Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фасциолез, жұғу жолдары, таралуы, клиникасы, диагнозы, күресу шаралары.

Читайте также:
  1. Эхинококкоз, жұғу жолдары, таралуы, клиникасы, диагнозы, күресу шаралары.

Тип: Nemathelminthes

Класс: trematoda

Отряд: Fasciolios

Түр: Fasciola hepatica

 

Фасциолез – қоздырғышы тримотоздар класына жататын, жаппай тараған, ауыз – нәжіс механизмімен берілетін, көбінесе өт жүйесін зақымдайтын зоонозды табиғи – антропургиялық биогельминтоз. Қоздырғышы: Бауыр сорғышы немесе фасциолла “ Fasciola hepatica” Бауырдың өт жолдарына, өт қабында. Кейде ұйқы безі мен басқа да мүшелерде орналасады. Морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі: Фасциолла денесінің ұзындығы – 3-5 см, ені 0,5 -1,2 см дейін жетеді.Екі сорғышы бар. Олардың: Басқа сорғыштардан ажырату үшін денесінің өлшемдеріне және жыныс ағзаларының құрылысына назар аудару керек. Көп қабатты жатыры тікелей құрсақ сорғышының артында орналасқан. Жатырдың артында аналық жыныс безі болады, денесінің бүкіл бөліктеріне көптеген сарыуыздар, ал орталық бөлігінде ұрық бездері орналасқан. Жұмыртқалары сары – қоңыр түстес, сопақ өлшемдері 135 Х 80 мкм. Фациолла иесін ауысып дамиды. Ақырғы иесі шөппен қоректенетін сүтқоректілер (ірі – қара және ұсақ мал, жылқы шошқа, қояндар т.б.) кейде фациолла адамда кездеседі. Аралық қожайыны моллюска (Galba truncatula). Фациолланың жұмыртқасы тек суға түскенде ғана дами бастайды, ал одан личинка – мирацидий шығады. Мирацидийдің нерв ганглиі болады. Сезімтал мүше “ көзшесі(және зәр шығару мүшелері бар. Артқы бөліктерінде ұрық жасушалары орналасқан. Алдыңғы шетінде аралақ иесіне түскенде тірі тіндерді ыдырата алатын ферментті бөлетін бездері бар. Мирацидийдің көптеген кірпікшелері бар, соның көмегімен суда жүзе алады. Ол жұмыртқада болатын қоректік заттармен қоректенеді. Мирацидийдің денесенің ішінде ерекше ұрық жасушалары бар, олар – партеногенетикалық жолмен көбейе алады. Мирацидийалық аралық денесінде белсенді түрде енеді. Эпидемиялық процестің сипаттамасы. Фациолез зооноздық инвазияларға жатады.Әлемнің барлық аймақтарында, әсіресе қой шаруашылығы дамыған елдерде жиірек кездеседі. Көбінесе оқтын – оқтың, сирек науқастанушылық түрінде сипатталады. Инвазия қоздырғышының көздері. Соңғы иелері – нәжістерімен гельминт жұмыртқаларын шығаратын адам, ұсақ және ірі қара мал, жылқылар кейбір шөпқоректі кеміргіштер, ал олардың ішіндегі ең негізгісі қойлар б.т. Қоздырғыштың берілу механизмі. Ауыз – нәжістік, берілу жолы алиментарлық, залалдану факторлары фасциола личинкаларымен залалданған су, жайылма суда өсетін өсімдіктер б.т. Көкөністің личинкалармен залалдануы оны ақпайтын су қоймаларынан суарғанда немесе сондай сулармен жуғанда орын алады.Фасциолалар жұмыртқасы төменгң температурада төзімсіз. Мыс: су қоймаларында да және жайылымда да қыс кезінде 2 ай ішінде өледі. Бұған керәсәнше, моллюска денесінде сақталған личинкалар өз дамуының әр түрлі сатысында – редийлер, церкарийлер, цисталанған церкарийлер қыстап шыға алады. Патогенезі және клиникалық көріністері. Фасциолалар личинкалары ішектен бауырға қан немесе азыз қуысы арқылы белсенді түрде, өт жолдарында орналасады. Кейде ол-ң мекендейтін және личинкаларының ересек түрге дейін дамитын орны ұйқы безі, кеуде қуысы, тері астындағы қабат және ми болуы мүмкін. Кей жағдайларда өт жолдарын механикалық түрде жауып, өттің дұрыс жүруін бұзады. Сарғаю басталады, қосымша инфекцияның қосылуына жол ашылады. Жасырын кезең уақыты 7-ден 56 күнге дейін созылады. Аурудың бастапқы кезеңінде дене қызуы 39С дейін көтеріледі, мазасы болмау бас ауруы, әлсіздік және тәбеті болмау, бауырдың ауыруы, көз ағының сарғаюы, аллергиялық қышу және есек жем орын алады. Ауру ұзаққа 2-3 жұмадан кейін созылған жағдайда іш өту, анемия,жүдеу байқалады, соның нәтижесінде өлімге әкелуі мүмкін. Емдеу. Альбендазол, празиквентал. Жіті сатысында гиппосенсибилизациялық дәрілер беріледі. Аурудың ең көп таралған аймағы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия.

 

46. Шистосомоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:

Патшалық: Metazoa

Тип: Plathelminthes

Класс: Trematoda

Класс тармағы: Digenea

Отряд: Strigeididа

Тұқымдас: Schistosomatidae

Өкілі: Schistosoma

Түр: Schistosoma hemotobium

Schistosoma mansoni

Schistosoma intercolotum

Schistosoma japonicum

 

Шистомоздар – тропикалық гельминттер тобына жатады, созылмалы ағымды, ұсақ қан тамырларын зақымдаумен, несеп-жыныс жүйесін, асқорыту жүйесі мен бауыр, кейде өкпені зақымдаумен жүреді. Ең жиі таралған шистосомалардың 4 түрі бар: 1.Schistosoma hemotobium. 2. Schistosoma mansoni. 3. Schistosoma intercolotum. 4. Schistosoma japonicum. Несеп шистосомозы (Schistosomosis urogenitalis). Этиологиясы. Қоздырғыш Schistosoma hemotobium, қансорғыш, аналығының көлемі – 10-18×25 мм, аталығының көлемі – 4-15×10 мм. Іш жағында дене бойымен кутикулярлы желоб өтеді, онда аналығы орналасқан. Аталығы ішкі жағындағы сорғышы арқылы қан ағымында тұрақталып тұрады. Жұмыртқасының терминальді қорғаны бар, құрамында личинка – мироцидий. Шистосоманың жыныстық дамыған особь кіші жамбас қан тамырларында, әсіресе қуықта, жұмыртқа салып, қан тамырының қабырғасына еніп, несеп арқылы қоршаған ортаға бөлінеді. Аналығы сыртқы ортаға 300 жұмыртқаға дейін бөледі. Тоғанды суларда мироцидий өз қабығын тастап аралық иесі – тоған моллюскаларына енеді. Соңғы иесі – адамға церкария тері және шырышты қабаттар арқылы енеді, лимфа және қан тамырлары арқылы миграция жасайды - өкпе арқылы үлкен қан айналымына, бауыр венасына, одан шажырқай венасына және несеп-жыныс жүйесі веналарына өтеді, ересек особьтар адам организмінде 40 жыл өмір сүреді. Эпидемиологиясы. Зоонозды инфекция тобына жатады, омыртқасыз тасымалдаушылар арқылы беріледі. Ауру көзі – адам. Церкарий өзінің аралық иесі моллюск денесінде 4-5 апта өмір сүріп, суға шығады да, адамға церкариймен тікелей жанасқанда жұғады. Жиі 10-16 жас, яғни жас балалар арасында жиі кездеседі. Ауырғаннан кейін жартылай иммунитет қалыптасады. Инвазия Африка, Мадагаскар, Иран, Кипр, Ливан, Сауд Аравиясы, Сирия, Судан, Турция, Ирак, т.б. елдерде кездеседі. Патогенезі. Алғашқы кезеңіндегі негізгі патогенетикалық механизм – шистосома антигендерінің метаболиттік әсері, яғни сенсибилизация. Созылмалы кезеңінде – механикалық фактор бауыр тамырларының фиброзын, кіші жамбастың иммунды нефропатиялар туғызады. Көп жағдайда зәр шығару жйесінде екіншілік инфекциясы пиелонефрит дамиды. Созылмалы түрінде жартылай иммунитеттің қалыптасуы, көп реттік суперинвазияға әкеледі. Қуықта, несепағарда шистосомоздық гранулема түзіледі, ол перифокальді плазмаклеткалық, лимфоидтық, эозинофильді жұмыртқа инфильтраттан тұрады. Біртіндеп қуықта фиброз, деформация дамиды, жұмыртқаның барлығы қуысқа бөлінбегендіктен, қабырғада қаны кальцификацияланады, несеп жолдарын зақымдағанда оның стриктурасына, гидронефроз дамуына әкеліп соқтырады, қуықта жаралар, несеп шығару жолдарының өзегінде полиптер пайда болады. Клиникасы. Негізгі патогномды симптомы – терминальді гематурия, яғни зәр шыққаннан кейін, қан тамшылайды. Гематурия дизуриямен жүрмейді. Кейбір ауруларда кіші дәретке отырғанда қуықта, шапта, шат үстінде ауырсыну, бел аймағында ауырсыну болады. Созылмалы кезінде жара тыртыққа айналады, полип тәрізді түзілістер пайда болады, дизурия мен гематурияның азаюына алып келеді. Несеп шығару жолының пиелоэктазиясы, стеноз, үдемелі гидронефроз жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Асқынулары: нефролитиаз, өрлемелі бактериурия, уросепсис,қуық ісігі. Жыныс мүшелері сирек зақымдалады. Әйелдерде – кольпит, эрозия, жатыр мойыны мен қынапта полип түзілуі мүмкін. Еркектерде – эпидидимит, простатит дамиды.Кіші жамбастағы венозды анастомоздарға байланысты шистосомалар ішекке-тусуі мүмкін, төменгі қуыс венасы мен қақпа V. Portae вена арасындағы тікелей байланыс кез келген мүшеге миграция жасауына мүмкіндік береді. Диагностика: Эпидемиологиясы, клиникалық көрінісі. Созылмалы кезінде несептен Schistosoma hemotobium жұмыртқасын табу. Цистоскопия – шырышты қабаттағы тән көрініс. Толық урологиялық тексеру – цистоскопия, биопсия, қуық рентгенографиясы, экскреторлық урография.

Дифиллобатриоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 75 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав