Читайте также: |
|
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
1) Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң шығаратын орган.
2) Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
- Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен түрады дейді: біріншісі - мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі - қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші - сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.
- Билік етуші элита
- БилӀк етушӀ элита - маңызды саяси шешімдер қабылдайтын, әлеуметтік, саяси, психологиялық ерекше қасиеттерімен, саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан мамандығымен, артықшылықты жағдайымен ерекшеленетін адамдар тобы. Саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің қозғаушы күші де осы топ адамдары.
- Билік көздері
- БилӀк көздері- билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. БилӀк көздёрӀ өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. БилӀк көздёрӀ жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. ¥йымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
Тооталитарлық режимнің белгілері:
|
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 157 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |