Читайте также:
|
|
Ауа-райы белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік,апта) тән атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық қасиеттерін түсінеді.
Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысына да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттігі, сонымен қатар,қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.
Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әртүрлі белгілерінің дамуына әкеледі.
Салқындататын дискомфортты микроклимат жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.
Физикалық жолмен жылу реттелуі қоршаған орта жылу берілуінің өзгеруімен іске асырылады.
Жылу берілуінің негізгі жолдары сәулелену (инфрақызыл), конвекция,өткізу (кондукция) және булану болып табылады.
Қоршаған заттар мен қоршаулардың температурасы адамның терісінің температурасынан жоғарырақ болған кезде,адам өзі жылу беруге қарағанда жылуды көбірек алады,яғни оң радиациялық баланс пайда болады.
Жел раушаны әр түрлі бағыттар (румбалар) бойыша жыл бойына желдің тұру жиілігінің графигі қурастырылады.
Объективті бағалау адамның жылулық жағдайыт мен микроклимат көрсеткіштеріне жүргізілетін аспаптық зерттеулердің нәтижелері негізінде беріледі.
Жалпы жиынтық сәулелену күн көзінен тікелей түскен,көк аспаннан өткенде шашыраған және әр түрлінысандар бетінен шағылысқан сәулелерден тұрады.
Химиялық жылу реттелу- қоршаған ортаның температурасына байланысты ағзаның жылу өнімдерінің алмасу процесстерінің реттелуі төмендеуі немесе жоғарылауы.
Физикалық жылу реттелу – ағзадан жылудың берілуі.жылу берілудің мынадай жолдары бар: сәулелену, конвекция, кондукция, булану.
Сәулелену арқылы(инфрақызыл радиация) жылу берілу дегеніміз- тек тірі ағзаларға тән емес, барлық жылу қабылдайтын нысандарға тән.
Сәулелік жылу алмасу адам мен қоршаған орта арасында үздіксіз жүріп отырады.
Радиациялық теріс баланс ауа температурасының қолайлы жерлеріндеде, сондай-ақ суық немесе ылғалды қабырғаларда орын алады, бұндай жағдайда аз қыздырылатын беткейлерге аз интенсивті жылулық сәулелену жүреді.
Нөльдік баланста адамның денесінің беткі бөлігі қанша жылу қабылдаса, сонша жылу бөледі.
Конвекциялық жолмен жылу берілу адам денесінің беткейіндегі ауа массасына жылу беріледі.
Желсіз,суық ауа райы кезінде температуралық градиенттің бұрмалануы инверсия байқалуы мүмкін.
Кондукция кезінде – дене суық заттармен түйіскенде жүреді.
Ауаның ылғалдылығы суаттардың, топырақтың, өсімдіктердің беттерінен су булануына байланысты және ол ауаның температурасы мен оның қозғалу жылдамдығының өзгеруіне тәуелді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – бұл ауаның су буларымен қанығу пайызы.
Қозғалу жылдамдығы - ауа массасының уақыт бірлігінде өтетін қашықтығымен анықталады: әдетте, жылдамдығы секунд ішіндегі метр санымен беріледі.
Жел розасы - жергілікті жердегі белгілі бір кезең (ай, жыл) ішінде дүниенің бұрышы (по сторонам света) бойынша жел бағытының графикалық бейнеленуі.
Ауа қозғалысынң үлкен жылдамдықтарын тікелей анықтау үшін (табақшалы, қанатты) Фюсса, Казелл анемометрін, Нито трубкасын т.б. қолданады.
Ауа қозғалысының аз жылдамдықтарын жанама түрде анықтау үшін (шар тәрізді, құрғақ) кататермометрмен, шекті (струна) анемометрді, термоэлектрлік анемометрді т.б. қолданады.
Табақшалы анемометр негізінен ашық атмосферада метеорологиялық бақылау үшін арналған және ауаның қозғалу жылдамдығын 1 м-ден 50м/сек дейін өлшеуге мүмкіндік береді.
Қанатты анемометр үлкен сезімталдығымен ерекшеленеді және 0,5 тен 15 м/сек-қа дейінгі ауаның әлсіздеу ағынын анықтау үшін жарамды.
Биіктік немесе тау ауруы ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі әсерінен дамитын гипоксия.
Кессон - сумен қаныққан жер асты грунттарында немесе су астында жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған камера.
Иондану – ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама- қарсы зарядталған иондарға ыдырауы.
Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшекткр кіреді.
Күн дағы көлденеңі бірнеше мыңдаған километрге созылған және магниттік өріс кернеулігі жердің магниттік өрісінің кернеулігінен мыңдаған есе жоғары, алып электромагнит болып табылады.
Күн көзіндегі жарқылдаулар (солнечная вспышка) күндегі болып жатқан жарылыстардың бейне көрінісі.
Жарық климат әр түрлі жерлердегі жер бетіне жететін күн сәулесінің мөлшері.
Фотобиологиялық үрдістер әр түрлі биохимиялық және физиологиялық айналымдар жиынтығы.
Тақырып № 3.Бөлме ауасының химиялық және бактериялық ластануын және табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау
Ауадағы микрағзалардың санын анықтау оның гигииеналық тазалық критерийінің бірі болып табылады.
Ауаның бактериалдық ластану дәрежесін ауадағы жалпы микробтар санын немесе микробтардың кейбір түрлерінің (пигмент түзушілер, -альфа, -бета стрептококктар, ішек таяқшалары, споралы микроағзалар және т.б.) анықтау арқылы білуге болады.
Желдету - бөлме ішіндегі ластанған ауаны сырттағы таза ауамен алмастыру.
Табиғи желдету бөлмелерде терезенің тесіктері арқылы, құрылыстық материалдардың тесіктері арқылы, ашық форточкалар, фрамугалар, терезелер, және есіктерден ауаның түсуі мен шығуы нәтижесінде жүреді.
Жасанды желдету кезінде бөлмеге ауа жасанды желдеткіш заттар арқылы беріліп немесе шығарылып отырады.
Алып келетін желдету кезінде бөлмеге ауа желдеткіш арқылы беріледі, бөлмеден ауа табиғи жол арқылы шығарылады.
Әкететін желдету кезінде ауа бөлмеге табиғи жол арқылы түсіп, желдеткіш көмегі арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Алып келетін-әкететін желдету кезінде ауаның бөлмеге түсуі, бөлмеден шығарылуы желдеткіш арқылы іске асырылады.
Желдетудің жалпы алмасуы кезінде бөлме немесе ғимаратта ауа толық көлемде алмасады.
Желдетудің жергілікті алмасуы шектелген аймақта ғана алмасады.
Желдетудің жалпы алмасуы кезінде бөлме немесе ғимаратта ауа толық көлемде алмасады.
Желденудің жергілікті түрінде шектелген аймақта ғана (мыс:сорғыш шкафтар) алмасады.
Алмасу қысқалығы - 1 сағат ішінде бөлмеде ауа неше рет алмасатынын көрсетеді.
Желдетудің қажетті көлемі - бөлмеге сағатына 1 адамға берілетін таза ауаның саны, мұндағы зиянды заттардың мөлшері шектелген деңгейден аспауы қажет.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 246 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |