Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Трихомониаз

Читайте также:
  1. Определить тактику лечения и выписать (по1прописи) противомикробные препараты для лечения урогенитальных инфекций (хламидиоз, микоплазмоз,трихомониаз, кандидоз, герпес)
  2. Трихомониаз.

Патшалық:Zoa

П/тарм:Protozoa

Тип: Sarcomastigophora

Кл: Mastigophora

Кл/тарм: Zoomastigina

Отр:Kinetoplastida

Өкілі:Tryponosoma

Өкілі:Leischmania tropica

Отр:Polymastigina

Өкілі:Lamblia

Өкілі:Trichomonas

Құрылысы. Трихомонада талшықтары болады,сол арқылы мүшеге бекиді.Денесі 14-30мкм алмұрт тәрізді блады.Созылыңқы ядросы алдыңғы жағына ығыстырылған.Алдыңғы жағында төрт талшығы болады,ундирланған мембранасы дененің ортаңғы бөлігіне ғана жетеді.Барлық денесінің ортасынан жіпше өткізілген.Жыныстық қатынас жолымен таралады.жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауыздың шырышты қабығының қатпарларында, тістің кариозды қуыстарында, созылмалы тонзилиттің миндалиналардың (көмекей безі) критілерінде, асқазан сөлінің төмен қышқылдығында мекендейді.

Эпидемиологиясы(жұғу жолдары). Адамнан адамға берілу екі түрінің де сүйіскенде, жалпы ыдыстармен және тіс шөткелері мен және түшкіргенде немесе жөтелгенде қақырықпен беріледі.Эпизоотологиясы(таралуы)).Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.

Екі түрдің өзіндік медициналық маңызы жоқ, біраз ауыз қуысының патологиялық процестерінде олардың жүруін қиындатуы мүмкін.

Үш түрі кездеседі:Trichomonas –vaginalis(жыныс),-tenax Mufler(ауыз),-hominis Davaine(ішек).Иммунотерапия,физиотерапия арқылы емделеді.

Ішек трихомонадасы (Trichomonas hominis) – ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Барлық жерлерде таралған. Өлшемі 5- 15 мкм, сопақ пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және ундулярлы мембранасы бар.

Урогениталды (қынап) трихомонада –Trichomonas vaginalis.Адамның жыныс мүшелерінде трихомоноз қоздырғышы (қынап трихомонадасы) – Trichomonas vaginalis мекендейді. Бұл паразиттің ұзындығы 14-30 мкм. Дене пішіні алмұрт тәрізді. Алдыңда 4 талшығы бар. Клетканың ортасына дейін үлкен емес ундулярлы мембрана кіреді. Клетканың соңынан шығатын, аксостиль денесінің ортасына дейін созылады. Ас қорыту вакуольдерінде бұл паразит қоректенетін лейкоцит, эритроцит және бактериялар орналасады. Циста құрмайды. Бұл трихомонада әйелдерде қынапта, және жатыр мойнында, еркектерде – зәр шығару түтігінде, қуықта және қуық асты безде мекендейді. Әйелдердің зақымдануы 20 – 40%, ерлерде 15% дейін жетеді. Иесіне бұл трихомонада қатты зақымдалулар жасамайды, бірақ зәр шығару жүйесінің эпителейімен қарым-қатынаста бола отырып, ол эпителиальды қабаттың астында ұсақ қабыну ошақтарының пайда болуын шақырады және шырышты қабықтың клеткаларының жойылуға әкеледі. Бұзылған эпителиальді жабын арқылы мүше қуысына лейкоциттер түседі. Ерлерде ауру әдетте 1 айдан кейін спонтанды жазылумен аяқталады. Әйелдерде трихомоноз бірнеше жыл жүруі мүмкін. Лабораториялық диагностиакасы: Жұғыннан тірі қозғалмалы трихомонаданы табу. Профилактиакасы – жыныс қатынасы кезінде жеке бас гигиенасын сақтау.

 

43. Балантидиоз, этиологиясы (систематикасы сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы) эпизотологиясы(таралуы), эпидемиологиясы(жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, күресу шараларына анықтама беріңіз. систематикасы-бөлім-қарапайымдылар-protozoa,тип-ciliophora,класс-ciliatа,өкілі- balantidium coli. Балантидий Balantidium coli (Инфузория класы) – балантидиоз қоздырғышы. Бұл ірі қарапайым, ұзындығы 200 мкм. Еркін өмір сүретін инфузориялардың барлық белгілері сақталған: денесі кірпікшелермен қапталған, цитостомасы және цитофаринксі бар. Пелликуланың астыңда мөлдір эктоплазма қабаты орналасқан, тереңінде органеллалар және екі ядросы мен эндоплазма табылады. Макронуклеус гантельтәрізді, бұршақ тәрізді, қасында микронуклеус орналасқан. Балантидияның цистасы сүйір 50-60 мкм 2 қабатты қабықшамен қапталған, кірпікшелері болмайды. Микронуклеусі көрінбейді, жиырылғыш вакуольі анық көрінеді. Балантидий адам ішегінде бактериялармен қоректенеді. Кейде ішек қабырғасына еніп, қанды ірің өткізуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның цитоплазмасында иесінің қаны табылады. Амеба дизентериясы сияқты балантидий қан айналымға түсіп, бауырды, өкпені және т.б мүшелерді абсцесс тудырады. Инфузорияның ерекшелігі гиалурдаза ферментін бөліп, сол арқылы зақымдалған ішек қабырғасына енеді. Гистологиялық препаратта сондай жолды бір жерге көп трофозоидтың жиналуын көруге болады. Морфологиялық жағынан еш айырмашылығы жоқ, бірақ циста түзбейді. Балантидиялар шошқа мен тышқанда кездеседі, негізгі резервуары.Лабораториялық диагностикасы – аурудың нәжісінен циста және трофозойдты табу. Профилактикасы – лямблиозға ұқсас. Балантидиоз (balantіdіosis) — адам және жануарлар ағзасында, қоздырғышы Balantіdіum colі ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентерияға ұқсас белгілері бар, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен сипатталатын зооноздық антропургиялық қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауру. Қоздырғышы инфузориялар класына жатады. Бірінші рет іші өтетін аурудан паразитті бөлген швед дәрігері P.Malmsten (1857).Вегетативтік түрі – созылыңқы, көбінесе жұмыртқа тәрізді, өлшемі 30-150х30-100 мкм. Әртүрлі тағам бөлшектерімен, ішек бактериялары және саңырауқұлақтар, қанның элементтері ж.т.б. қоректенеді. Вегетативтік түрлері және цисталары қоршаған ортада өте төзімді, нәжісте 5-6 сағат 2 айға дейін сақталады, қалың екі қабатты, 50-60 мкм циста құрайды. Карбол қышқылының 5% су ертіндісінде 3 сағатқа дейін, формалиннің 10% ертіндісінде – 4 сағатқа дейін өмір сүреді.

 

Описторхоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Описторхозбен мысық, ит, түлкі, арыстан, шошқа мен қоян сияқты хайуандармен бірге адам да ауырады. Бұл ауру табиғи су көздерінің біразында орын алып келеді. Қазақстан территориясында рописторхоз ауруының барлығын ғалымдар К.И.Скрябин мен Н.П.Попов басқарған гельминтологиялық экспедиция 1925 жылы анықтаған болатын. Олар бұл ауруды ит пен мысықтан тапты. Иттің описторхозы Павлодар мен Өскемен қаласынан байқалды. Осыған орай жергілікті халықты описторхозға тексеру жұмыстары мұнан кейінгі 15-30 жылдың ішінде жаппай жүргізілді. Ертісті мекендейтін балықтардың ішінен оңғақ, шабақ, аққайран описторхоздан көп зақымдалды. 1962 жылы Ертістің арнасы жабылып, Бұқтарма су қоймасының салынуына байланысты өзен бойындағы жайылма сулар тартылып, олардың орны кеуіп қалды. Мұның өзі описторхоз ауруының азаюына үлкен себебін тигізеді. Атап айтқанда, жайылма судың тартылуына байланысты описторхоздың негізгі таратушыларының бірі – моллюскалар азайды. Соның нәтижесінде балықтың описторхозбен зақымдалуы да едәуір кеміді. Ертіс өзенінен кейін описторхоз ауруы бар сулардың бірі – Нұра өзені. Қарағанды су қоймасының балықтары онымен де көбірек зақымдалған. Бетпақдаладағы Сарысу өзенін мекендейтін шабақтар, тыран сияқты балықтар описторхозбен зақымдалғанын 1960 жылы Е.Г.Сидоров басқарған экспедиция анықтады. Описторхоз құрты адам мен жануарлардың өт жолдары және өт қалтасын, кейде ұйқы бездерін мекендейді. Ауру моллюска мен тұқы тұқымдас балықтар (оңғақ, шабақ, сазан, тыран, т.б.) арқылы жұғады. Өйткені олардың организмінде паразит личинкалары тіршілік етуге бейім. Описторхоз құрты – описторхис – ұзынша келген сорғыш құрт. Ұзындығы 4-13 милиметрге дейін жетеді. Бірақ жануарлар мен адам организмдерін мекендейтін описторхистің үлкендігі әртүрлі болады. Өршуі. Описторхис құрты өздерінің жұмыртқаларын өт жолына салады. Одан әрі өт арқылы ішекке барады. Онан кейін жануарлардың қиымен бірге далаға шығады. Жұмыртқадан мирацидий деп аталатын личинка пайда болады. Осындай жұмыртқа суға түседі де оны су ұлуы жұтып қояды. Мирацидий личинкасы ұлудың ішінде жұмыртқадан көп кешікпей шығады да алдымен спорциске, кейінірек редийге айналады. Редийден церкарий пайда болады. Екі ай өткен соң церкарий ұлудың шырынына араласып, суға шығады да су түбінде жүзіп жүреді. Ол балықтардың терісі арқылы еті мен дәнекер тканьдеріне еніп, әрі қарай өрши отырып, сыртын қалың қабық қаптап алады. Оны метацеркарий денесіне енген балықты шикі және жартылай шикі (қақтаған, тоңазытылған, шала қуырылған, ысталған, жаңадан тұздалған) күйінде қорек еткен жануарлар описторхоз ауруына шалдығады. Асқазанға барған метацеркарийдің сыртқы қабығы ериді, паразиттің өзі өт жолына барып кіреді. 3-4 жұмадан кейін метацеркарий үлкен құртқа айналып, жаңадан ұрық сала бастайды. Описторхис 4-5 айда өсіп жетіледі. Адамның организмінде описторхис 20 жылға дейін, ал мысықта –3 жылға дейін тіршілік етеді. Эпизоотологиясы. Описторхоз ауруының өріс алып, кең таралуы метацеркариймен зақымданған балықтың мөлшері мен сол балықтарды пайдалану жолдарына тікелей байланысты. Мысалы, ғалым И.И.Плотниковтың деректері бойынша, бір балықтың өзінен 1500 және одан да көп метацеркарий табылған. Описторхистың метацеркарийімен балық кішкене шабақ кезінен бастап зақымданып, үлкейе келе ауру барған сайын күшейіп, асқына береді. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Описторхоз ауруында өт жолы кеңейеді, оның кенересі қалыңдайды, дәнекер тканьдері өсіп кетеді, бауырдың түрі өзгереді. Кейбір кездерде оның клеткаларында қоңыр пигмент пайда болады. Өт қалтасы үлкейеді, ол қатар жатқан органдарды қысады. Диагнозы. Егер мұндай ауру кездесе қалған күнде, ауру адамның жағдайымен танысады. Ащы ішектен жиналған шырыш пен нәжістен копрологиялық әдісті пайдаланып, описторхис жұмыртқаларын іздейді. Аурудың клиникалық белгілеріне көңіл аударады. Аллергиялық әдісті де пайдаланады. Емі. Бұл ауруды емдегенде хлоксил дәрісін пайдаланады. Сақтық шаралары. Описторхозға қарсы күрес алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргізуден басталады. Ол үшін су көздерінің жануарлар нәжістерімен ластануына жол бермеу керек. Әсіресе, дәретханалардың шұңқырларын терең етіп, су жағасынан 200-300м қашықтықта қазады. Ит, мысық және шошқаға ауру балықты шикі күйінде беруге болмайды. Описторхозбен жиі ауыратын тұқы тұқымдас балықтарды жаңа ауланған, тұзға піскен және тоңазытылған күйінде пайдалануға болмайды. Сонымен бірге жергілікті халық арасында описторхоз ауруына қарсы санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізіп, оның зияндығы туралы үнемі лекция ұйымдастырып тұруы керек. Санитарлық баға. Описторхистің метауеркарийлерімен зақымдалған балықты суға салып, 30 минут қайнатып пісіргеннен кейін ғана пайдаланып, консерві дайындауға жібереді, не болмаса 15 градус суықта 14 тәулік бойына тоңазытады. Өте арық және паразиті көп балықтарды арнайы заводқа жібереді.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав