Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

А) количество купленных товаров

Б) количество проданных товаров

В) связь между количеством товара, представленного на рынке, и соответствующими ценами

Г) количество товара, которое необходимо продать для получения прибыли

30. Производители в рыночной экономике выпускают именно то, в чем нуждаются люди, потому что …

А) производители договорились и поделили между собой рынки товаров и услуг

Б) взаимодействие производителей координируется правительством

В) действует механизм конкуренции

Г) эти товары и услуги традиционно производятся

31. Американский фермер из Небраски, производитель кукурузы, продает свой урожай по цене, ниже рыночной. Его действия …

А) практически не влияют на рыночные цены на кукурузу

Б) повышают цены на кукурузу

В) повышают цену на пшеницу

Г) понижают цену на кукурузу

32. Какое из следующих утверждений будет верным в случае, если Вы купите акции какого-либо акционерного общества?

А) Вы даете деньги взаймы АО

Б) Вам обеспечен фиксированный доход

В) Вам гарантирован возврат денег, уплаченных за акцию, с процентами

Г) Вы получаете право на частичное владение собственностью АО

 

 

Правильные ответы.

1. б

2. в

3. а

4. г

5. а

6. в

7. б

8. г

9. б

10. в

11. г

12. г

13. а

14. в

15. а

16. б

17. а

18. б

19. а

20. в

21. б

22. в

23. а

24. г

25. г

26. а

27. г

28. б

29. в

30. в

31. а

32. г

 

 

тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

Мақсаты: Абсолютті және қатысты шамалардың мәнін анықтау және қолданып үйрену. Статистикалық графиктерді құрып үйрену.

Міндеттері:

j.Абсолюттік шаманың түрлері, оның мәні және анықтау тәсілдері.

k.Өлшем бірліктер.

l.Қатыстық шамалар, оның мәні және анықтау тәсілдері.

m.Графикалық бейнелеу.

 

Абсолютті шамалар жалпы және жиынтықтың бірлігіне есептегенде қоғамдық құбылыстардың өлшемдерін көрсетеді, ал салыстырмалы шамалар қоғамдық құбылыстардың арасында сандық қатынастарды сипаттайды.

Абсолютті шамаларды тікелей статистикалық бақылаудың, мәліметтерді жинау мен топтастырудың, статистикалық көрсеткіштерді есептеудің нәтижесінде алады. Абсолюттік шамалар аталуы болып келеді, себебі олардың өздерінің өлшем бірліктері бар (заттай, шартты-заттай, еңбектік немесе құндық).

Салыстырмалы шама деп, құбылыстардың арасында сандық қатынасты сипаттайтын көрсеткішті айтады. Ол бір абсолютті шаманы 2-ші абсолютті шамаға бөлу арқылы алынады. Салыстырылатын шама салыстырудың негізгі немесе базасы деп аталады.

Салыстырмалы шамалар коэффициент, процент, промилль немесе прдецемилль түрінде берілуі мүмкін. Егер салыстыру базасы 100, 1000 немесе 10000 ретінде алынса, онда салыстырмалы көрсеткіш процент, промилль және продецимилльмен есептелінеді. Салыстырмалы шамалардың келесі түрлерін бөледі:

1. Динамикалық салыстырмалы шама - құбылыстың уақытта байланысты өзгеруін сипаттайды. Олар құбылыстың көлемі белгілі бір кезеңде қанша есе ұлғайғанын немесе азайғанын көрсетеді, оларды өсу коэффициентері немесе төмендеу коэффициенттері деп атайды. Бұл коэффициенттерді процентпен де есептеуге болады, ол үшін қатынасты 100-ге көбейтеді. Оларды өсу қарқыны немесе төмендеу қарқыны деп атайды.

2. Жоспарлық тапсырманың салыстырмалы шамасы – жоспар бойынша көрсеткіш шамасының (уж) алдыңғы кезеңде оның іс жүзіндегі шамасына (уо) қатынасы.

3. Жоспарды орындаудың салыстырмалы шамасы – көрсеткіштің іс жүзіндегі (есепті) шамасының (ул) сол кезеңге жоспарланған шамасына (уж) қатынасы.

4. Құрылымдық салыстырмалы шама - жиынтықтың жалпы көлеміндегі жеке бөлшектердің үлесін сипаттайды және үлеспен немесе процентпен есептелінуі мумкін.

5. Координациялық салыстырмалы шама – бір жиынтықтың 2 бөлігі санының қатынасын көрсетеді.

6. Интенсивті салыстырмалы шама - әр түрлі статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру немесе бір белгі мәнінің сомасының осы жиынтықтағы басқа белгі мәнінің сомасымен салыстыру нәтижесін сипаттайтын шама.

7. Бейнелеу салыстырмалы шамасы - объектісі немесе территориясы әртүрлі, бірақ бір уақыт кезеңімен берілген көрсеткіштерді өзара салыстыру.

8. Бірінші және жоғары ретті салыстырмалы шамалар. Олар екі қатысты шамалардың бір-біріне қатынасы арқылы анықталынады.

Қатысты шамалардың кез-келген түрлерін есептеу кезінде басты талап – салыстырылатын шамалар әдістемелік есептеу бойынша бір-біріне сай болуы керек.

Статистикалық ақпараттарды ұсыну үшін статистикада кестелер мен графиктер қолданылады.

Статистикалық кесте зерттелетін объектілерді сандық тілмен көрсетеді. Ол бағаналар мен жолдар жүйесі болып табылады және онда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар туралы статистикалық ақпараттар белгілі бір рет пен байланыста беріледі. Кестелер қарапайым, топтық және комбинациялық болуы мүмкін.

Кестеде екі элемент болады:

- бастауыш – жиынтық топтары немесе бірліктердің тізімі;

- баяндауыш – бастауышты сипаттайтын сандар.

Кестені толтырудың негізгі ережелері (талаптары):

1. Кесте өзіне жинақталған ақпараттардың көлемі бойынша шағын және түсінікті болуы қажет.

2. Бағандар мен жолдардың аттары нақты, түсінікті, қысқаша түрде болу қажет (сөздерді қысқартпау қажет). Өлшем бірлігі, объект, уақыт, территория, кестенің жалпы аты болуы міндетті.

3. Шартты белгілеуді қатаң ұсталуы қажет:

- егер мәліметтер жоқ болса немесе олар белгісіз болса, онда үш нүкте «...» қойылады, «мәліметтер жоқ» сирек жазылады,

- егер мәлімет жоқ болса немесе мәліметтер 0-ге тең болса онда сызықша «-» қойылады,

- егер көрсеткіштердің мәні 0-ге тең емес, бірақ бірінші мәнді санымыз нақтылынақтылы дәрежеге қабылдаған кейін болса, онда 0,0 жазылады (егер, мысал, 0,1 нақтылығы қабылданса).

4. Көрсеткіштерді дөңгелектеу айқындылықтың бірдей деңгейімен жүргізіледі, мысалы онғы дейін (0,1) немесе жүзге дейін (0,01). Және мұнда сандар разряды разряд астына орналасады. Санның толық бөлігі бөлшектік үтірмен бөлінеді: Мысалы 4,5 (4.5 емес).

5. Егер тек есеп беру мәліметтері ғана емес, сонымен қатар есептік мәліметтер берілген, бұл баяндауыш немесе бастауштыңтақырыпшаларында немесе қосымшасында көрсетілуі керек. Егер мәліметтер шартты болса, онда «шартты мәліметтер» жазылады. Мәліметтердің көзіне жіберу (ссылка) болу керек, мысалы, ҚР Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша, ол көбінесе кесте астында көрсетіледі.

Статистикалық графиктерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады: аты бойынша, құру тәсілі мен графикалық бейненің мінезі бойынша. Мазмұны немесе арнаулы бойынша кеңістікте салыстыру графиктерін, әр түрлі салыстырмалы шамалардың графиктерін,вариациялық қатарлар графиктерін, территория бойынша орналастыру графиктерін, өзара байланысты көрсеткіштердің графиктерін бөлуге болады.

Құру тәсілі бойынша графиктерді диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлуге болады.

Графикалық бейненің сипаты бойынша нүктелік, сызықтық, жазықтық (бағандық, сағаттық, квадраттық, шеңберлік, секторлық, фигуралық) және көлемдік графиктерді бөледі.

Графикалық көріністі құру кезде бірнеше талаптарды орындау қажет. Ең алдымен, график толық көрінетін болу керек, өйткені графикалық көріністің барлық мәні статистикалық көрсеткіштерді толық көрсету болып табылады. Сонымен қатар, график айқын, түсінікті болу керек. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін әрбір график бірнеше негізгі элементтерді қамту керек: графикалық бейне; графиктің алаңын; кеңістіктік бағыттушыларды; масштабты бағыттаушыларды; графиктік экспликациясын.

Статистикада орташа шамалар дегеніміз – қоғамдық құбылыстардың типтік мөлшерін нақты тарихи жағдайларда сипаттайтын жалпылама көрсеткіш. Орташа шамаларды таңдауда сонымен қатар алдын-ала есептелген орта шамалардың орташаланатын көрсеткіштерінің мәнін түсіну, яғни қандай шамалар қатынасынан есептелгенін білу керек және оның қортынды мәліметтер соммасымен байланысын және бар бастапқы мәліметтерді қортындылау керек. Осыдан кейін ғана орташа шамаларды есептеудің әдістерін таңдауға болады. Бұл үшін орта шамалардың бастапқы қатынасының есебін қолданады, яғни көрсеткіштердің экономикалық мазмұнын көрсететін, логикалық формула, мысалы:

 

Еңбекақының жалпы қоры

Орташа еңбекақы = ---------------------------------------

Жұмысшылар санына

 

осыдан кейін орташаның түрін (формасын) анықтау керек:

 

- қарапайым арифметикалық орташа

 

- салмақтанған арифметикалық орташа

 

- салмақтанған гармоникалық орташа

мұнда:

- белгінің орташа мәні,

х – вариациалық қатардаға белгінің мәні,

n – жиынтық саны,

f – белгінің қайталану жиілігі

( = n), w - жиынтық көлемі (w=xf).

Тәжірибеде көп қолданылатын вариация көрсеткіштерінің есептелуіне көңіл бөлу қаже. Олар:вариация құлашы, орташа сызықтық ауытқу, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу және вариация коэффициенті.

Вариация құлашы – белгінің максималды және минималды мәндер арасындағы әр түрлілікпен анықталынады.

Орташа сызықтық және квадраттық ауытқулар белгінің өзгеруінің абсолюттік шамаларын сипаттайды. Сол себептен осы көрсеткіштердің көмегімен әртүрлі жиынтықтағы статистикалық көрсеткіштердің өзгеру дәрежесін салыстыруға болады.

- орташа сызықтық ауытқу

 

- дисперсия

 

- орташа квадраттық ауытқу

- вариация коэффициенті

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 300 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Что стоит| тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав