Читайте также:
|
|
Онтогенез-тірі ағзаның туу мерзімімен өлуіне дейінгі жеке дамуы.Адам үшін онтогенездің басталуы-ұрықтану,яғни зиготаның пайда болуы,одан кейінірек ұрық дамиды.Ал партеногенез кезінде жұмыртқажасушалардың митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез деп есептеген жөн.Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:1.ЭМБРИОГЕНЕЗ-ұрықтың дамуы.2.ПОСТЭМБРИОГЕНЕЗ-туу соңынан даму,яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.1.Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады.Бұл саты бластула сатысы деп аталады.Осы саты кезінде қарқынды бөліну-митоз өтеді.Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып,бластомерлер деп аталады.2.Гаструла-ұрық дамуының екінші сатысы.Бұл кезеңде көптеген маңызды оқиғалар өтеді,яғни жасушалардың жіктелуі-ұрық жапырақшалары;гаструла қуысы,желілену ж.е жүйке тақташалары пайда болады.Біз үшін ең маңызды оқиға-ұрық жапырақшаларының-жасушалардың ерекшеленген,жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы.2 қабаттан тұрады.3.Нейрула-ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы.Бұл кезеңде жүйке тақташасын жүйке түтігі қалыптасады.Жүйке түтігінен ми ж.е жұлын дамиды.
МЕТАМОРФОЗ. Туу соңынан постэмбриогенезде пішіндік өзгеріске –метаморфозға ауысатын тірі ағзалар бар.Метаморфозды жануарларға бақа мысал бола аладыБұдан басқа көптеген паразиттер метаморфозды таралып орналасуға пайдаланады.Мәселен,жалпақ құрттар-сорғыштарда бір ұрпақтың дернәсілдеріұлулардың денесінде дамиды.Олардың саны арта береді.Шала түрленіп дамитын түрлерде метаморфоз болмайды.
Жұмырқұрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен қапталады.Ауыз қуысы –денесінің алдыңғы жағында,ал аналь тесігі-артқы жағында орналасады.Тынысалу ж.е қантарату жүйесі болмайды.Бұлар-дара жынысты.Олардың қосжыныстылары да кездеседі.Аталығынан аналықтары ұзын.Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді.Жұмыр құрттар адамға ж.е жануарларға зиян келтіреді,тері астында-суыртқы,бұлшықеттерде-трихинелла,ішекте-ішексорғы,үшкірқұрт паразиттік әрекет жасап,ауруға ұшыратады. Үшкірқұрт -паразит құрт,аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды,екі ұшы да сүйірленген,құйрығы үшкір,тұрқы 1,5 см шамасында.Түсі-ақшыл немесе сарғыш.Оның алдыңғы ұшында-ауыз,соңғы бөлігінде аналь тесігі орналасады. Ішексорғы- паразит жәндік.Оның денесін қаптаған тығыз қабықша-тері-бұлшықет қапшығы деп аталады.Оның аузында 3 ерін бар.Ішегі 3 бөліктен құралады:алдыңғы,ортаңғы,соңғы.Қантарату,тынысалу мүшелері болмайды.Ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.Дара жынысты.
Дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрлері –қылтыңбас,зымырақ,құрсақкірпікшелі құрттардың маңызы зор
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 455 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |