Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұрақ. Ас блогына және буфеттiк бөлiмшелерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

50. Ас блогы, жұқпалы аурулар бөлiмiнен басқа корпустармен және бас корпуспен ыңғайлы жер асты және жер үстi көлiк қатынасы бар, бөлек тұрған ғимаратта орналасуы тиіс.

51. Ас блогының қолданылуына, құрылымына, жабдықтарға, буфеттiк бөлімшелерге, тағам өнiмдерiн кулинарлық өңдеуден өткiзуге және сатуға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай қойылады.

1) тамақ өнiмдерiн дайындаған кезде, өндірістiң үздiксiз үдерiсiн қатаң сақтау керек. Дайын өнімдер мен шикізаттардың бірдей өңделуiне орын бермеу керек.

2) барлық ыдыс жуғыштарда (буфеттік бөлімшелерде) ыстық суы құбырмен келіп, ыдыс жуатын ваннаға қосылған және резерв ретінде электрлі титан орнатылуы қажет. Барлық жуғыш ванналар канализация жүйесiне қосылып, су ағысы мен оны қабылдайтын жоғарғы құйығының арасы 20 милиметр болу керек.

3) ас блогына келiп түсетiн азық-түлiк өнімдері қолданылып жүрген нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес болып, өнімнің сапасын растайтын iлеспе құжаты бiрге жүруi керек. Тағам өнімдерінiң iлеспе құжаты жоқ, сақтау мерзімі өткен, бұзылған белгiлерi болған жағдайда Қазақстан Республикасының "Сертификаттау туралы" Заңының негiзiнде оларды қолдануға рұқсат етiлмейдi. Қараныз Z040000603

52. Тамақ түрлерiнiң мәзiрiн жасағанда белгiленген тәртiп бойынша жасалған тамақтану нормасы есепке алынуы қажет. Аурулардың тағамы әртүрлі болып, химиялық құрамы, энергиялық құндылығы, азық-түлiк түрлерi, тамақтану тәртiбi жағынан емдеу көрсеткішіне сәйкес болуы керек.
Тамақ түрлерiнiң мәзiрiн жоспарлау барысында, сол сияқты азық-түлiк түрлерiн ауыстыратын күндерi олардың химиялық құрамы мен нәрлiлiгi есепке алынуы керек.

53. Бөлiмшелерге тағамды таратар алдында оның сапасы тамақты дайындаған аспазшымен, сонымен қатар сапасыз өнiмдi iрiктеушi комиссиямен тексерiлуi тиiс. Сапасыз өнiмдi iрiктеушi комиссияның құрамына дәрігер-диетолог (дәрiгер болмаған жағдайда - диетбике), өндіріс меңгерушiсi (бас аспазшы) ауруханадағы кезекші дәрігер кiредi.

54. Күнделiктi ас блогында пiсiрiлген тамақтың тәуліктік сынамасы қалдырылуы керек.

55. Тамақты таратар кезде, бірінші тамақтың және ыстық сусындардың температурасы 75 С, екінші - 65 С төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындар 7 С-тан 14 С дейiн болуы керек. Таратарға дейiн бірінші және екінші тағамдардың ыстық плитада екi сағатқа дейін тұруына болады. Күнi бұрын дайындалған тамақтың қалдықтарын сол күнi жаңа пiскен тамаққа араластыруға тыйым салынады.

56. Ас блогында бөлімшелерден түскен ыдыстарды, құралдарды жууға рұқсат етiлмейдi.

57. Ас блогының қоймалық үй-жайларында айналымдағы ыдыстар мен тағам таситын контейнер - арбаларды жуатын бөлме қарастырылуы тиiс. Ішiнде жүргiзiледi, ол жерде шайынды суы канализацияға қосылған алаң қарастырылуы қажет.

58. Дайын тамақты буфеттік бөлімшелерге тасығанда термостар, арнайы арбалар немесе қақпағы қатты жабылатын ыдыстар пайдаланылады. Ас блогы мен буфеттік бөлімшелерде зақымданған (эмалi түскен) эмальды ыдыстарда (шелек, кастрюль) дайын тамақ пен азық-түлікті тасымалдауға және сақтауға тыйым салынады.

59. Нанды полиэтиленді және пленкалы қаптарға салып тасу керек, бірақ оларда нанды сақтауға рұқсат етілмейді.

60. Ас блогында жууға және зарарсыздандыруға қолданатын заттар мен тазартуға қажеттi құралдарды сақтайтын бөлме болу тиiс. Тазартуға қолданылатын құралдар таңбаланып, ал жуғыш және зарарсыздандыратын заттар таңбаланған ыдыстарда сақталуға тиiс.

61. Ас блогы мен буфет бөлімшелерінiң арнайы жұмыс киімдерi тек кір жуатын орындарда жуылуы керек. Киімдерді ас блогының үй-жайларында немесе үйде жууға тыйым салынады.

62. Буфеттік бөлімшелерде бөлек екі бөлме (9 шаршы метрден кем емес) және ыдыс жуатын үш ұялы ванна орнатылған бөлме (6 шаршы метрден кем емес) қарастырылуы керек.

63. Ауруларға тағамды буфетші немесе бөлімшенің кезекші мейірбикелері тағамды пiсiрiп, бөлімшелерге әкелгеннен кейiн, екi сағат ішінде таратуы қажет.

64. Тағамның белгiленген емдәмге сәйкес таратылуына аға мейірбике бақылау жүргізеді. Тағамды кіші медициналық қызмет атқарушы персоналға таратуға рұқсат етілмейді.

65. Бөлiмшелердегi ауруларға арналған сәлемдеменi қабылдайтын жерлерде рұқсат етiлетiн және тыйым салынатын азық-түлiк түрлерiнiң тiзбесi (көлемi, саны көрсетiлiп) iлiнiп қойылуы керек. Бөлімшедегi кезекші мейірбике күнделікті тоңазытқыштар мен тумбалардағы тағамдардың сақталу мерзiмiнiң орындалуын тексерiп отыруы керек.

1) ауруларға арналған үйiнен келетiн тамақ түрлерi целлофан пакеттерге салынып, сыртында науқастың аты-жөні, берiлген күнi жазылып, берілуi керек. Сақтау мерзімі өткен, целлофан пакетке салынбаған (тоңазытқыштардағы), науқастың аты-жөні көрсетілмеген, бұзыла бастаған тамақтар анықталған жағдайда, олар алынып, тамақтың қалдықтарына тасталады.

2) үйден келген тамақтың сақталу ережесімен ауру бөлімшеге келген уақытта таныстырылуы тиiс. Бөлімшелердегі кезекші мейірбикелер үйден әкелінген тамақтың емдәмге сәйкестігін, оның санын, сапасын тексерулерi керек.Буфетті және асхананы ас үйден тағам жеткізілетін қызметтік баспалдаққа немесе лифтіге жақын орналастырады. Буфет бөлімдерінде бөлек, екі бөлме қарастырылуы керек, біреуі ыдыс-аяқ жууға, екіншісі, тағамдарды ысытуға және таратуға қолданылады. Буфет тағамдарды қыздыруға, таратуға және ыдыс-аяқты жууға, су ысытуға арналған барлық қажетті заттармен және тоңазытқышпен жабдықталады. Асхананы, аурулардың бір мезгілде 50% шамасында тамақтанатындай етіп, 1 науқасқа 1,2 м2 есебінен ұйымдастырады. Төсек тартып жатқан аурулардан басқалары асханада тамақтанады, бұл гигиеналық жағынан орынды, сонымен қатар, ауруды белсендірек өмір сүру түріне тартып, оның психикалық тонусын көтереді, тағамға тәбеті және көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Дайын тағамдарды буфет қызметкері және кезекші медбике таратады. Тағамды кіші медицина қызметкері үлестіруіне рұқсат етілмейді. Палата бөлімі элементтерінің бірі - санитарлық жүйе болып табылады, оны палата секциясының шетінде орналастырады. Санитарлық жүйе құрамына жуынатын, ванна, дәретханалар және санитарлық бөлме кіреді. Санитарлық бөлмеде әжет ыдыстарын, клеенкаларды жуу және стерилльдеу жүргізіледі, талдауға арналған биоматериалдар сақталады, кірлеген киімдер мен төсек жапқыштарды іріктеп, уақытша сақтау жүргізіледі, бөлмелерді тазалайтын заттар сақталады. Санитарлық жүйенің бөлмелерінде табиғи жарық болуы керек, едені мен панельдері глазурленген плиткалармен жабылады.

№54.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға, бөлімлерінің құрамына және орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Емдік мекемелердің ауруды емдеуде тиімді жұмыс жасауы үшін және ауруханалық жұкпалық аурулардың алдын алу үшін санитарлық нормалар мен ережелер дайындайды. Алдын алу шараларына күнделікті ылғалды жинаудан басқа химиялық және физикалық әдістерді қолдана отырып залалсыздандыру, санитарлық тәртіпті қатаң сақтау жатады.Құрылымдық бөлімшелерге балалар,акушерлік, жұқпалы аурулар,тері,венерологиялық,туберкулездік психиатриялық бөлімнің әркайсысының өзінде қабылдау бөлімі болу керек.Емханаларды стационарлар құрамында немесе бөлек орналастыруға да болады.

№55.Балалардың денсаулығы және оның қалыптасуындағы әлеуметтик,сыртқы және биологиялық факторлардың рөлі. Балалардың денсаулығын сәбі кезінен бастап жақсарту керек. Балалар сәбі кезінде тұрғылықты жерде бұлтты күндер, жауынды күндер көп болатын болса, онда балада күн көзі жетиспеушілігі ауруы пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай балалар профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелерін қабылдағаны дұрыс.Мектепке дейінгі балаларда балабақшадағы кезінде бала партада дұрыс отырмаса ондай балалардың омыртқа сүйегі тез кисаяды. Сондықтан ол жастағы балаларды партада дұрыс отыруға тәрбиелеу керек.Ол баланың жақсы тыныс алуына, қан айналымның жақсы болуына және кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді.Ал оқушылардың физикалық жағынан жақсы дамып жетілу үшін таңертеңгі гимнастика ұйымдастыру, дене тербиесі сабақтарын өткізу, сабақ кезінде дене шынықтыру үзілістер жасау керек.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 203 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав