Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Судың сапасын жақсарту.Физикалық әдістер.

Читайте также:
  1. Тақырып 6.Су электролиттік алмасудың биохимиясы мен физиологиясының клиникасы
  2. Тақырып № 6.Судың сапасын жақсарту әдістері.

Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу, су тазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Оны мақсатты сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде келесі әдістерең көп таралған: химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша, судың органокинетикалық қасиетін жақсарту бойынша, эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша. Мөлдірлендіру суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады. Судың коагуляциясы – коагуляция дегеніміз – молекулалық тартылыс күшінің әсерінен судағы қалқып жүрген өлшемді бөлшектердің өзара жабысуы нәтижесінде іріленіп, тұнуы. Суды тұндыру, суды сүзу, суды арнайы өңдеу әдісі дегеніміз – судың құрамындағы белгілі бір химиялық зат мөлшерінің нормадан көп және нормадан аз болғанда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Суды залалсыздандырудың физикалық әдістеріне:ультракүлгін сәулелендіру,иондаушы сәулесі,ультрадыбыс,электрлік зарядтар,термиялық өңдеу жатады.Бұл әдістің артықшылығы:-залалсыздандырылған судың құрамы мен қасиеттерін өзгертпейді,реагенттердің тасымалдануы сақталуын талап етпейді,суды тез залалсыздандырады.Ультракүлгін сәулелену биологиялық әсерлесудің әр түрлі дәрежесі бар оптикалық спектрдің бөлімдеріне жіктеледі.Бактерияларға күштірек ультракүлгін сәулесінің қысқа толқынды бөлігі әсер етеді.Ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру су ағысының үстінде,оның ағын қабатында шамдарды орналастыру арқылы жүргізіледі.Бірінші рет ультрадыбысты залалсыздандыру әсері 1928 жылы көрсетілген,оны суды өңдеу үшін,кешірек қолдана бастады.Ультрадыбыс барлық микроорганизмдерді өлтіреді:патогенді және патогенді емес,вегетативті т.б.Бұл әдіс ультракүлгін сәулелендіруден 4 есе қымбат.Залалсыздандырудың ең қарапайым әдісі термиялық өңдеу әдісі қайнату жатады.Біраз уақыт қайнатқанда микроорганизмдердің вегетативті формалары өледі,споралары белсенділігін жоғалтады.Бұл әдістің сенімділігі-судың көрсеткіштеріне мүлдем тәуелсіз,бірақ ол энергияның көп жұмсалуын талап етеді, бұл әдіс үй жағдайында,жеке нысандарда,эпидемиялық жағдайларда қолданылады

№33.Суды хлорлау әдістері. Хлорлау-қәзіргі уақытта біздің елімізде және шетелдерде де кең қолданылатын тәсілдердің бірі.Ол газ тәрізді хлормен немесе қүрамында белсенді хлоры бар препараттар; хлорлы әк,гипохлорид,хлорамин,хлордың қос тотығын қолданылады. Хлорлы әк кальцийдің хлорсутектік және хлорлы қышқылды қосылысы болып табылады және 35%-ға дейінгі белсенді хлорды құрайды.Хлор әгін ұзақ және жарық жерде сақтағанда оның белсенділігі төмендейді ,Гипохлоридтер хлорланған қышқылдың натрий және калий тұздары электролиздеу арылы өндіріледі. Хлордың қос тотығы газ болып табылады.11◦С-тан төмен температурада жарылу қаупі бар,осығар байланысты оны қолдануу шектелген.

№35.Иондауыш сәулелер және оның сипаттамасы.И ондауыш сәулелену өндірістік ортаның аса қауіпті факторларының бірі болып табылады,өйткені олар көзге көрінбейді,сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес,адамға қауіпті мөлшерінің әсері кезінде де адам адам ауырғанды сезбейді,сәулелері бөлмелердің қабырғаларынан және басқа да экрандардан өтіп кетеді.Ионды сәулелену көздері қазіргі кезде медицинада (рентгендиагностикалауду,радиотерапияда),ғылымды және халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.Иондаушы сәулелермен жұмыс жасау кезінде және қоршаған ортаны радионуклидтерден қорғау бойынша нормалаудың негізгі құжаты <<Радиациялық қәуіпсіздік нормасы >>болып табылады.Иондаушы саулелену көздерінің 2 түрі болады ,ашық және жабық. жабығына мыналр жатады:рентген аппараттар,гамма –сәулелері,бетатрон және т.б.Бұлардың әсерінен қоршаған орта радионуклидтермен ластанбайды.Ал сәулелер ашық түрде радионуклидтермен ластанады.

№36.Радиациялық гигиенаның пайда болуы. Негізгі бағыттары мен міндеттері.

Ресми түрде радиациялық гигиена дербес ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап оқытыла бастады және мынадай бағыттарға бөлінеді:

  1. Дозиметриялық (Сәулелену көзі мен әсері деңгейін оқып білу);
  2. Радиобиологиялық (Эксперименттер мен эпидемиологиялық зерттеулер арқылы сәулелену эффектілері мен зардаптарын оқып білу);
  3. Сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінің теориясы және методологиясының гигиеналық реттелуі.
  4. Санитарлық-ұйымдастырушылық (қорғану шараларының жасалуына бағытталған).

Радиационды гигиена – бұл адам ағзасына радиационды заттар мен иондаушы сәулелердің әсерін зерттеумен қатар санитарлы нормативтерді құрастыруға, қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғау мен халықтың радиациондық қауіпсіздігін сақтауға бағытталған гигиеналық ғылым. Халыққа, иондаушы сәуле көзімен жұмыс істейтін жұмысшыларға радиацияның әсер ету жолдары мен жиілігін, интенсивтілігін, сипатын анықтайтын әртүрлі жағдайлар мен сол континенттің әлеуметтік және биологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар алдын алуға бағытталған принциптер мен оқудағы әртүрлі әдістер радиациондық гигиенаның екі негізгі бөлімдерінің қалыптасуына алып келді. Соның бірі иондаушы сәуле көзімен жұмыс істейтін еңбек гигиенасына, ал екіншісі – халықтың радиационды қауіпсіздігін қамтамасыз ететін радиационды коммунальды гигиенаға бағытталған. Негізгі төрт бағыты бар:

Дозиметрлік, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты.

Радиобиологиялық, бұл эксперименталды және эпидемиологиялық зерттеулер кезінде, ИС-дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттеу.

Қызметкерлер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін гигиеналық регламенттеудің теориясы және методологиясы.

Санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС қорғаудың тәжірибелік шараларын дайындаумен байланысты.

 

Радиациялық гигиенаның міндеттері

 

1) Иондаушы сәуле көзімен қатынаста болған адамдардың еңбек жағдайы мен сырқаттанушылығын зерттеу, тексеру.

2) Иондаушы сәуле көзінің қолайсыз әсерінен қорғауға бағытталған шара комплексін құру (жалпы және индивидуальді).

3) Қоршаған ортаның радиологиялық тазалығын бағалауды іске асыру (ауа, су, топырақ, тағамдар).

4) Қоршаған ортаның радиоактивті қалдықтармен ластануын алдын алуға бағытталған шаралар.

 

№37.Адамға әсер ететін иондаушы сәлелердің көздері. Табиғи радиациялық фон. Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.

Сәулеленудің келесі түрлері бар:

б-сәулеленуі – оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.

в-сәулеленуі – оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.

г-сәулеленуі - радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.

Рентген сәулеленуі - табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.

Нейтрондық сәулелену - нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.

Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.

Табиғи сәулелену көзі - табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.

Табиғи радиациялық фон жер бетінде космостық және жер бетіндегі табиғи көздерден адамға әсер ететін иондаушы сәулелер. технологиялық өзгерген табиғи радияциялық фон –адамның іс әрекеті нәтижесінде белгілі өзгерістерге ұшыраған мысалы жер бетінің пайдалы қазбаларының биосфераға түсуі органикалық жанар майының жану өнімдерінің қоршаған ортаға түсуі құрамында табиғи нуклеотидтері бар материалдан алынған бөлмелердегі сәулеленулер нәтижесінде болатын иондаушы сәулеленулер.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав