Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұрақ. Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

Читайте также:
  1. Ндірістік және азаматтық нысандарға азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары.
  2. Сұрақ. Ас блогына және буфеттiк бөлiмшелерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
  3. Сұрақ. Тамақтану статусы
  4. Тақырып № 2: Бөлмелердің микроклиматын гигиеналық бағалау.
  5. Тақырып № 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртәпті , табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.
  6. Тақырып №9. Тамақтану адекваттылығын тағамдық статусы бойынша гигиеналық бағалау.
  7. Ытай философиясының мектептері

Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.

Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.

Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды; Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады. Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, “дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.

Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады. Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.

Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.

Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де анықталады.

Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.

Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы дұрыс деп саналады.

Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.

Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.

Баланың сабақ кезінде столға дұрыс отыруы, баланың басының, столдың жазық бетіне еңкеюінен пайда болады, мұнда еңкею бұрышы 25-510, кеуде жағы 41-620, бүкіл дене 85-1000 болуы керек. Ол үшін мектеп жиһаздарының негізіг бөліктерінің - стол мен орындықтың биіктіктерінің қатынасының дұрыстығы міндетті түрде сақталуы қажет.

Бұл қатынастар дифференция, орындық арқалығының ара қашықтығы және орындықтың ара қашықтығы көлемдері арқылы анықталады (сурет)

Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.

Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.

Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; «Нөлдікң, әсіресе «оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. «оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. «Терісң дистанцияның «оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.

Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар

Балалар ес білгеннен бастап, белгілі көлемдегі ақпаратты қабылдап, түсіне білуі қажет. Білімді меңгерудің жаңа жолдары мен хабар алудың жаңа құралдары пайда бола бастағанымен ақпарат алудың негізгі көзі кітап болып қала береді.

Мектеп оқушыларында жақыннан көргіштік дамуы көптеген факторларға байланысты болатынын, әсіресе, оқулықтар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф.Ф.Эрисман атап көрсеткен болатын. Бұл жағдай офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан, кітаптың өзі де, оқу процессі де регламенттеуді қажет етеді.

Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен (басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін) жүргізіледі:

1. Әрбір оқулықтардың басылымын, олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік мамандардың іріктеп тексеруі (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар);

2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық сараптма жасау үшін, таңдап, іріктеп алу;

Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Текстің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, баспа бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады.

Сонымен, оқулықтың гигиеналық сипаты - қағаздың, баспаның, шрифтің, баспа жиынтығының, форматтың және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.

Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі келтірмейтіндей өте жылтырамауы керек. Кедір-бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді, органикалық лас заттарды өзінде ұстап қалады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы анықталған.

№1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық қағазды қолдануға болмайды. Оқулықтарды №3 типографиялық қағазда және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым са-лынады.

Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.

Оқу процессі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық-педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифт: келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының өлшемдерінің жеткіліктілігі, түр түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталды. Осы талаптарға ең жоғарғы дәрежеде, рубленная (кертік) гарнитура сәйкес келеді екен.

Азбука әріптерінің әліппе әріптерінен айырмашылығы штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының жақын орналасуында. Бірінші сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппесі үшін, әліппелік немесе журналдық кертіктік гарнитурасын алған жөн. Кейінгісін бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін арналған оқулықтарға да қолдануға болады.

Екінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған оқулықтарға мектептік (школьная) гарнитура қолданылады. Оның кертіктік гарнитурадан айырмашылығы штрихтарының жіңішкелігінде және әріптердің аяқ жағында онша анық емес кертік таңбалары болатындығында. Әріптердің шрифтері мектеп гарнитурасынан жіңішкелеу келеді.

Үшінші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, түсініктеме, көрсеткіштер, сөздіктер және т.б.) басу үшін көлбеу типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі. Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу үлгісінен басқа) қолдануға болмайды.

Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда оқушы жас болған сайын, шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық байқалады. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан, оның жеке элементтерінің өлшемі және әріптің өзінің тұтас алғандағы өлшемі жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам көз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені бұндай жағдайда оның өлшемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін төмендетеді. Оқуға дағдылану қалыптасқан соң, үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.

Бірақ, бұдан кейінірек жүргізілген зерттеулер, шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты бөлу қажеттігін көрсетті, және бұл ұсыныстардың бәрі ересектерге де арналатындығы анықталды. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пунктпен өлшенетін литер ауданының биіктігі)

Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы "Н" - әрпінің биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып оқулықтары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм) болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан, гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп есептеледі.

Одан ұсақ шрифтермен - петитпен (8 кегль) орта және жоғары сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша мәтіндерді басуға рұқат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда, сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады. 7-8 сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану арқылы 4 жолдан ар-тық басуға болмайды; ал 9-10 сыныптарға арналған оқулықарда бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек. 8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен тапсырмаларды, әрбір сұрақтың мәтіні екі жолдан, ал петиттің барлық мәтіні - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті қолдануға рұқсат етіледі.

Сондықтан оқу дағдысы аз төменгі сынып оқушылары үшін 20, 16, 14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130 мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастап 10 кегльден тұратын шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы 113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады.

Осыған байланысты бастауыш және орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағаннан тұратын текст жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағанды баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде, негізінен ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін (анатомия, физиология, география және т.б.) оқулықтарға ғана рұқсат етіледі. Оқулықтардың мәтінін үш бағанды баспамен басуға тиым салынады.

Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптерінің арасының өзара қашықтығының да (интерлиньяж және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқулықтарында интерлиньяж 2,8 мм, жоғары сынып оқулықтарында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1 см2 орында 10-15 белгіден көп болмауы керек.

"Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері" оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түріне арналды. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру, оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыққан оқулықтар "санитарлық ереженің" талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады, немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.

Еңбектің түрлері және оларды сипаттайтын жұмыс процесстерінің факторлары. Жұмыс ауырлығы мен қауырттылығының гигиеналық маңызы.

Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның бөлімі, ол адам ағзасына жұмыс үрдісінің әсерін және өндіріс орындағы факторларын зерттеу арқылы, қойылатын талаптарға ғылыми түсініктеме береді, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында, жұмысшыларға еңбек жағдайында жағымсыз әсер ететін факторларды зерттейді

Еңбек гигиенасы төмендегідей жұмыс атқарады: Еңбек жағдайын жақсарту мақсатында, гигиеналық нормативтерді орнатады; Өндірістік кәсіпорындарда санитарлық ережелерді орнатады, жұмыс үрдістері мен жұмыс орындарында жұмыс жағдайының рационалды ұйымдастырылу бойынша, еңбек тәртібі мен демалыс уақытына қатысты ұсыныстар даярлайды.

Еңбек гигиенасы түрлі зерттеу әдістерін қолданады: талдау, статистикалық, химиялық, биохимиялық, физикалық, инструментальді, клиникалық, экспериментальді.

Жұмысшылар топтарының денсаулық жағдайын және аурушаңдық көрсеткіштерін зерттеу үшін клиникалық және санитарлы – статистикалық әдістер қолданылады.

Өндіріс орталарына арналған нормативтерді даярлау үшін экспериментальді зерттеулер жүргізіледі: электрофизиологиялық, биохимиялық, патоморфологиялық, гематологиялық, токсикологиялық, эмбриологиялық және т.б.әдістер.

Еңбек гигиенасы кәсіби патологиялармен тығыз байланысты. Сонымен қатар теоретикалық және клиникалық салалармен (аналитикалық химия, физика, физиология, оториноларингология және т.б.)

№67 Мынадай мамандыққта адамдарда өндірістік діріл әсер етеді –дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтіндер –асфальт бұзатындар пневмвтикалық құралдармен –бұрғылау, қол бүрғы, трактор, комбайн,және бульдозер жүргізушілері.

Дірілдің ағзаға әсері оның жиілігіне,тербеліс қозғалысың амплитудасына және жылдамдығына баййланысты.Діріл ауруының алдын алу дұрыс ұйымдастырылмаса ол ағзаның жүйке жүйесінде функционалдық және органикалық өзгерістер туындатады.Діріл ауруының бірнеше түрі бар –дірілдің жергілікті түрі діріл белгілі бір ағзаға әсер еткенде байқалады. мысалы пневматикалық құралмен жумыс істеген кезде қолға әсер етіп, ангионевроз ауруын туындатады. Ол кезде адамның адамның саусағында сезу қабілеті нашарлайды.терісі боз болады.Орталық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы және эндокринді жүйенңн жұмысының бұзылуы байқалады. Дірілдің одан басқа ағзаға жалпы және аралас түрі болады.Жалпы діріл әсерәнен орталық жүйке жұмысының бұзылуы байқалады. Депресия белгілері де байқалады.

№69.Өндірістік шаңның гигиеналық маңызы

Кәсіптік аурудың туындауына әсер ететін негізгі фактордың бірі өндірістік шаң б,т. Шаң көптенген өндірістік процестер кезінде пайда болады. Мысалы: майдалау, тегістеу, егеу, елеу, бөлу, электродәнекерлеу, әр түрлі жару жұмыстары және шаң шығаратын материалдарды тасмалдау кезінде п,б. Шахталарда кен өндіретін жерлерде және бірқатар ауылшаруашылығы кезінде сол жердің аумағында шаңдану пайда болады. Шаңның көп концентрациясы жұмыс нашар ұйымбастырылған өндірістерде жөне алдын алу шаралары орындалмаған жағдайда болады. Ауаның шаңдануы жоғары болған сайын, оның адам ағзасына өсері де өседі. Шаңның көп молшері оның ауада қалқап жүру ұзақтығына және тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне әсер етеді. Ірі шаңдар өкпенің альвиолаларына жетпейді, олар жоғарғы тыныс жолдарында ұсталып қалады. Көлемі 10 мкм деназ шаңдар ауада қалқып жүреді. Олар тыныс алу жолдарына барып өкпенің терең жерлеріне шөгеді де пневмокониоз тудырады.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав