Читайте также:
|
|
Жаттығу 6. Экономикалық өсу моделдерін тізіп шығыңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Жаттығу 7. Қазақстандық өсу моделі қандай? Индустриалды–нновациялық бағдарламаның маңызын көрсетіңіз.
Жаттығу 8. У.Ростоудың экономикалық дамуының бес кезеңін атаңыз және түсіндіріңіз.
Жаттығу 9. Елдің ұлттық табысында тұтынудың үлесі - 80% ды құрайды. Капитал сиымдылығы 5 -ке тең. Е.Домардың экономикалық өсу формуласын пайдалана отырып, экономиканың балансты өсуі үшін қажетті инвестицияның өсу қарқынын есептеңіз
Жаттығу 10. Елдің ұлттық табысында жинақтау нормасы 20%-ға тең. Акселератор 2-ге тең. t₀ уақыт кезеңіндеYd=Ys =140 млрд. доллар. Y өсудің тепе-тең қарқыны қалай болуы керек? t1 уақыт кезеңінде Yd мен Ys көлемі қандай? Осы кезеңде инвестицияға сұраныс қандай болады? Есептеу үшін Р.Харродтың экономикалық өсу моделін пайдалан.
Жаттығу 11. Өндірістік функция y = k ¹⁄² берілген. Жинақтау нормасы (S) 0,4-ке тең, амортизация нормасы (δ) 0,1-ге тең. k қандай мәнінде Р.Солоу моделіне сәйкес, экономика тұрақты жағдайда болады?
Жауаптары:
1. Өндірістік функция формуласын дифференсациялаймыз және логарифмдейміз, жыл сайынғы өсу қарқынын сәйкесті бейнелейтін формуланы y = a+αk+βІ аламыз; сәйкесінше, 4+ (0,3 х 3) +(0,7 х 6) = 9,1%.
9. D Іt / It -1= s x a формуласымен есептейміз. Жинақтау үлесі, яғни s - 20%-ды немесе 0,2 құрайды. Каитал қайтарымы, яғни а – 1/5 немесе 0,2. Тепе-тең өсу инвестицияның өсу қарқыны жылына 0,2 х 0,2 = 0,04 немесе 4%-ды құраған жағдайда қамтамасыз етіледі
10. 0,2 / 2-ге, яғни 10%-ға тең Сw-ді есептейміз. Тепе-тең өсу қарқыны t1 кезеңінде Y-тің 154 млрд. долл. (140+14) өсуіне әкеледі. Инвестицияға сұраныс t1 кезеңінде 154 х 0,2 =30,8 млрд. доллар.
11. 16-ға тең k мәнінде. Есептеу s х f(x) =d x k формуласымен есептеледі. Есеп шартына байланысты y = k ¹⁄² теңдеуін у=√k ретінде де қабылдауға болады.
Глоссарий:
1. Е.Домардың өсу моделі –толық жұмыспен қамтылған жағдайдағы тепе-тең өсуге мультипликатор-акселератордыңәсер ету механизмін айқындайды; игіліктер рыногындағы тепе-теңдікті сақтау үшін сол қарқында инвестицияның көлемін тұрақты ұлғайтып отыру қажет.
2. Интенсивті экономикалық өсу – техника мен технология толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
3. Р.Солоудың өсу моделі – ҒТП, халықтың өсімі, жинақтау нормасының ЖҰӨ көлеміне, өмір сүру деңгейіне және оның динамикасына әсер ету механизмін айқындайды.
4. Тепе-тең өсу моделі - ауытқыған жағдайда экономикалық жүйені тепе-тең траекторияға қайтаратын шарттарды анықтауға және тепе-тең траектория қасиеттерін білуге арналған.
5. Экстенсивті экономикалық өсу – қосымша өндіріс факторын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
6. Экономикалық өсу - ұзақ мерзімді уақыт кезеңіндегі өндіргіш күштердің дамуымен байланысты, өндірістің нақты көлемінің табиғи деңгейінің ұзақ уақыттық өзгерісі.
7. Экономикалық нақты өсу- оның мәні,экономиканың негізгі қайшылығының(қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі мен өндірістік ресурстардың шектілігі арасындағы) жаңа деңгейде шешілуі мен жаңғыруынан құралады.
8. Экономикалық өсу - белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы.
Әдебиеттер:
1. Экономикалық теория, оқулық ҚР ҒА академигі, э.ғ.д. Аубакиров Я.А., э.ғ.д., проф. Байжумаев Б.Б., э.ғ.к., доцент Жакыпова Ф.И., аға оқытушы Табеев Т.П.; Алматы, 1999ж. бағдарламада №1 оқулық. (3 бөлім. 149-153 б).
2. Экономикалық теория. Оқулық. э.ғ.д., РФ ғылымына еңбегі сіңген қызметкер А.И. Добрынин, э.ғ.д. Л.С. Тарасевич. С-Петербург, 1997,2001; бағдарламада № 2 оқулық. (18,19 тарау.) Жалпы экономикалық теория (политэкономия). Оқулық. П.В. Плеханов ат. Ресей экономикалық академиясы, Академик В.ИВидяпин, академ Г.П.Журавлева.М.,1995, бағдарламада № 3 оқулық. (27,29,30 тарау.)
4. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. 2 бөлім, 12, 13 тара. С.Меньшиков Новая экономика. М.1999.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 266 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |