Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МОДЕЛЬДЕРІ

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
  4. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
  5. РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ МОДЕЛЬДЕРІ
  6. Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
  7. ТАҚЫРЫП. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
  8. ТАҚЫРЫП. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
  9. ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
  10. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Экономикалық өсу өзінің қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі аса маңыздылығымен соңғы үш жүзжылдықтың ғалымдарымен зерттелуде. Кейбір экономистер экономикалық өсуді өнім мен өндірістік фактордың сандық қана емес, сапалық өсуінен көреді. Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас.

Экстенсивті өсу – қосымша өндіріс факторын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.

Интенсивті өсу – техника мен технология толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.

Аралас өсу – өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторын пайдалану санының өсуі және техника мен технологиялық жетілдірілуі.

Классикалық мектептің негізін салушы А. Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеулер» еңбегінде XVIIIғ. соңында-ақ, экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.

ХІХғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисі Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа тұжырымдамасын ұсынды. Оның мәні кемімелі қайтарым қағидасына негізделген Д.Рикардо: «жерге қосымша инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін туғызады» - деген.

ХХғ. ортасында экономикалық өсудің жаңа неоклассикалық моделі қалыптасты, оның негізін Роберт Солоу және Тревер Свон қалаған. Олар экономикалық өсуді жетілген бәсеке жағдайында қайтарымның кему заңын есепке ала отырып сипаттайды.

Экономикалық өсудің модельдеріне келсек, оның негізгі үш моделін атап өтуге болады:

1. Неоклассикалық модель, яғни еркін рыноктық қатынасты, өндіріс факторларын қарастырады.

2. Кейнстік және неокейнстік модельдер – сұранысты ынталандыра отырып экономиканы реттейді.

3. Институционалдық модель – дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институционалдық өзгерістеріне көңіл бөледі.

Неоклассикалық бағыт төмендегілерге негізделген:

а) өндірістің әрбір факторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз етеді.

б) өнім құны шекті факторлармен жасалады.

в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.

Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономикалық өсудің неокейнстік жүйесіне қарсы өздерінің жаңғырту тұжырымдамасын жасауға ұмтылды. Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғы шарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік өсу теориясының қарастыратын негізгі мәселесі инвестиция мен жинақтың ара қатынасы, бірақ неоклассиктер капиталдың қорлануы мен халықтың өсуінің арасындағы тепе-теңдікке кейінстіктерден бұрын талдау жасаған. Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас әдістемеге негізделген. Институционалдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.

Шаруашылық субъектiлер санының өсуi

 
 


Табыстың Y G1 G2 G3

күтiлетiн

өсiмi

 

E F

 

акселератор әсері C D

 

A B

 

 

45º

Х

шаруашылық субъектiлер

саныныңөзгерiсi

 

 

3-сурет.

Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық пікіріне швед ғалымы Гуннар Мюрдальдың (1898-1987) еңбегі елеулі әсер етті. Ол батыстың «үшінші әлемді» талдау бағытын сынға алды. Өйткені олардың әдістемесін, нәтижесін, дамыған елдердің жобасын дамушы едерге көшіре салу қате деп білді. Іс жүзінде экономиканың анклавты типін – еуропалық өнеркәсіптің тар секторын құру болса, кең алғанда ішкі емес, сыртқы рынокпен байланысты еуропалық типтес экономика құруға ұмтылады.

Мюрдальдың ойынша дамудың төмен болуының себебі – шетелдік капиталдың жетіспеушілігінде емес, еңбек ресурсын толық пайдаланбауда болып табылады.

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің негізгі себептерін атай аласыз ба?

2. Қазақстанның табиғи байлықтарын алмастыратын экономикалық өсудің маңызды факторлары қандай?

3. Экономикалық өсудің экстенсивті факторы ретінде халық санын өсірудің өзектілігін қалай түсіндіресіз?

4. Экономикалық өсу модельдерінің ішінде Қазақстан үшін ең қолайлысы қайсы?

5. Институционалдық экономикалық өсу моделінің ерекшеліктері қандай?

6. ҚР экономикалық өсу моделінің өз тұжырымдамасы қандай?

7. ҚР экономикалық саясатының ұзақ мерзімді бағдарлары қандай?

Жаттығулар:

Жаттығу 1. у = A K⁰∙³ L⁰∙⁷ өндірістік функциясы берілген. А параметрі бір жылда 4% өсті. Жұмыспен қамтылғандардың саны сол кезеңде 6%-ға өсті, капитал 3%-ға ұлғайды. Нақты өндіру неше пайызға өсті?

Жаттығу 2. ҚР экономикасы өсуінің негізгі мәселелерін тізіп шығыңыз және түсіндірме беріңіз.

Жаттығу 3. Кестені толтыр. Экономикалық өсу салдарының бес оң жағын, бес теріс жағын көрсетіңіз.

Оң жағы          
Теріс жағы          

Жаттығу 4. Төмендегі кестедегі экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің белгілерін көрсетіңіз.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 216 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав