еңбегі
C) àäàì еңбегінің æàëïû æ½ìñàëó ñèïàòû
D) àäàì еңбегінің àéûðáàñòà¹û ¼ëøåìi
E) ê¾ðäåëi å»áåê
5. Áåëãiëi áið áiëiìäi, äà¹äûíû ºàæåò åòåòií å»áåê:
A) ê¾ðäåëi å»áåê
B) æ½ìûñøû å»áåãi
C) òåê æàé å»áåêòi» ò¾ði
D) íàºòû å»áåê
E) ôèçèêàëûº-ê¾ø ºóàò
6. Òåõíîëîãèÿëûº äàìó òåîðèÿñûíà ºàòûñû æîº êåçå»:
A). ºîëà ä¸óiði
B). òàñ ä¸óiði
C). iði ìàøèíàëû èíäóñòðèÿ
D). áèîòåõíîëîãèÿ
E). ¼íäiðiñòi» ºî¹àìäàñóû
7. Ò½ðàºòû êàïèòàë:
A) òåê å»áåê º½ðàëäàðûí ñàòûï àëó¹à êåòêåí êàïèòàë
B) å»áåê º½ðàë-æàáäûºòàðûí ñàòûï àëó¹à êåòêåí êàïèòàë
C) æ½ìûñ ê¾øiíå æ½ìñàë¹àí êàïèòàë
D) º½ðûëûñ æ¾ðãiçó ¾øií êåòêåí êàïèòàë
E) áàíêòå æèíàºòàë¹àí ºîð
8. ´íäiðiñ äåãåíiìiç:
A) ìàòåðèàëäûº èãiëiêòåðäi æàñàó ïðîöåñi
B) å»áåê çàòòàðû ìåí å»áåê º½ðàëäàðûí ºîñó ïðîöåñi
C) ±ÒÏ-» ò¾ði
D) ðûíîêòû ñåãìåíòòåó
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 204 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |