Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Туыс: Hymenolepis

Түр: Hymenolepis nana- қортық солиттер (ергежейлі)

Hymenolepididae тұқымдасына жататын қортық солиттері денесі -100-200 –дей ұсақ буыннан тұрады, ұзындығы 1,5-4,5см. Басқа солиттерден айырмашылығы даму циклі бір ғана иесінің ішінде өтеді- адамның ортаңғы ішігінде. Ұрықтанған жұмыртқалардан онкосфералылар дамып, олар ащы ішектің өте ұсақ өсінділеріне –бүрлеріне еніп цистицеркоид личинкасына айналады. Кейін олар ішек арасына түсіп, сорғыштары арқылы ішекке бекініп, ересек түрі жұмыртқаларын бөліп шығарады. Жұмыртқалардың біразы адамның нәжісімен бірге сыртқа тарайды, алқалғандарынан онкосфералардамып, даму циклі қайталанады, Сонымен, адам құрттың негізгі және аралық иесі болып келеді, Хименолепис ауруымен көбінесе балалар ауырады. Адамның ішегін солитердің жұмыртқалары жуылмаған жеміс, көкөніс, су арқылы өтеді.

Таралуы; Қиыр шығыс, Сібірде, Қазақстанда, Қырғысстанда кеңінен тараған

Клиникалық белгілері: Іш ауырады.


65.Онхоцеркоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына

Онхоцеркоз филярийдоздар тобына жататын антропонозды биогелтминтоз, қоздырғышы трансмиссивтік механизімі арқылы беріледі. Тері астында спецификалық түйіндердің дамуымен, дерматит, көздің жарақаттануы, жиі жағдайда соқырлықтан пайда болуымен пай да болады. Этиологиясы. Қоздырғышы онхоцерктердің екі түрі O. volvulus-африка O. Caecutiens-Оңт Америка. Олардың морфологиясы бірдей, ересектері тері астында, бұлшық ет қабының қасында,

сирегірек- тіндерде орналасады. Личинкалары теріде және тері астында, жиі жағдайда –көзде, сирегірек лимфа түйіндерінде, өте сирек жағдайда қанда өмір сүреді. Аұырғы және инвазия қодырғышының көзі –адам, аралық ие және тасмалдаушысы-шіркейдің ұрғашылары. Шіркейлер залалданған адамды шаққанда инвазияланады.Олардың денесінде микрофиллярийлер 6-7 күннен кейін инвазиялық сатыға жететді. Инвазияланған шіркейлер ең көп дегенде 20-25 күн өмір сүреді. Таралуы. Бұл ауру Африканың ылғалды орманды елдерінде кения, Конго, Уганда, Йемен елдерінде тараған. Онхоцеркоз ошвқтары Бразилия,Мексика да т.б кездеседі. Онхоцеркоздың негізгі ошақтары өзеннің және оның тармақтарының аумағында орналасқан. Бұл гельминтоз 50 млн адамда тірккеелген. Ал африкалық ошақтардағы халықтың 30-50 пайызы соқырлық байқалған. Жұғу жолдары: Онхоцеркоздың патогенезіндегі ең маңызды жағы –адам организімінің сенсибилизациялануының дамуымен байланысты. Мұндай жағдай микрофилярийдің әсіресе лимфа түйіндеріне, тіндерде, көзге миграция кезінде және олар өлгеннен кейінгі пайда болаын заттардың әсерінен аллергиялық реакциялар туындауымен байланысты.

Клиникалық белгілері. Көздің ауруы айрықша белгі деп санлады. Ауыр түрінде көз нервісі артрофияға ұшырайды.

Диагноз қою. Соңғы диагноз түйінде биотоптанатын, несептен, көздің алдыңғы камерасынан личинкалар тапқанда дәлелденген. Емдеу. Дитразин, диэтилкарбамазин, итразин, сурамин, меларсонал дәрілерін қолдану керек. Эпидемологиялық қадағалау және алдын лау шаралары ең біріншіден тасмалдаушыларды құртуға немесе олардан тұрғындарды қорғауға негізделген. Алдын-алудың маңызды, тіпті негізігі әдісі –инвазия көзін сауықтыру болып табылады. Бұл бағыттағы шараларға қанында микрофилярийлері бар адамдарды анықтау үшін, тұрғындары жаппай тексеру, инвазияланған адамдарды гельминттерден тазарту керек.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 67 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав