Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТИПТЕРІ

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. Азіргі зерттеулерде берілетін темперамент типтері
  4. Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары
  5. Биотикалық қарым-қатынастар типтері
  6. Мәліметтердің типтері
  7. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
  8. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
  9. Мінездің құрылысы мен типтеріне тоқталыңыз
  10. НДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

Экономикалық өсуді талдау, жеткілікті ұзақ кезеңді қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болуы мүмкін. Өсу факторлары– экономикалық өсудің түпкілікті элементтері. Әдетте келесідей экономикалық өсу факторларын бөліп көрсетеді:

· Тұрғындар;

· Капитал салу (инвестициялар);

· Инновациялар;

· Сыртқы айырбас.

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер етеді. Тікелей факторлардың құрамына жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайтын бес негізгі фактор кіреді:

1) еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру;

2) негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру;

3) өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру;

4) шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату;

5) қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.

Ал, жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресурстарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады.

Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты өсудің тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті (2 -сурет).

 

 

       
   
 
 

 

 


Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%-дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.

Экономикалық өсуді реттеудегі мемлекеттің негізгі бес бағытын көрсетейік:

1. Мемлекет рынок шеше алмайтын мәселелерді шешеді: қоғамдық игілік өндірісi, негізгі ғылыми зерттеулерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау және т.б.

2. Антициклдық реттеуді жүргізу, яғни бюджет пен ақша айналымына мемлекет бақылау жасайды. Мемлекет төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз ету үшін рыноктық тепе-теңдікті қалыпты деңгейде ұстауға тырысады.

3. Экономикалық өсудің жаңа сапасы өндірісті құрылымдық қайта құруға әкеледі: ҒТП енгізу, капитал салымдарының тәуекелін төмендету, экономиканың жаңа секторын игерудегі бизнесті қолдау, экспорттық салаларды қолдау, импортты алмастырушы өндірісті қолдау және т.б.

4. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты сақтау, яғни жинақтардың ағымдық тұтынудан өндірістік тұтынуға ауысуы.

5. Салық саясаты. Мұнда Лаффер әсерін көрсетуге болады.

 

%

 
 

 


 

tA A

 
 

 


 

 

салықтық түсiмдер

 

3-сурет. Лаффер қисығы.

 

tА – мемлекеттік шығыстардың уақытша төмендеуі, келешекте қаржылық жағдайы жақсартатын, жинақтардың өсуіне әкеледі.

Мемлекет жиынтық сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып, экономикалық өсуді жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына себепші болады.

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Интенсивті экономикалық өсудің факторлары қандай?

2. Экономикалық өсудің жанама факторларына не жатады?

3. ҚР үшін өсудің қай типі тән, маңызды?

4. Жұмыс күшіне инвестиция салу бағыттары қандай?

5. Экономикалық өсуді мемлекттік реттеудің қажеттілігі неде?

6. Экономиканы құрылымдық қайта құру ұғымын қалай түсінесіз?

7. Капитал салымдарының тәуекелін қандай шаралар арқылы төмендетуге болады?

 

Тест тапсырмалары:

1. Интенсивті экономикалық даму - бұл:

A) өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалуы

B) өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасын сапалық деңгейін көтеру

C) қосымша жұмысшы күшімен, жерді ұлғайту арқылы

D) қосымша еңбек, капитал ресурстары арқылы ұлғаюын айтады

E) технико-технологиялық базаның сандық деңгейін көтеру

2. Экстенсивті экономикалық даму - бұл:

A) өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасының сапалық деңгейін көтеру

B) өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалады

C) жұмысшы күші біліктілігін және жердің құнарлығын арттыру арқылы

D) еңбек, капитал ресурстарын сапалық тұрғыда арттыру

E) технико-технологиялық базаның сапалық деңгейін көтеру

СӨЖ үлгі тақырыптары:

1. Экономикалық өсу кезеңдері тұжырымдамасы.

2. Экономикалық өсу ұлттық экономиканың мақсаты ретінде.

3. ҒТП және экономикалық өсу.

4. ҚР амортизациялық саясаты.

5. ҚР қоршаған орта экономикасы.

6. ҚР шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу механизмдерін жетілдіру.

7. ҚР бәсекелік ортаны кластерлік жүйемен толықтыру бағыттары.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 243 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав