Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түр: Ascaris lumbricoides

Читайте также:
  1. Түр: L. intestinalis -ішек лямблясы
  2. Түр:Cysticercus cellulosis
  3. Түр:Loa Loa

Аскаридоз -қоздырғышы нәжіс-ауыз механизімімен берілетін,созылмалы түрде өтетін,аурудың бастапқы сатысында организмнің токсико-аллергиялық белгілерімен,соңғы сатысында организмнің токсико-аллергиялық белгілерімен,соңғы сатысында ішек жұмысының бұзылуымен сипатталатын ең көп таралған антропоноздық геогельминтоз.

Этиологиясы. Қоздырғышы - Ascaris lumbricoides,ірі дара жынысыты,тірілей туатын нематод. Х.Досмұхамедовтың анықтамалығында,ьұл құрттың қазақша атауы -бөсір.Аталықтарының ұзындығы-12-20см,аналықтарының 20-40см. Дене шеттері жіңішке,қызыл-сары қабықпен жабылған.Аталығының құйрық жағы қармақ тәрізді иілген.Бас жағында үш ерні бар,олар морфологиялық құрылысы бойынша ажыратылады.Ұрықтанған жұмыртқалары сопақша,5қабаты бар,ұрықтанбағандары -үлкенірек.

Қоздырғыштың морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Гельминт адамның аш ішегінде паразиттік өмір сүреді.Бір аналығы тәулігіне 240мың жұмыртқа туа алады,олар нәжіспен қоршаған ортаға түседі.Олардың ішінде ұрықтанғаны және ұрықтанбағандары да болады.Ылғал,оттегі бар топырақта личинкалар дамиды.Ауаның температурасына байланысты олардың даму уақыты 3жұмадан бірнеше айға дейін созылады.Ересек личинкалары бар инвазиялық жұмыртқалар топырақтан қолға,көкөніске,жемістерге көшуі мүмкін,олар арқылы ауызға түседі.

Эпидемиялық процесстің сипаттамасы.Белгілі гельминтоздардың ішінде аскаридоз ең көп тараған аурулардың бірі.Жер шарында бұл инвазиямен 1,3млрд -қа жуық адам залалданған.Аскаридоз мәңгі тоңды,биік таулы аймақтарда және шөл даладан басқа барлық жерлерде кездеседі.Қазақстан эндемиялық аймаққа жатады.Облыстардың көпшілігінде сырқаттылықтың деңгейі тіркелген.Ең жоғары деңгей Шығыс Қазақстан,Жамбыл,Ақмола,Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасқан.

Инвазияның берілу механизмі-нәжіс-ауыз. Залалдану адам нәжісімен тыңайтылған топырақтағы аскарида жұмыртқаларымен ластанған көкөністі,жидектерді жұтқанда орын алады.Қоздырғыштың берілу факторлары әртүрлі:ластанған адам қолы,әсіресе жеке бас гигиенасын жақсы сақтамайтындықтан.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Личинкалардың организмді аралау кезіндегі зат алмасу өнімдері және ыдырағаннан қалған қалдықтары сезімтал қабылдағыштықты тудырады.Токсикалық-аллергиялық реакциялар дамуы да мүмкін,ересек аскаридалардың ішекте орналасуы да байқалады.Ересек гельминттер ішек қабырғасын жаралайды,ал аскаридалардың көп шоғырлануы кейде ішектің механикалық түрде жабылып қалуына әкеледі.

Диагноз қою нәжісте аскарида жұмыртқаларын немес гельминттерден тазалағаннан кейін ересек аскаридаларды табуға негізделген.Личинкалық аскаридоз иммуннологиялық әдістермен анықталады.

Емдеу:аскаридоздың алғашқы фазасында минтозолды 5-7күн,мебендазолды 3-4 күн қатарынан қабылдау керек.Аурудың созылмалы кезеңінде ұйықтар алдында -левамизолды және пирантелді қабылдау керек.

Эпидемияға қарсы алдын-алу шаралары.

Инвазия қоздырғыштарнының көзін табу шараларын жүргізу.СЭС-тің мамандары ауруды іздейтін клиникалық -диагностикалық зертханалардың,емханалардың,ауруханалардың жұмысын тексереді.МЕктеп жасына дейінгі және мектеп жасынан кейінгі балаларды іріктеп тексереді,санитарлық тұрғыдан қолайсыз жеке меншілік үйлердегі ересек тұрғындарды,ішек-қарын ауруларымен ауыратындарды және клиникалық көрсеткіштері бойынша емханаға келгендерді тексереді.

 

55. Трихоцефалез, этиологиясы (систематикасы сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы) эпизотологиясы(таралуы), эпидемиологиясы(жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, күресу шараларына анықтама беріңіз. Систематикасы-тип-жұмыр құрттар-nemadhelminthes, класс-нағыз жұмыр құрттар-nematoda,өкілі-қыл бас құрт- trichicephalus trichiurus. Трихоцефалез-қоздырғышы нематода класына жататын,ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, созылмалы өтумен, ішек-қарын жолын, нерв жүйесін көбірек зақымдаумен сипатталатын, барлық жерде тараған антропонозды геогельминтоз.қоздырғышы-trichicephalus trichiurus (грек. Trichоs-қыл,шаш ж\е cephаlе-бас деген сөзінн алынған)-қылбас, ұсақ жіп тәрізді гельминт,ұзындығы3,5-5,5см(аналығы) ж\е3-4,4см(аталығы). Гельминттің алдыңғы бөлігінде қыл тәрізді,ұзын(гельминт ұзындығының2\3 бөлігіне тең),артқы жағы жуандау құрылымды болып келеді. Еркегінің құйрық жағы спираль тәрізді бұйраланған, онда ішегі орналасқан. Аналығының құйрық жағында ішек пен жатыр орналасқан. Жұмыртқалары сары қоныр түсті,лимонға н\еекі жағы түссіз тығыны бар бөшкеге ұқсайды. Тіршілік циклы-қылбас құрт ішекте,оның өсіндісінде,күшті инвазияланғанда(саны 3000 жетеді) бүкіл тоқ ішек бойында паразитті тіршілік етеді. Алдыңғы қылды бөлігімен паразит ішектің шырышты қабатына тігіп қойған сияқты мықты бекінеді. Сондықан оны ішектен шығару өте қиын. Денесінің толық шеті ішектің қуысына шығып тұрады.аналығы күн сайын 3000нан 10000дейін жұмыртқа салады. Жетілмеген жұмыртқалары нәжіспен сыртқа шығады. Тек қана топырақ пен ауаның жеткілікті ылғалдығында(15-37С), жұмыртқалардан инвазиялық личинкалар жетіледі. Температураға байланысты жетілу уақыты 2 жұмадан 3-4айға дейін созылады. Жұмыртқалар топырақта тіршілік қабілеттілігін 1-2 жылға дейін сақтайды. Адамдар жуылмаған көкөніс,лас қол арқылы,бақшада жұмыс жасағанда,балалар топырақпен ойнағанда жұқтырады. Аш ішекте жетілген жұммыртқалардан личинкалар шығады. Олар ішектің микротүтіктеріне өтеді, онда 8-10тәулік дамиды. Одан кейін,түтіктерді бұзып,қайтадан тоқ ішек қуысына миграцияланады және бір ай ішінде ересек түрге айналады. Адам организмндегі тіршілігі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Трихоцефалез ең кең тараған гельминтоздардың бірі. Жер шарында онымен инвазияланған адам саны 600млн асады. Қылбас құрт жер шарының барлық түкпірінде кездеседі,көбінесе тропикалық,субтропикалық және ауа райы қоңыржай ылғалды аймақтарда кездеседі. Патогенезінде личинкалардың ішектің қабырғасын жаралауының маңызы зор. Пәрменді инвазияланған, ішекте геморрагия,жаралар мен эрозиялар пайда болады. Сонымен қатар анемия дамиды. Паразит метаболиттері организмге сенсибилизациялық әсер етіп, диареяның дамуына жол салады. Бастапқы сатыда бірақ клиникалық белгілер көрінбейді. Пәрменді инвазияда(1г нәжісте 5000артық жұмыртқа болса) ішек қарын жолының жарақаттанған белгілері байқалады – лоқсу, іш өту, кебу,шаншу. Ауыр түрінде балаларда-тенезммен(күшену) қабаттасқан гемоколит,қанды сұйық дәрет байқалады. Балардың ақылы мен дене дамуы баяулайды.диагнозды нәжістен жұмыртқаларды тауып,анықтау арылы жүзеге асады. Күресу шаралары-қоздырғыштардың көзін,инвазияның берілу жолдары мен факторларын,санитарлық тәртіптің бұзылғандығын тексеру; барлық ауырған балаларды сауықтыру.

 

Анкилостомидоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Анкилостомидоз - антропоноздық инфекциялық геогельминтозды ауру. Адамның жіңішке ішегіне паразиттік тіршілік етіп, темір жетіспеушілігі анемияның себебі болады. Екі бір-біріне клиникасы және эпидемиологиясы ұқсас гельминтозды біріктіреді: анкилостомоз және некатороз. Анкилостомоз қоздырушы — анкилостома (Ancylostoma duodenale; Dubini, 1843 г.), некатороз қоздырушы — некатор (Necator americanus; Stiles, 1902, 1903 гг.). Анкилостомиды — ақшыл-қызғылт түсті майда гельминттер, ұрғашысының ұзындығы 10-18 мм, еркек дараларының ұзындығы — 8-11 мм. Эпидемиологиясы: Жұқпалы аурудың ордасы - ауру жұқтырған адам. Ол адамнан сыртқа құрттың жетілмеген жұмыртқалары шығады. Жұмыртқалар топырақта, өсімдіктердің сабағында тіршілік етіп жетіледі де, адамға солар арқылы жұғады. Адамның терісін тесіп өткен[3] дернәсіл қанға араласып, әуелі өкпеге, одан соң ішекке барады да, оның кілегей қабығына орнығып алып, адамның қанын сорады. Сосын құрттың жетілмеген жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шығады.Көбіне Анкилостомидоз тропикалық және субтропикалық климатты елдерде тараған. Қоңыржай климатта жер астында, биік температура мен жоғары ылғалдық жерде жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Инфекцияланған адамның 2-3 күннен кейін құрт кірген жері дуылдап қышу бастайды, орны ісінеді. Бұл белгілер 2 аптаға дейін болып, 2 аптадан кейін кетеді.Сосын ауру жұқтырған адамда жөтел, қақырық түсу (кейде қан аралас), 38—40 градусқа дейін қызу болуы мүмкін. Тұрақты көрсеткіш - 60 %-ға дейінгі гиперэозинофилия. Қосымша әлсіздік, бас айналуы болуы мүмкін. Әйелдерде - менструалдық циклының бұзылуы болуы мүмкін. еркектерде - импотенция .Егер де инвазия (интенситілігі) аз болса - бұл көрсеткіштердің бәрі болмауы да мүмкін. Анемияға қарсы темір препараттары қолданады. Дегельминтизацияны, нафтамонмен (5 г. Х 1 рет тәулігіне, аш қарынға) 3 күн, комбантринмен (10 мг/кг Х 2 қабылдау тамақтан кейін)

52. Альвеококкоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:

Патшалық: Metazoa

Тип: Plathelminthes

Класс: cestoda

Класс тармағы: Digenea

Отряд: Cyclophyllidea

Өкілі: Alveococcus

Түр: Alveococcus multicularis

Альвеококк (Alveococcus multicularis) - денесі 3-4 буыннан тұрады, ұзындығы 2-6 мм. Басында төрт сорғышы және ұзарған тұмсығында ілмешектері дамыған. Алдыңғы буындары гермафродитті, ал соңғы жетілген буыны ұрықтанған жұмыртқаға толы болып келеді. Түпкі иесі түлкі, ит, қасқыр, басқа да жыртқыштар. Аралық иесі – кемірушілер. Адам да аралық иесі бола алады. Альвеококк көпіршігі бір шоқ болып орналасады және көпіршіктер жайылып өсуі нәтижесінде бір мүше емес, басқа да мүшелер зақымдалады. Көпіршіктерді тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Альвеококктарға қарағанда альвеококктар өте қауіпті құрттар.

Қоздырғыштың морфологиялық ерекшеліктері

мен тіршілік циклі: Альвеококктың жетілген түрі иттің, мысықтың, сирек жағдайларда – қасқырдың, түлкінің,сілеусіннің және арыстанның аш ішегінің шырышты қабатына сорғыштары және қармақтарымен жабысып паразиттік тіршілік етеді. Блар осы ішектегі заттар арқылы қоректенеді. Олардың барлығы ақырғы иелері болады. Жұмыртқалары піскеннен кейін альвеококктың соңғы бунағы үзіліп, нәжіс арқылы сыртқа шығады. Аралық иелерінің (адам, шошқалар және шөпқоректі – ауылшаруашылық жануарлар) ішегінде жұмыртқаның сытқы қабығы ериді, босанған онкосфера өзінің қрамақтарымен шырышты қабатқа жабысып, оған енеді, содан кейін қанмен қақпалы көктамыр арқылы бауырға жетеді. Онкосфералардың бір бөлігі төменгі қуыс көктамырға барғаннан кейін өкпеге түседі, ал біразы үлкен қан айналым шеңберіне түседі, сондықтан кез келген тін мен ағзада орналасуы мүмкін.

Эпидемиялық процесстің сипаттамасы: Альвеококкоз жаппай таралған инвазия, бірақ Солтүстік және Шығыс Африкада, Азияда, Европада көбірек кездеседі, ТМД елдерінде эпидеиялығы жоғарылығы Қазақстан және Орта Азия, Кавказ елдері, Украния, Молдавия, Ресейдің көп облыстары. Біздің деректеріміз бойынша Қазаұстанда эпидемиялығы өте жоғары аймақтар – Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары. Соңғы 12 жылда республикада тұрғындардың эхинококкозбен ауырып тіркелгендерінің жалпы санының 78,8%-н бірінші аталған 3 облыстың тұрғындары құрайды. Еңбек жасындағы адамдар әлдеқайда жиі (70%–ға дейін) ауырады.

Инвазия қоздырғышының көзі – личинкалық сатыдағы эхинококтары бар аралық ие ағзаларын жеген ақырғы иелер. Альвеококкпен зақымданған аралық иелердің ағзаларын жегеннен кейін 4-12 жұма өткен соң иттердің және басқа жабайы жыртқыштардың ішегінде 10 мыңдаған ересек альвеококк пайда болады, олардың әрқайсысында 400-800 піскен жұмыртқалар болады. Артқы тесік маңындағы альвеококк мүшелері қимылдағанда, ит қышуды сезіп, ол жерді жалай бастайды. Қоршаған орта, иттің жүні, тұмсығы және тілі нәжіспен шыққан жұмыртқалар мен мүшелермен қатты ластанаы. Олардың саны миллиондарға жетеді.

Альвеококкоз ауылдық және аңшылық түрлерге бөлінеді. Ең көп тарағаны ауылдық, сирегірек – аңшылық альвеококкоздар. Аңшылық альвеококкозда негізгі ақырғы ие – қасқыр, аралық ие – кеміргіштер және солтүстік бұғылар. Адам аңшылық иттерден залалданады. Сондықтан альвеококкозды табиғи – ошақтық инвазиялар қатарына қосуға болады.

Қазақстанның эпидемиялық аумақтарында инвазия қоздырғышының негізгңі көзі альвеококкпен залалданған ағзалармен тамақтанатын қор маңындағы иттер және қаңғыбас иттер.

Патогенезі және клиникалық көріністері: Альвеококк көпіршігі жарылса, анафилактикалық шок дамуымүмкін, паразиттер шашылып, бауырда, өкпеде, бүйректе, тіпті мида көптеген паразиттің жаңа көпіршіктері пайда болуы мүмкін.

Альвеококк көпіршігінің ішкі ағзалар тініне механикалық қысымы осы аурудың өзіндік клиникалық көріністеріне де әсер етеді. Альвеококк көпіршігі ие тінін итеріп және жаншып көбейіп өседі, нәтижесінде тіндер атрофияға және некрозға үшырайды.

Инвазияның ең жиі түрі – бауыр альвеококкозы (70%), екіншші орында – өкпенің зақымдануы (20%), аралас түрлері (4,2%) және басқа ағзалардың бұзылуы (2,8% – бүйрек, бас миы).

Инвазия кезінде асқыну жиі кездеседі (30#). Өт жолдарын жаншып, механикалық сарғаюға әкеледі, сирек жағдайда – билиарлық циррозға ұшыратады.

Өмірге қауіпті асқынудың даму мүмкіндігіне байланысты аурудың салдары – күрделі. Емдеу қазіргі уақытта тек қана хирургиялық жолмен жүзеге асады.

Диагноз қою: Альвеококкоздың бастапқы сатыларында клиникалық жолмен анықтау қиын. Ауру асқынбаған жағдайдаұзақ уақытта, көп жылдарға созылады және кездейсоқ анықталуы мүмкін немесе мақсатты тексерілу кезінде (альвеококктың клиникалық көрініске дейінгі сатысы). Клиникасы белгілі болған сатыда аурудың өтуі көпіршіктің орналасуына, олардың мөлшеріне, асқынудың даму жылдамдығына байланысты болады.

Аспаптық диагноз қою әдістері (бауыр тамырларын, өт жолдарын рентгенологиялық зерттеу, рентгендік компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеулер) қолданылады. Шешуші рөлді иммунологиялық әдістер (ЕГАР, ИФТ, ЛАР) атқарады. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында иммунологиялық әдістермен қатар, ұоршаған орта объектілерінің паразти жұмыртқаларымен заладанғанынбағалау үшін санитарлық – паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Альвеококкоздың ең басты зақымдайтын мүшесі – бауыр. Бауыр ісінуі байқалады, нәтижесінде «Темір» бауыр байқалады.Оң жақ қабырға асты ауырлығы сезіліп, тәбеттің төмендеуі байқалады, арықтау, сарыауру. Хирургиялық жолмен ғана алдын алуға болады. Операциядан кейін 30 күндік мебендазол крстарын тағайындайды, бір күндік дозасы 200-ден 600 мг-ға дейін. Жеке гигиеналық шараларды сақтау. 57. Энтеробиоз, этиологиясы (стематикасы, сыртқы ішкі құрылысы, дамуы) эпизоотологиясы (жұғу жолдары).

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Туыстастығы:Enterobius

Түр:E.vermicularis

Нематодтар түр саны жағынан (27 мыңнан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың жер шарында кездеспейтін жері жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатында меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Сонымен қатар, нематодтардың ішінде адам паразиттері де кездеседі. Олар адамдарда көптеген аурулар туғызады. Солардың бірі, Enterobius vermicularis тудыратын –энторебиоз ауруы.

Энторебиоз – қоздырғышы нематода класына жататын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, аурудың созылмалы өтуімен, артқа тесік маңының қышуы және ішек жұмысының бұзылуымен сипатталатын контагиоздық инвазия.

Этиологиясы. Қоздырғышы – Enterobius vermicularis – үшкір ақ құрт (острица), кішкентай нематода. Құйрығы үшкір (сондықтан острица деп аталады), ұрғашысының ұзындығы 9-12 мм, еркегі 3- 4 мм, құйрығы қармақ тәрізді иілген, ақшыл түсті. Ересек паразиттер адам ішегінде 3- 4 жұмадан 2 айға дейінтіршілік етеді. Үшкір ақ құрттың жұмыртқалары түссіз, сопақ, ассиметриялы, екі контурлы. Жұмыртқаның ішінде қалыптасқан личинка бар. Бір ұрғашысында – 5-10 мың жұмыртқа болады. Тіршілік ұзақтылығы – бірнеше күн. Үшкір ақ құрттың ересек ұрғашылары соқыр ішекте паразиттік тіршілік етеді, түнде артқы тесік арқылы сыртқа шығады, олардың әрқайсысы тері қыртысында 10 мыңға дейін жұмыртқа салады, сосын өледі.

Тіршілік циклі. Ересектері алдыңғы жағымен аш және тоқ іщектің соңғы жағындағы қабырғасына жабысып, артқы тесіктен шығады, оның маңындағы теріге жұмыртқа салады. Ұрғашыларының қозғалысы қышыну тудырады. Жұмыртқа салғаннан кейін ұрғашылары өледі. Ұрғашылар шығарған жұмыртқаларды жетілген личинкалар бар, бірақ олардың толық жетілуі қоршаған ортада өтеді, себебі инвазиялық личинкаға дейін дамуы үшін оттегі жеткілікті болуы қажет. Жұмыртқалардағы личинкалар 4-5 сағат ішінде жетіледі, одан кейін инвазиялы болады. Қышыған теріні қасығанда жұмыртқалар тырнақ астына енеді, іш киімге, одан кейін ойыншықтарға, ыдысқа ауысады, ауызға түскеннен кейін ішекке өтеді. Ішекте личинкалар жұмыртқалардан шығады, содан соң ересек күйіне дейін дамиды. Олардың тіршілігінің ұзақтығы бірнеше ай 1-2 ай.

Үшкір ақ құрт жұмыртқалары тікелей адам денесінде дами алады, нәтижесінде адамға үздіксіз қайталап жұғына жағдай туады. Қайталап жұғуын – аутоинвазия деп атайды. Осыған байланысты үшкір ақ құрттың тіршілік цикліның өте қысқалығына қарамастан, энтеробиоз ауруы көптеген жылдарға созылуы мүмкін және ол өте қиын емделетін гельминтоз болып есептеледі.

Эпидемиологиялық процестің сипаттамасы. Энтеробиоз – жер шарының барлық жерлерінде өте кең тараған инвазия. ДДҰ-ның сарапшыларының бағалауынша әлемде бұл инвазиямен 350 млн аса адам залалданған. Жиірек дамуы Солтүстік елдерде кездеседі. АҚШ-та энтеробиозбен тұрғындардың 5-15% залалданған. Еуропа елдерінде балалардың залалдануы 20-70% жетеді. Тропикалық аймақтарды бұл инвазия сирек кездеседі, себебі ол жерлерде үшкір ақ құрттың жұмыртқаларын жоятын ауаның жоғарғы температурасына (400С жоғары) болса керек.

Жұғу жолдары. Инвазия қоздырғышының жалғыз көзі – үшкір ақ құрттарды жұқтырған адам. Берілу механизмі – ауыз-нәжістік. Берілу жолы – тағам, тұрмыстық және жанасу арқылы, жұқтыру факторлары – ауруды қоршаған әр түрлі объектілер, су, тағам және т.б.

Инвазия жұмыртқаларының таралуы әр түрлі тәсілдермен іске асады – қолмен тікелей ауызға немесе басқа жерге апару арқылы, немесе үшкір ақ құрт жұмыртқаларымен ластанған объектілер, ішкиім, төсек орын арқылы. Кейінірек басқа объектілер де ластанады, олар да энтеробиоздың ьерілу факторлары бола алады: тағам, жиhаз, ойыншықтар, ыдыстар. Жұқтыру жүзу бассейнінде, әсіресе шешінетін жерлерде, үй жағдайында және ваннада жүзеге асуы мүмкін.

Балалардың тырнағын кеміруі – аутоинвазияның жиі жолы. Үшкір ақ құрттар жұмыртқаларын тасуға шыбындар, таракандар қатысады. Жұмыртқалар шаңмен тыныс жолына түсіп одан жұтқыншаққа барып жұтылады. Ретроинвазия деп аталатын құбылыс орын алуы мүмкін, онда жұмыртқадан шығып, анус маңында орналасқан личинкалар, анустан қайтадан ішекке оралады. Үшкір ақ құрт кейде әйелдің жыныс ағзасына, яғни қынабына, кіріп оның қабынуына – вульвовагинитке әкеледі.

Үшкір ақ құрт жұмыртқалары ғимараттарда тірі түрінде 3-4 жұма сақталады,и бұл жағдайда жұмыртқаларды құртушы негізгі фактор – ауаның салыстырмалы төменгі ылғалдылығы (80% төмен) және жоғарғы температура (+400С жоғары). Жұмыртқалар үшін ең қолайлы ылғалдылық 100 дейін, жұмыртқалар жетілу үшін қолайлы температуралық деңгей – 360С, яғни адамның дене тем пературасы. Олар құрғақшылыққа өте сезімал. Жетілген жұмыртқалар 10-120С құрғақшылыққа 3 жұмаға дейін шыдайды. Салұын ылғалды жерлерде жұмыртқалар тіршілік қабілеттілігін 2 жұмаға дейін сақтайды. Дегенмен жұмыртқалардың дамуы 220-400С аралығында жалғасады (қоршаған ортада), 400С-тан жоғарыда жұмыртқалар өледі, ал 4 -130С-та жұмыртқалар тек қана 7 күн өмір сүреді.

Жұмыртқалар қабығы құрылысының ерекшеліктеріне (ішкі қабаты липоидтардан тұрады) байланысты дезинфектанттарға төзімді. Бірақ жұмыртқалар 10% лизолдың және 5% карбол қышқылының әсерінен өледі.

Энтеробиоздың эпидемиялық процесінің ерекшеліктерінің біреуі – инвазия қоздырғышының оңай берілу механизмі. Энтеробиозды жанұя инвазиясы деп атауға болады, себебі ол бүкіл жанұя мүшелеріне тегіс жұғады. Энтеробиозда ошақтылық айқын байқалады. Оған адамдардың тығыздығы, әсіресе пәтерлердің, балалар бақшасының және мектептердің тарлығы қолайлы. Қыс кезінде ғимараттарда табылатын үшкір ақ құрт жұміртқаларының саны, жазбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бірақ сырқаттылықтың маусымдылығы айқын байқалмайды.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Ішектің шырышты қабатының механикалық жаралануы, оған қан құйылып (үшкір құрт – факультативтік гематофаг) асқынуы, организмнің зат алмасуының бұзылуы және үшкір ақ құрттар антигенімен сенсибилизациялануы – энтеробиоздың патогенезі мен клиникалық көріністерін анықтайтын негізгі себептер. Ауырған адамның негізгі шағымы – анус маңының қышуы, әсіресе түнде, үшкір ақ құрт ұрғашыларының қозғалатын уақытында. Күшті залалданғанда іштің ауруы, тәбетінің азаюы, ұйқысыздық байқалады. Энтеробиозбен ауыратын баланың қолында нәжіс қалдықтары жиірек көрінеді, ол бактериялық инфекциялардың немесе басқа гельминтоздың даму қаупін өсіреді.

Кейде үшкір ақ құрттар әйелдің жыныс ағзасына өтіп вагинит, эндометрит және сальпингит сияқты патологиялық көріністерге душар етеді. Жас қыз балаларда осындай клиникалық көріністің болуы дифференциалдық диагноздың белгісі бола алады, себебі оларда басқа себепті сальпингиттер өте сирек кезедеседі. Әрине, ақырғы диагноз зертханалық әдістер арқылы қойылады.

Диагноз қою тоқ ішектің кілегейлі қабатынан және анустың маңындағы теріден қырнап алынған материалдан микроскоп көмегімен жұмыртқаларды табуға негізделген. Энтеробиозды табуды жеңілдету үшін әрбір 2-3 күн үзілістен кейін Грэхман әдісімен 3 рет тексеру өткізіледі. Ол үшін түссіз жабысқақ (пленка) қолданылады (онда ересек құрттарды көруге болады). Үшкір ақ құрт жұмыртқаларын баланың тырнақ астынан алынған қырындылардан да жиі табуға болады. Жұмыртқаларды нәжістен іздеу әдетте нәтижесіз, себебі ұрғашылары оларды ішекке шығармайды. Көптеген жағдайда ата – аналары өздері «кішкентай тірі құрттарды» бала нәжісінен табады.

Емдеуді кез келген гельминттерге қарсы пайдаланылатын препараттармен (пирантел немесе мебендазол, гельминтокс) өткізуге болады. Басқа дәрі ретінде еркеке папортниктің экстратісін пайдалануға болады. Аталған препараттарды бір реет қолданудағы химиялық емдеудің тиісділігі – 95%. Бірақ қайта жұқтыру қаупінің мол екенін ескеру керек.

Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары инвазия қоздырғышының берілу механизмін үзу мақсатында күрделі (санитарлық-гигиеналық және емдеу, алдын алу) түрде өткізіледі. Егер балалар мекемелерінде энтеробиозға бір реет тексергенде 20% артығы инвазияланған болса, онда балаларды (2 рет 14-21 күн үзілістен кейін) сауықтырады, дегельминтизация жасалады. Сонымен қатар төмендегідей басқа да эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын қолданады:

· қоздырғыш көзін, инвазияның берілу жолдары мен факторларын,

санитарлық тәртіптің бұзылғанын және осы мекеме қызметкерлерінің үшкір құрттармен инвазиялану дәрежесін анықтау мақсатында, ошақты мұқият санитарлық-эпидемиологиялық тексеру;

· барлық ауырған балаларды, қызметкерлерді сауықтыру, соңғыларды емдеу кезінде жқмыстан босату, жанұя мүшелерінде сауықтыру;

· балалар мен ересектерді тазалық дағдыларына үйрету;

· инвазия ошақтарында (пәтер, балалар мекемелері және т.б.)

балалардың әрқайсысын құтылармен қамтамасыз ету, оларды жүйелі түрде өңдеуді ұйымдастыру, балалар дәретханаға барғанда жеке бас тазалығын сақтауды бақылау, балалар мен ересектердің әрқайсысына бет орамал, төсек орын және іш киім беру, тырнақты уақытылы тазалап отыру, таңертең және кешке жуынуын қадағалау;

Санитарлық-тазалық шаралармен қатар мебендазолмен (вермокс), пирантел, ванкин, альвендазил, эмбовин, пиперазинмен химиялық емдеу жүргізіледі. Химиялық алдын алуды комбактринмен жүргізу ұсынылады. Тұрғындарды энтеробиоздан қорғаудың тиімділігін жоғарылату үшін барлық мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және жанұяларда шаралар жиынтығын бір уақытта өткізу керек.

 

Қорытынды:

Қорытындылай келе, жалпы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі, мектептердегі, мамандандырылған интернаттардағы, психиатриялық ауруханалардағы объектілерді қазіргі Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес санитарлық-гельминтологиялық тексеру шараларын жиі өткізіп тұру қажет. Олардың ішіндегі ең бастысы әрбір мекеменің заттары мен аспаптарының (ойыншықтар, жиһаз, ыдыс, есік тұтқасы), ойые алаңдары топырағының, балалардың, қызметкерлердің қолдарының үшкір құрт жұмыртқаларымен ластанбауын тексеру. Гельминт жұмыртқаларын залалсыздандыру шараларына қызметкерлер және балалар арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу де жатады.

 

58. Филяриатоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:

Систематикасы:

Патшалық: Metazoa

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Отряд: Spirurida

Тұқымдас: Filaridae

Филяриатоз – биогельминтоздар тобындағы бірнеше нозологиялық түрді біріктіретін (вухерериоз және бругиоз, лоаоз, онхоцеркоз) қоздырғыш-ы нематода класына жататын, трансиссивтік механизммен берілетін, созылмалы дамуымен сипатта-н тропикалық ауру.

Этиологиясы. Қоздырғыштары: Filariidae (лат. Filum-жіп) – ақ жіп тәрізді әртүрлі гельминттер, үзындығы 20-100 мм. Адамның қанында, лимфа жүйесінде ж/е ағза-а паразит-к өмір сүреді. Тірідей туатын үрғашы-ы личинка-р (микрофиллярийлер) шығарады. Филлярийлердің дамуы иелерді ауыстырумен өтеді. Адам ақырғы иесі, аралық иелері – масалар, соналар, шіркейлер. Ересек филярийлер жабық жүйе-е (қанда, лимфада), адам дене-ң қуыс-а паразит-к өмір сүреді. Личинка-ы қан жүйе-е жүреді н/е тері қабаты-ң бетінде шоғыр-ы. Олар онда өспейді ж/е морфология-қ құрылысы өзгермейді. Укйбір филярий-ң мыс: вухерериоз бен бругиоз қоздырғыш-ң әртүрлі штам-ы болады. ДДҰ-ның терминологиясы бойынша микрофилярийлер-ң мерзімділік ж/е мерзімділігі төмен штамм-ы кездеседі. Олар-ң айналымында белгілі заңдылық байқалады: вухерериоз қоздырғышы-ң мерзімділік штаммы күндіз өкпенің қан тамыр-а болады, ал түнде шеткі тамырларға ауысады. Тынық мұхит айма-а табылған бұл гельминтоздың мерзім-і төмен штаммы шеткі қан тамыр-а тәулік бойы болады, ал күндіз олар біркелкі өседі.

Бругиоздың мерзімділік штаммы тек қана адам организмінде паразит бола алады, ал мерзім-і төмен осы штамм маймыл денесінде де паразиттік өмір сүре алады. бұл гельминтоздың 2 штамы да түнде микрофилярий-ң күрт өсуімен сипатталады. Әртүрлі штамм-ң айналысының бұл ерекше-н білу – тұрғындарды қорғауды ұйымдастырғанда, гельминтоз-ң орналасуы, п.б. уақытын білу, сырқаттылық п.б. қауіпті уақытын анықтағанда мамандарға үлкен эпидемиологиялық көмек көрсетеді.

Қан сорушы жәндік-р ауру адамды шаққанда, қанмен бірге микрофилярий-і де жұтады. Жәндік-ң (аралық ие) асқорыту жолында личинкалар ішек-ң қабырғасын тесіп, дене қуысына түседі, кеуде бұлшық еттерінде ж/е мальпигий тамыр-а орналасды. бұл ағза-а олар өседі ж/е 2 рет түлейді (қабығын тастайды). 2-3 жүмалдан кейін личинкалар дене қуыстарына қайтып келеді, ауызда, әсіресе, ша,атын аспап тұмсықта жиналады.

Адамды шаққанда, ол қан тамыр-а түседі, олар арқ. ішкі ағза-а жетіп, онда өсіп дамиды, 1-2 жылдан кейін ересек гельминттерге айналады. Осы шамада аурудың клиника-қ белгі-і де көріне бастайды. Ересек филярийлер адам дене-е 12-ден 17 жылға дейін микрофилярийлер – орта есеппен 12 ай шамасында, яғни бүкіл инвазиялық мерзімде паразит-к өмір сүре алады. бұл уақытта эпидемиологиялық қауіп сақталады, ал адам 17 жыл юойы инвазия көзі болып табылады.

Клиникалық көрінс-і көп жағдайда байқалмай қалуы мүмкін. Инвазия-қ процесс басым жағдайда созылмалы түрде өтеді. Негізгі клиника-қ белгі-і лимфа тамыр-ң бітеліп қалуына, лимфаағым мен лимфастаз-ң бәсеңдеуіне байланысты өршиді. Паразит-ң лимфа тамыр-н зақымдауынығ салдарынан олар-ң қабырға-ы қалыңдайды (стеноз), сонд. тамыр-ң ішкі қабырғасы тарылып, біржола бітеліп қалуына дейін (тромбоз) барады. Мұндай тамыр-р көп жағдайда жарылып кетуі де мүмкін. Негізгі клини-қ белгі-і: экссудативтік эритема, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, орхоэпидидимит (аталық без-ң зардаптануы), синовит, әйелдерде – мастит, хт\илурия н/е лимфурия (несепте қан н/е лимфа көбейеді). Несеп-ң түрі ақ – сүт тәрізді болады, кейде кешке қарай қызарады, ал таңертең ағарады. микрофилярийлер түнде қанға түскеннен кейін олар лимфаны қойылтады, қауыз п.б., соңынан несеп жүретін түтік-р бікетіле бастауы мүмкін.

Диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнез, клини-қ көрініс-і, микрофилярий-і қанда табу пайдала-ы. Гельминт-ң түріне байланысты (штамына, даму цикліне байл.) ұанды алған уақыт-ң да маңызы бар. Аталған гельминтоздармен ауырғандарды емдеу алдын алу шарасы да болып есептеледі, себебі емдеу барысында тек инвазия-қ түр-і (микрофилярийлер) ғана емес, оларға қоса ересек түрлері де қоса жойылады. Осы мақсатта дитризин, диэтилкарба мизин қолданы-ы. Емдеу курсы бірнеше айдан кейін қайта-ы. Гельминт-н тазалау процесі тек қана ауру-ы емес, сон.қатар эндемия-қ аймақ-ы басқа тұрғын-ң көпшілігін қамтиды.

Алдын алу үшін, ең 1шіден, тасымалдау-ы құртуға н/еолардан тұрғын-ы қорғауға негізделген. Бұл кезде масса-ң ж/е олар-ң личинка-ң биол.ерекшелік-н ескерген дұрыс. Алдые алу-ң маңызды, тіпті негізгі әдісі – инвазия көзін сауықтыру б.т. Бұл бағыт-ы шара-а қанында микрофилярий-і бар адам-ы анықтау үшін, тұрғын-ы жаппай тексеру, инвазияланған адам-ы гельминт-н тазарту керек.

Дракункулез, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Дракункулез (ришта, нору) –қоздырғышы нематодтар класына жататын, ластанған су арқылы берілетін тропикалық антропонозды биогельментоз, тері асты май қабатының зақымдануымен паразиттің антигендерімен организімнің сенсибилизациялануымен сипатталады.

Этиологиясы: Қоздырғышы D.mаdinensis тірідей туатын ірі нематода, ұз-32-120 см, ақ түсті, бас жағында кутикулярлық қалқаны бар. Аузын 8 сорғыш қоршаған. Құйрығында ен қосалқысы бар. Гельменттің еркектері әлде қайда кіші. Ұрықтанған ұрғашының бүкіл денесі түгелге дейін жұмыртқаға толы болады. Ұрықтанғаннан кейін жыныс ағзсы жабылады. Личинкалардың жатырдан шығуы тек қана бас жақтағы кутикула жарылса мүмкін болады, оның нәтижесінде паразит өлді. Жыныстық жетілген ересек ұрғашылары адам соңғы иесінің терісінің астында жиналады. Паразит орналасқан тері асты клечаткада жіп тәрізді білік пайда болады, оның соңғы жағында көпіршік құрылады. Бұл көпіршік жарылған соң, паразиттің алдыңғы жағы көрінеді. Ришта қоздырғышының ұрғашысы личинксын тіі туады. Жараны сумен шайғанда көптеген микрофилярийлер суға шығады. Личинкаларды шаян-циклоп жұтады, оның денесінде олар 2 рет түлейді, сөйтіп 4-14 тәуліктен кейін инвазиялық қасиетке ие болады. Таралуы. Дракункулездің көп таралған жері- Ирак, ИНдия, Пәкістан, Шығыс және орт Африка, Инвазия қоздырғышының көзі және ақырғы иесі болып ауру адам саналады. Берілу факторы және аралық ие ролін атқаратындар тұссыз суда өмір сүретін ұсақ шаяндар. Олар суға түскен личинкамен қоректенгенде, инвазивтік личинкалармен залалданады.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Дракункулез патогенездің негізі гельминт антигендерімен организмнің сенсибилизациялануымен және тіндердің механикалық жарақаттануы, паразит орналасқан тері астының қатаюы, қышынуымен байланысты Әлсіздік, есекжем, беттің ісуі, демікпе байқалады. Паразит орналасқан жерлерде алергиялық ісіктер пайда болады.

Диагноз қою. Ақырғы гельминтің тері астын көргенде бірден қойылады. Аурудың кейінгі фазасында, қотыр пайда болмай тұрып, тері астында орналасқан білік тәріздес иірілген томпақты анықтау арқылы диагноз қоюға болады. Емдеу. Гельминт тері астында көрінгенде, оны кішкене білікке орап тәулігіне5-10см денесін үздей шығарып алады. Алдын- алу. Дракункулез бар эпидемиялық аймақтарда су ішуге тиым салу немесе оны сүзіп, қайнатқаннан кейін пайдалану эпидемияға қарсы күрес шаралары болып саналады. Бұл инвазиядан сақтануда қоғамдық және жекелей алғанда алдын алу тақырыбына арналған санитарлық –ағарту жұмысының да маңызы зор




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.021 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав