Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  4. АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  8. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  9. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  10. АЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕГЕ ТҰРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.

Экономикалық өсудегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл көп өлшемді процесс, ол өз құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістерді қосады. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:

1. Экономиканың дамуының бастапқы деңгейi (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін);

2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;

3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;

4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.

Экономикалық даму оң және теріс экономикалық динамикалыболуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу осы экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.

Оны график түрде де көрсетуге болады (1-сурет).

 
 


ЖҰӨ

 

экономикалық

өсу

 

бум

жандану

 

құлдыр. тоқырау

 
 


t (жылдар)

40-60 жыл

 

1-сурет. Экономикалық даму және экономикалық өсу.

 

Экономикалық даму циклы 40-60ж. аралығын қамтиды. Экономикалық циклдың сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да болатындығын көрсетеді.

Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге жету мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу- бұл экономиканың дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) даму беталысы. Сонымен қатар, экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады.

Нақты экономикалық өсу – экономикадағы негізгі қайшылықты (ресурстардың шектеулілігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:

1. Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс процесінде жаңа мүмкіншіліктерді қолдану).

2. Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).

Тағы бір көңіл бөлетін ұғым – қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу – нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер:

1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі. Бұл көрсеткіш жоғары дамыған елдерде – 25 000$, Қазақстанда - 1 481,3$.

2. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.

3. Аграрлық сектордың үлесі азаяды.

4. Урбанизация процесі өседі.

5. ЖІӨ-гі экспорттың үлесі өседі.

6. ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.

7. Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократиялану процесі).

Айта кету керек, экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарылауы арасында белгілі бір алшақтық болады. Өсудің жоғары қарқыны өсу сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғары қарқынды (9-10%) болса да, төмен болса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.

Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың циклдық ауытқуын жоя алмағанның өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша жоғары экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.

Экономикалық өрлеу әдетте жалпы ұлттық өнімнің өсуімен (пайызбен есептеледі) есептеледі. Бұл өлшем өнімнің мазмұнына және статистикалық ақпараттың сапасына байланысты болады.

 

 

ЖҰӨөсу = ЖУӨ1 / ЖУӨ0 х 100%

ЖҰӨ1 – есептік жылдағы жалпы ұлттық өнім

ЖҰӨ0 – базистік жылдағы жалпы ұлттық өнім

 

Өсу кез-келген экономиканың, оның табиғатына қарамастан, соңғы мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттың басымдылығы екі жағдайға жауап береді:

1. Жеке және ұжымдық кажеттіліктердің өсуін қамтамасыз ету (өмір сүру деңгейін көтеру);

2. Халықаралық бәсекеге қатысу үшін барынша жағымды жағдайлар жасау.

Өсу сатылары:

· Дайындық сатысы кезінде бірқатар құрылымдық өзгерістер баяу және кезеңді жүргізіледі;

· Салыстырмалы қысқа (30-40жыл) «өрлеу» сатысы, күшейтілген инвестицияның әсерінен экономика дамудың шегінен өтеді;

· Дамудың тұрақты өспелі сатысы, азды-көпті күшті ауытқуларға қарамастан экономика белсенділіктің тұрақты өспелі деңгейін сақтайды, бірақ бұл жерде өсу қарқыны алдыңғы кезеңге қарағанда төмен болады.

Қазіргі кезеңде дамыған экономикалық елдердің басты мәселелерінің бірі- экономикалық өсудің өмір сүру деңгейіне теріс әсер етуші келеңсіз құбылыстардың дамуымен жалғасатындығы. Бір жағынан, инфляция мәселесі экономикалық саясатты үздіксіз етуге және тез экономикалық өсуге қол жеткізуге итермелейді. Осылайша үкіметтің барлық талпынысының негізі болып тұрақты экономикалық өсу табылады.

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Экономикалық даму мен экономикалық өсудің айырмашылықтары қандай?

2. ҚР экономикасының өсуін тұрақтандыру қандай мәселелерді шешуді қажетсінеді?

3. Экономикалық өсудің экологияға әсері бар ма? Болса қандай?

4. ҚР тұрақты экономикалық өсудің факторлары қандай?

5. Ашық экономика дегенімізді қалай түсінесіз, оның мәселелері қандай?

6. Экономикалық өсу сапасын қандай белгілер анықтайды?

7. Экономикалық өсудің мақсаттары қандай?

 

Тест тапсырмалары:




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 328 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав