Читайте также:
|
|
"Тамақтану статусы" - дегеніміз адамның бұрынғы және нақты тамақтануынан туындағын организмнің физикалық және психологиялық-физиологиялық жағдайы. Ол организмнің клиникалық, соматометриялық, метаболитикалық, функционалдық және де басқа көрсеткіштермен, денсаулық және жұмыс қабілеті деңгейімен сипатталады және тамақ компоненттері сапасын және организмнің энергиялық қажеттілігімен тамақтанудың сәйкестілігі тұрғысында бағаланады. Тамақтану статусын қалыптастыру үздіксіз және динамикалық процесс болып есептеледі, себебі, ол ананың жатырында басталып, бүкіл өмір бойы үзілмейді. Өсуі және дамуы кезінде организмнің қажеттілігіне сәйкес тамақтану жағдайына тағам статусының қалыптасуы генотиппен жүргізіледі. Дегенмен тұқым қуалау бағдарламасының таратылуы тек қана тамақтанудың толық құндылығы организмге қажетті энергияға қатысты емес, ол адамның фило және онтогенездің ерекшеліктеріне байланысты. Тамақтану статусының көрсеткіштерін бағалау стандартты мөлшерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Олар осындай контигенттер үшін олардың жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, тіршілік пайымын, адамдарға әсер ететін сыртқы орта жағдайын және экстремалды жағдайларды ескере отырып белгіленеді. Интегралды бағалау негізінде тамақтану статусы мөлшерлі, жеткіліксіз немесе артық болып үш түрде бағаланады. Мөлшерлі тамақтану статусы – дені сау адамның жасы мен жынысына сәйкес келетін, оның тіршілігіне, жаңарып отыруына және қоршаған ортаға бейімделуіне жақсы мүмкіндіктер туғызатын, адам денесінің генетикалық тұрғыдан морфологиялық және заттық құрамына сәйкес болатын біркелкі тамақтануды көрсетеді. Жеткіліксіз тамақтану статусы – ашығудың толық немесе өлшемді түрлерінде немесе организмге қажетті жекелеген тамақ түрлерінің тамақ құрамында жетіспеушілігіне байланысты пайда болады. Өзгерістерден кейінгі организмнің жағдайын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның табиғи көрсеткіштері, функционалдық жағдайы және бейімделуімен мүмкіншіліктері, жұмыс істеу қабілеті және денсаулық жағдайы нашарлайды. Артық тамақтану статусы – тамақ түрлерін немесе тамақтың жекелеген құрамды бөліктерін организм қажеттілігінен жоғары көлемде қабылдағанда пайда болып дамиды. Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары тамақтанудың физиологиялық нормаларына сай, үйлесімді ету мақсатында жүрігізіледі. Тамақтануды зерттеуде келесі сұрақтар анықталады:
1. Тұтынылатын азық-түлік сипаты мен тамақтың әртүрлілігі;
2. Тамақтану режимі;
3. Азықтың химиялық құрамы мен биологиялық құндылығы;
4. Азық түлікті тұтыну мен тамақ дайындайдағы ұлттық ерекшеліктер.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 171 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |