Читайте также:
|
|
Мөлдірлеу - судың лайлылығын жою.
Түссіздендіру - судың түстілігін жою.
Залалсыздандыру - патогенді микроағзаларды жою.
Хлорсіңіргіштік активті хлордың мөлшері 30 минут бойына 1 л суды хлорлау үрдісіне шығындалған судағы химиялық қосылыстардың тотығуына кеткен саны мен бактерицидтік әсері.
Қайнату - сібір жарасының спорасын, гельминт жұмыртқаларын, вирустарды, қарапайымдыларды, хлорлдауға қарағанда тез өлтіреді.
УК сәулелендіру УК сәулелері судың органолептикалық қасиетін өзгертпейді, вирустарды, бактерия спораларын, гельминт жұмыртқаларын бірден өлтіреді.
Гамма сәулелену- микроағзалардың барлық түрлерін жояды.
Дезодарациялау- судың дәмін мен исін жояды. Аэрациялау арқылы тотықтырғышты өңдеу жолымен (озондау, хлордың көп мөлшері, марганцевоқышқылды калий) активті көмірқышқылды сүзгіден өткізу арқылы іске асырылады.
Темірсіздендіру - аэрация мақсатында арнайы құрылғыларда –градирлерде суды шашу жолы арқылы іске асырылады. Бұл кезде, екі валентті темір темірдің гидрат тотығына тотығады, бұл тұндырғышта тұнып, сүзгіде ұсталынып қалады.
Суды жұмсарту- ион алмасу сүзгілері арқылы іске асырылады. Судағы кальций, магний иондарының фильтрлердегі натрий иондарына алмасуы жүреді.
Суды тұщыландыру - артық тұздардан суды тазарту.
Деконтаминация- судағы радиоактивті заттармен химиялық қосылыстардан тазарту.
Суды фторсыздандыру- анионалмасу фильтрлері арқылы жүреді. Көбінесе алюминийдің активті тотығын пайдаланады.
Суды фторлау- фторды суға жасанды түрде қосады 0,7 мг/л тіс жегісінің алдын алу мақсатында қолданылады. Суды хлорлау. Заласыздандыру әдісі ең тиімдісі және негізгісі, залалсыздандару жағынан қарапайым, оңай жүргізілетін әдіс болып табылады. Бұл әдісті суқұбыры станцияларында ғана емес, сонымен қатар, жылжымалы қондырығыларда, құдықтарда, бөшке, фляг, шелектерде де жүргізуге болады.
Супер хлорлау. Активті хлордың үлкен мөлшерін -10-30 мг/л, ал соғыс уақытында 100 мг/л –ге дейін қолданады. Сумен байланыс 15-20 минутқа қысқарады. Патогенді микрофлораның барлық түрлері жойылады. Қайта хлорлау кезінде 30-60 минут бойынша, лайлы сулар да жеткілікті түрде залалсызданады. Қос хлорлау Хлорлы реагент суға екі рет қосылады. – тұндыру кезінде және сүзгіден өткен соң. Осыған орай, залалсыздану сенімділігі жоғарылайды, суды тазарту үрдісі жақсарады.
Переаммонизация арқылы хлорлау. Суға алдымен аммиак ерітіндісі құйылады, содан соң 1-2 минуттан кейін –хлор құйылады. Осы кезде бактерицидтік әсер көрсететін хлораминдер түзіледі. Бұл әдіс суда фенолдар мен фено тәрізді заттар болғанда пайдаланады.
Суды озондау. Озон өте күшті тотықтырғыш. Оның тотықтырғыш потенциалы (+1,9) хлордың тотықтырғыш потенциалына (+1.36в) қарағанда жоғары. Айқын тотықтырғыш қасиеті бар аралық бос радикалдардың түзілуімен суда ыдырайды.
Күмістің олигодинамикалық әсері. Күміс айқын бактериостатикалық әсер көрсетеді, ал жоғары концентрацияда бактерицидтік әсері бар. Суға күміс тұздарының ерітіндісі арқы құйылады, суды күмістелген құмнан фильтреу арқылы, электролиттік әдіс арқылы жүреді. Залалсыздану уақыты түссіз 1 л суға 0,1 мг 1 мг күмісті қосқанда 2 сағатты құрайды.
Тақырып №7. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау. Балалардың күн тәртібін және балабақша мен мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау.
Дене бітімінің дамуы – бұл өсу және даму үрдістерін сипаттайтын ағзаның морфофункционалдық көрсеткіштерінің жиынтығы.
Өсу деп – мөлшерлік (количественное) өзгерістерді, даму деп – сапалық өзгерістерді түсінеді.
Соматометриялық көрсеткіштерге баланың тұрған және отырған жағдайдағы бойының ұзындығы, дене массасы,басының, кеуде торының, иығының және санының т.б шеңбері.
Соматоскопиялыққа – баланың тері жамылғысының және шырышты қабықшаларының жағдайы, май жиналу дәрежесі, сүйектерінің кейіпі, кеуде торының пішіні, омыртқа бағанасының жағдайы, аяқтары мен табанының пішіні, жыныстық жетілуінің көрсеткіштері.
Физиометриялық (функционалдық) белгілеріне баланың өкпенің тіршілік сиымдылығы, бұлшық ет күші, пульсінің жиілігі, артериялық қысымы және басқалар жатады.
Регрессия шкаласы қалыпты жағдайда әр түрлі топ жастарындағы балалардың бой ұзындығының бір шамаға өзгеру кезінде дене салмағы мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері қалай өзгеретінін көрсетеді.
Коэффициент регрессиясы бойынша анықтаушы белгінің (бой ұзындығының) 1 см өзгерген кезінде, басқа белгінің (мысалы, дене салмағы) қандай мөлшерге өзгергенін көрсетеді.
Сигма регрессиясы – бұл статистикалық көрсеткіш, басқа белгімен түйіндескен, белгінің жеке ауытқуының мөлшерін анықтауға қолданады.
Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі іс–әрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын түсінеді.
Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібінің негізгі компоненттері: ұйқы – сергектік – тамақтану – ұйқы.
Кіші жастағы балаларда еңбек әдетте ойынмен байланысты, бірақ 5–6 жастан бастап балалар еңбек пен ойынды ажырата бастайды. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың ең бастысы өзіне өзі қызмет етуі дағдыларын үйрету (өздері киініп-шешінуі, жуынуы, ұқыпты отыруы, киімдерін таза ұстауы т.б.). Балалар дастархан дайындауда, сабаққа дайындалуда, өсімдіктерді күтуде, аквариумдерді, жануарларды қарауда көмек жасайды.
Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Бекітілген сағаттарда тамақтану тағамдық қозуына шартты рефлекторлық тітіркендіргіші болып, асқазан сөлінің белсенді бөлінуіне және құнарлы тағамдық заттардың жақсы сіңуіне қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тағам қабылдау бір жағынан тәрбиелік элемент те болып табылады, өйткені балаларда жеке бас гигиенасын сақтау жөніндегі дағдыларды қалыптастырады (тамақ алдында қолдарын жуу, салфеткаларда қолдану, тамақты дұрыс жеу, тамақтан соң аузын шайу және т.б.).
Күн тәртібінде таңертеңгілік және кешкілік тамақ ішуіне – 10 – 15 мин., түскі тамаққа – 20 – 25 мин., түстен кейінгі тамаққа (полдник) 7 – 10 мин беріледі. Бала тамағын ішіп болғаннан соң, үстел басында көп отырып қалмауы керек, себебі балалар отырған кезде шаршауды туғызатын статикалық компоненттінің әсері ұлғаяды. Бұл, тағам қабылдауға теріс көзқарасын туғызып, анорексияның пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Сабақтар - бұл бала-бақшадағы оқу-тәрбие үрдісінің негізгі түрі. Балаларды оқыту белгілі бір жүйе бойынша, жасына байланысты, сабақ мазмұнының қиындығын ретімен және біртіндеп жоғарлатып өткізіледі.
Серуендеу - бұл балалар организмін сауықтыру мен нығайту және қажудың алдын алу үшін сенімді құрал болып табылады.
Оқу жүктемесін нормалау деп оқу аптасының, сабақтарының, үзілістерінің, демалыс күндерінің ұзақтығын, күнделікті және апталық сабақтар сандарының нормалануын және сабақты, оқу күнін, аптасын және оқу жылының басқа кезеңдерін дұрыс ұйымдастырылуын түсінеді. Жалпы білім беретін ұжымдардың барлық түрлерінде (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және т.б.) аптадағы сағат саны 3-кестеде берілген нормативтік жүктемеден аспауы керек.
Максималды оқу жүктемесі минималды міндетті түрдегі, өзгертуге жатпайтын сағаттар жүктемесінен, сонымен бірге, оқушылар өздері таңдап алған сабақтарға, факультативтерге, курстарға, жоғары сыныптарда – салалық пәндерге, қолданбалы курстарға берілетін сағаттардан және жеке балаға, балалар топтарына кеңес беру мен белсенді–қимыл сипатындағы сабақтарға бөлінетін сағаттардан тұрады.
Максималды оқу жүктемесі бірінші сынып пен он бірінші сынып аралығында 24 сағаттан 39 сағатқа дейін көбейеді. 10–11 сыныптарда, ол негізінен оқушылар өздері таңдап алған сабақтар, факультативтер, салалық пәндер және қолданбалы курстар сабақтарына бөлінген сағаттардың едәуір көбеюі есебінен өседі. Факультативтерді таңдау, балалардың бейімділігі мен қалауы бойынша, екінші сыныптын өзінен басталады. Бастауыш сыныптарда оларға 1 сағат, 5–9 сыныптарда – 3 сағатқа дейін, 10–11 сыныптарда–14 сағат бөлінеді. Факультативтік сабақтар міндетті түрдегі сабақтардың саны ең аз күндерінде жүргізілуі керек.
Таза ауада болу – күшті сауықтыру, дамыту және шынықтыру әсері бар, оқушылардың күн тәртібінің қажетті құрамдас бөліктерінің бірі. Оның ұзақтығы кіші сыныптағы оқушыларда 3–3,5 сағаттан, жоғары сыныптағы оқушыларда 2–2,5 сағаттан кем болмауы керек.
Балалардың мектепке оқуға дайындығын анықтау. Мектептегі жүйелі оқу үрдісі кіші мектеп жасындағы балалар ағзасына жоғары талаптар қояды. Жеті жастағы балаларға тән бір қатар морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер олардың жоғары сезімталдығы мен сыртқы қолайсыз жағдайларына төзімділігін, жұмысқабілеттік деңгейінің төменірек болуын және тез қажудың анықтайды.
1. Биологиялық дамуының деңгейі. Егер дене дамуы қалыпты болса, 6-7 жастағы ұлдардың бой ұзындығының бір жылдық өсуі – 6 см-ге, қыздардың - 4-5 см-ге жетсе, ал тұрақты тістердін саны ұлдарда 2-5 және одан жоғары, қыздарда- 2-6 және одан жоғары болса, онда баланың биологиялық жасы төлқұжаттық жасына сәйкес болып саналады.
2. Резистенттлік деңгейі (өткен жылдағы жедел аурушаңдық бойынша). Егер бала оқуға түсер алдындағы жылда жедел аурулармен 3 реттен артық ауырмаса, оның резистенттілігі жақсы деуге болады.
Оқуға шартты түрде дайын деп, компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар, биологиялық жасы төл құжаттық жасынан артта қалған, тәртібінде елеусіз ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары толық қалыптаспаған балалар саналады.
Мектепте оқуға дайын емес деп, суб- және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары және айқын функционалды ауытқулары бар, биологиялық жасы төлқұжаттық жасынан артта қалған, дыбысты айту кемшіліктері бар, тәртібінде ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары қалыптаспаған (Керн–Ирасек тесті - 10 және одан да артық балл, монометриялық тест - теріс), бала бақша бағдарламасын меңгере алмаған және оқуға деген көзқарасы қалыптаспаған балалар саналады.
Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі іс–әрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын.
Оқу жүктемесін нормалау деп оқу аптасының, сабақтарының, үзілістерінің, демалыс күндерінің ұзақтығын, күнделікті және апталық сабақтар сандарының нормалануын және сабақты, оқу күнін, аптасын және оқу жылының басқа кезеңдерін дұрыс ұйымдастырылуын түсінеді.
Оқуға шартты түрде дайын деп, компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар, биологиялық жасы төл құжаттық жасынан артта қалған, тәртібінде елеусіз ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары толық қалыптаспаған балалар саналады.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 183 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |