Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кілі: Trichinella spiralis

Трихиннелез (Trichinella spiralis)-қоздырғышы нематодтар класына жататын,нәжіс-ауызды механизммен берілетін,жедел өтуімен,қызба,бұлшық етердің ауруы,ісуі және айқын аллергиялық құбылыстардың сипатталатын табиғи -ошақтық зоонозды биогельминтоз.

Этиологиясы. Трихиннелдің қоздырғыштары трихиннелдардың 5 түрінен тұратын жұмыр құрттар болып есептеледі.Тағы да Арктиканы мекендейтін жабайы сүтқоректілерде өмір сүретінтөменгі температураларға өте төзімді.T.nativa түрі де адамға патогенді.Сонымен қатар Евразияның солтүстігінде тараған -T.Britovi,Африканың экваториалдық елдерінде болатын T.pseudospiralis-тің патогенділігі аздау.Барлық түрлерге қарсы айқасқан иммунитет түзіледі.

Трихинеллалар-кішкентай нематодтар,ұзындығы 1-3мм.Басқа нематодтардан айырмашылығы,олар -тірідей туатын гельминттер.Олардың личинкалары -жас трихинеллалар-таяқшаға ұқсас,ұзындығы0,1мм,18-20күннен кейін личинка 1,0мм дейін ұзарады.

Қоздырғыштардың морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Трихинеллалардың даму циклінің өзгешеліктері-ол бір организмде өтеді,яғни ақырғы және аралық ие адам және 50-ден астам үй және жабайы жануарлар организмі.Аш ішектің және тоқ ішектің басталар жерінде ересек даралары көптеген тірі личинкаларды туады.Олар ішек қабырғасына өтіп,лимфа капиллярларына және қан ағымына түседі,организмді арала, дене бұлшық еттерінде орналасады.3-4аптадан кейін олардың айналасын қалыңдығы 0,2-0,6мм дәнекер тінді қабық қоршайды.6-18 ай өткеннен кейін ол әктеліп қатаяды.Личинкалар тіршіілк қабілеттілігін 5-10жылдан 40-50жылға дейін сақтайды.Адамның бұлшық етеріндегі трихинелла личинкаларының пішіні лимон тәрізді болады.Иенің түріне және орналасқан жеріне байланысты сопақшапішінді болады.Паразит жаңа иесінің организміне құрамында қабықтанған тірі личинкалары бар аңдардың етімен түседі.Асқазан сөлінің әсерінен личинкалар қабықтарынан құтылады.Сонан соң 1-1,5тәуліктен кейін аш ішекте ересек күйіне жетеді.Кейін осы даму циклі қайталанады.

Паразиттің даму сатыларын мынадай сызба түрінде келтіруге болады. Жұмыртқалық жасушадан личинкағадейінгі дамуы-----личинкалардың қаңқалық бұлшық еттерге капсуламен қоршалуы(инвазиялық түрі) -----капсуладан босануы және ересек түріне дейінгі дамуы-----ішектегі бұлшық еттік түрі (аралық ие)----ұрғашысыынң ұрықтануы---жаңа личинкалардың тууы.Цикл аяқталады.

Эпидемиялық процесстің сипаттамасы. Адам организмі трихинеллалар үшін биологиялық тұйықтық болады.Себебі,ол трихинеллездің қоздырғышының көзі емес.

ИНвазия жабайы және үй жануарларының арасында таралады.Сондықтан олар инвазия қоздырғышының көзі де және залалдану факторы да бола алады.

Трихинеллез-табиғи-ошақтық инвазия.Бұл гельминтоздың ареалы өте кең,барлық континенттерде кездеседі.Үй жануарларының ішінде үлкен эпидемиологиялық қауіп тудыратындар:шошқалар,иттер және мысықтар.Олар негізіенн бұл инвазияның антропургиялық ошағын құрады.Бірақ бірінші орында трихинеллалармен залалданған көптеген тағы хайуандар яғни табиғи-ошақтық синантроптық және антропургиялық ошақты үнемі қамтамасыз етіп отырады.

Патогензі және клиникалық көріністері. Трихинеллез ауруының клиникалық өтуі барысындағы көріністер негізінде парзиттің заталмасу өнімдерінің және ол өлгеннен кейінгі заттардың организмге сенсибилизациялық әсерімен,соған байланысты,дамыған аллергиялық реакциямен анықталады.Бұларға ие тіндері бұзылғаннан кейін аутосенсибилизация қосылады.Аурудың ішкі ағзаларында инфильтраттар,қан тамырларының аллергиялық асқынулары байқалады.

Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге және қанда микрофилярийлерді табуға негізделген,личинкалар қанда үнемі болады.

Емдеу: дитразин препаратын қолдану.

Алдын-алу шаралары ауруларды табуға,оларды гельминттерден тазартуға күрделі шаралар атқарумен іске асырылады.

 

61. Клонорхоз, этиологиясы (систематикасы сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы) эпизотологиясы(таралуы), эпидемиологиясы(жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, күресу шараларына анықтама беріңіз.удачитебе) систематикасы- тип –жалпақ құрттар-plathelminthes-класс- trematoda-сорғыш құртттар,отряд- digenea-қос езулілер,туысы- Clonorchis, өкілі- Clonorchis sinensis –қытай сорғышы. клонорхоз-алғашқы кезеңінде жіті аллергоз түрінде,соңынан көбінесе өт жүйесі мен ұйқы безін зақымдап, созылмалы түрде өттетін,ішектен тыс орналасатын,қоздырғышы трематодалар класына жататын,нәжіс ауыз механизммен берілетін,табиғи-ошаөты антропонозды биогельминтоз. Қоздырғышы-Cionorchis sinensis(синонимі қытай сорғышы), опистархиске ұқсас, бірақ одан ірірек(ұзындығы 10-20мм, көлденең 2-4мм), денесінің алдыңғы жағы ұзынырақ. Клонорхистар соңғы ие болатын адамның, иттің, мысықтың және кейбір ет қоректі жануарлардың бауырының өт жолдарында, өт қабында және ұйқы безінде паразиттік өмір сүреді. Жұмыртқалары адам нәжісімен сыртқа шығады. Суға түскен жағдайда,личинкалардың(мирацидицлердің) әрі қарай дмуы тұщы су моллюскаларының(бірінші аралық иесі) денесінде өтеді. 2 айдан кейін құйрықты церкарийлерге айналып, моллюска денесінен кетеді. Балық н\ешаян қосымша иелеріннің денелеріне өтіп, олардың бұлшықетттері мен басқа да тіндеріне орналасады. Содан кейін цисталанып метацеркарийлерге айналады. Тағаммен(инвазияланған балықтар мен шаянда) адамның немесе жануарлардың ас қорыту жолдарына түсіп, цисталарын ерітеді. Босанған личинка өт жолына нъе қақпа венасы арқылы өздері мекендейтін жерлеріне барады. Ол жерде ересек сатысына айналады. Метацеркарийлердің метацеркарийлер сатысына айналу уақыты ұзақтығы 70 күнге созылады. Кейбір зерттеушілердің зерттеулері бойынша клонорхистер тікелей ішекте дамып, бауырға ересекте болып өтуі мүмкін. Бұл гельминттің тіршілік қабілеттілігі 20-40жыл және одан да ұқағырақ сақталуы мүмкін. Клонорхоз Қытайда, Үнді-Қытй елдерінде және Корей түбегі мен Жапонияда кең таралған. Үдемелі түрде жұғу кезі көктем мен күз айларында. Инвазия қоздырғышы көзі-адам,ит,мысық және ет қоректі басқа жануарлар. Олар негізгі иелер болып табылады. Қоздырғыштың берілу механизмі-ауыз-нәжістік жұғу жолы-алиментарлық,заладаушы факторлары-метацеркарийлермен зақымдалған карп тұқымдасы балықтары мен тұщы су шаяндары. Патогенезі-кеселдің жіті фазасында дене қызбасы,катаральдық құбылыстар,жиірек жағдайда аллергиялық тері бөртпелері,бауырдың ж\е асқазанның(ойық жаралары)зақымдануы байқалады. Миокардит пен өкпе қабынуы болуы мүмкін. Ауру ұзақ мерзімді созылмалы түрде өтеді. Эндемиялық аймақтардың байырғы тұрғындарында инвазия субклиникалық, жаңадан келген адамдарда ауыр және жіті түрде болады,өте жоғары эозинофилия болады. Диагноз қою-науқастың нәжісінде ж\е дуаденальдық сұйықтығында гельминт жұмыртқаларын табу ең ақпаратты диагностикалық тәсіл болып табылады. Клонорхис жұмытрқалары ауру басталғаннан 3-4аптадан кейін табыла бастайды. Серологиялық әдістерден ИФТ тиімді болып есептелінеді. Алдын алу-ыстықпен жеткіліксіз дәрежеде өңделген немесе аз тұздалған балық тамаққа пайдаланудан алдын алудың маңызы зор. Нәжіспен ашық су қоймаларының ластануын болдырмау,аралық иесін жою,санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауды кең насихаттау.

Метагонимоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Метагонимоз – ауруының қоздырғшы – метагонимус құрты. Ол адам мен ет қоректі жануарлар ішектерінің кілегей қабықтарында мекендейді. Паразиттің өршуі басқа сорғыш құрттарға ұқсас келеді. Сырты қалың қабықпен қапталған метагонимус құрттары балықтың сыртқы қабыршағы астында, жүзгіш қанаттарында және желбезек жапырақшаларында мекендейді. Осындай зақымдалған балықты шала пісірген күнде ауру адамға жұғады. Сондықтан да бұл жай әркімнің есінде болуы қажет. Санитарлық баға. Балықтың терісін, жүзгіш қанаттары мен желбезектерін компрессорлық әдіспен тексергенде аурудың құрты табылса, ондай балықтарды суықтығы 8 градус жерде 7 тәулік бойы тоңазытқаннан кейін ғана пайдалануға болады.

63.Нанофиетоз, этиологиясы, (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:

Аш ішекті зақымдайтын Heterophyidae тұқымдасына жататын Nanophyetus salmincola зақымдайтын үй және жабайы жануарларды зақымдайтын ауру болып табылады. Трематода дөңгелек пішінді: 0,58-0,62 мм ұзындықта болатын, 0,45-0,47 ені болатын құрт. Жұмыртқалары қожайын организміне түседі және сонда мирацидийлер дамиды, одан кейін аралық организміне түсіп спороцисталарға одан кейін, редия және церкарийлерге айналады. Церкариялар моллюскалардан шығып аралық иесі балықтарға барып түседі. Олар дене бұлшықеттеріне жіберіледі,басына және ішкі органдарға барып және тез арада инвазионды метацеркарияларға айналады. Эпизоотология. Белгілері. Зақымдану жолы, алиментарлы, дурыс қуырылмаған және дұрыс тұздалмаған балықтардан жұғады. Белгілері:жануарларда энтерит белгілері, азып тозу; Адамдарда азып тозу, басы айналу, тәбеті болмау;Диагноз қою: Клиникалық белгілеріне және гельминтокопрологиялық зерттеулер нәтижесінде диагноз қойылады. Сондай ақ фекалияда гельминт жұмыртқасы болады. Емі анықталмаған. Профилактика. Таралу ошағында зерттеулер жүргізіліп және жануарларға зерттеулер зерттеулер жүргізіледі.

65.Онхоцеркоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Тип: Nemathelmintes-Жұмыр құрттар

Класс:Nematoda-нағыз жұмыр құрттар

Кл/тармагы: Secernenteaсецерненттер

Отряд: Spiruridae

Тұқымдас: Onchocercidae

Туыс: Onchocerсa

Түр: O. volvulus-африка O. Caecutiens-Оңт Америка

 

Онхоцеркоз филярийдоздар тобына жататын антропонозды биогелтминтоз, қоздырғышы трансмиссивтік механизімі арқылы беріледі. Тері астында спецификалық түйіндердің дамуымен, дерматит, көздің жарақаттануы, жиі жағдайда соқырлықтан пайда болуымен пай да болады. Этиологиясы. Қоздырғышы онхоцерктердің екі түрі O. volvulus-африка O. Caecutiens-Оңт Америка. Олардың морфологиясы бірдей, ересектері тері астында, бұлшық ет қабының қасында,

сирегірек- тіндерде орналасады. Личинкалары теріде және тері астында, жиі жағдайда –көзде, сирегірек лимфа түйіндерінде, өте сирек жағдайда қанда өмір сүреді. Аұырғы және инвазия қодырғышының көзі –адам, аралық ие және тасмалдаушысы-шіркейдің ұрғашылары. Шіркейлер залалданған адамды шаққанда инвазияланады.Олардың денесінде микрофиллярийлер 6-7 күннен кейін инвазиялық сатыға жететді. Инвазияланған шіркейлер ең көп дегенде 20-25 күн өмір сүреді. Таралуы. Бұл ауру Африканың ылғалды орманды елдерінде кения, Конго, Уганда, Йемен елдерінде тараған. Онхоцеркоз ошвқтары Бразилия,Мексика да т.б кездеседі. Онхоцеркоздың негізгі ошақтары өзеннің және оның тармақтарының аумағында орналасқан. Бұл гельминтоз 50 млн адамда тірккеелген. Ал африкалық ошақтардағы халықтың 30-50 пайызы соқырлық байқалған. Жұғу жолдары: Онхоцеркоздың патогенезіндегі ең маңызды жағы –адам организімінің сенсибилизациялануының дамуымен байланысты. Мұндай жағдай микрофилярийдің әсіресе лимфа түйіндеріне, тіндерде, көзге миграция кезінде және олар өлгеннен кейінгі пайда болаын заттардың әсерінен аллергиялық реакциялар туындауымен байланысты.

Клиникалық белгілері. Көздің ауруы айрықша белгі деп санлады. Ауыр түрінде көз нервісі артрофияға ұшырайды.

Диагноз қою. Соңғы диагноз түйінде биотоптанатын, несептен, көздің алдыңғы камерасынан личинкалар тапқанда дәлелденген. Емдеу. Дитразин, диэтилкарбамазин, итразин, сурамин, меларсонал дәрілерін қолдану керек. Эпидемологиялық қадағалау және алдын лау шаралары ең біріншіден тасмалдаушыларды құртуға немесе олардан тұрғындарды қорғауға негізделген. Алдын-алудың маңызды, тіпті негізігі әдісі –инвазия көзін сауықтыру болып табылады. Бұл бағыттағы шараларға қанында микрофилярийлері бар адамдарды анықтау үшін, тұрғындары жаппай тексеру, инвазияланған адамдарды гельминттерден тазарту керек.

 

Лоаоз




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав