Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түр:Cysticercus cellulosis

Қоздырғышы – Taenia solium (Шошқа немемсе қаруланған цепені) – таспа тәрізді гелминт, 1000 дейін мүшелері (проглоттид) бар, ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Диаметрі 0,6-2 мм,басында 4 сорғышы,22-32қармағы бар,осы себептен қарулы цепень деп атайды. Ересек мүшелерінде 30 дан 50 мыңға дейін жұмыртқа болады.Сиыр цепенінен шошқа цепені мүшелер санының (800-1000) аздығымен,олардың мөлшерімен (ұзындығы 12-15мм,ені-6-7мм)және ересек мүшелері жатырының бүйір тармақтарының аздығымен (7-12 жұп)ажыратылады.Сонымен қатар,шошқа цепенінің белсенді жылжу қабілеттілігі болмайды. Тіршілік циклі: Түпкілікті қожайыны адам,ал аралық қожайындары адам және шошқа. Ауру адам фекалияясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте,шошқалар лас,қоқыс жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жұмыртқаларын да жұтады.Қарында олардан 6 тармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера қармақшалы арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан тамырларға енеді де,қанмен бүкіл денеге таралады,әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне.Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады.Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады.Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады.Финналар түпкілікті қожайыны адам ішегінде ересек формаға айналады.Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады. Патогенді әсері: Механикалық зақымдау (қожайынның қоректік затын пайдалану)және улы заттармен улану. Тениоз кезінде ас қорытудың бұзылуы,қан аздылық,жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның түпкілікті және аралық қожайын ретінде болуы,яғни адамда финналық сатысының дамуы (цестицеркоз).Тениоз ауруымен ауырғанда адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға,өңешке және жұтқыншаққа өтуі мүмкін.Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады.Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып,қантамыр арқылы көз,ми,бұлшықет ұлпаларында цистицеркке айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады.Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы адамдарды соқыр етеді.Цестицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді. Емдеу жолдары: Тениозды көбінесе паразаттерді өлтіретін дәрілерді пайдалану арқылы емдейді.Емделу барысында ауырған адамға дәрілер мен қатар В12 витаминін пайдаланады.Ауырған адамның организмде темір жетіспеушілік болады.

Бұл ауруды медициналық жолмен де, халықтық емдеу жолы да бар.Халықтық емдеу жолы өте ауыр және одан кейін адам көп зардап шегуі мүмкін. Хирургиялық операция жасалады: Инфекция көзге,миға дейін тарап кеткен жағдайда. Личинкалары көзде табылған жағдайда.Гельминт және оның бөліктері өтте және өт жолдарында кездескен жағдайда.

 

Тениаринхоз, этиологиясы (систематикасы сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы) эпизотологиясы(таралуы), эпидемиологиясы(жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, күресу шараларына анықтама беріңіз. систематикасы- тип –жалпақ құрттар-plathelminthes-класс- cestoda-таспа құртттар,отряд- cyclophyllidea-солитерлер,өкілі- Taeniarhynchus saginatus –өгіз солитері.Тениаринхоз – қоздырғышы ауыз – нәжісті механизмі арқылы таралатын, көбінесе асқазан жолдарының зақымдалуымен, токсикалық – аллергиялық реакциялармен және диспептикалық бұзылу белгілерімен сиппаталатын антропанозды биогельминтоз. Қоздырғышы

Taeniarhynchus saginatus (синон. Сиыр немесе қарусыз цепень) аш ішекте паразиттік өмір сүретін таспа тәрізді ірі цепень. Құрамында өте көп мүшелері (проглоттид) бар, оның әрқайсысында 150 мыңға дейін жұмыртқа бар, ұзындығы 7-10 м, басында 4 сорғышы болады. Жұмыртқалары жұмыр, жұқа және мөлдір қабығында 6 қармағы бар, қоршаған ортада тез бұзылады. Әр бір жұмыртқада екі контурлы көлденең сызықты қабыршақпен қоршалған ұрық болады. Сиыр цепенінің даму барысында иелері ауысып отырады. Ақырғы ие адам, аралық ие – ірі қара мал және де енеке (буйвол), зебу, қодас. Африкада сиыр цепені личинкаларының сирек жағдайда қарақұйрық пен киіктің денесінде паразиттік өмір сүргені тіркелген. Бірақ жабайы жануарлар тениаринхозды таратуға қатыспайды. Тениаринхоз барлық елдерде кездеседі, әсіресе Африкада, Азия және Балқан елдерінде кең таралған. АҚШ – та ірі қара малдың 1% - не дейін сиыр цепенімен залалданған. ТМД елдері ішінде Кавказда, Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда жиі тіркеледі. Сонымен қатар республиканың біраз облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және т.б.) тениаринхозбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1,0 – ден асады. Сиыр цепенінің онкосфералары қоршаған орта әсеріне біршама төзімділік көрсетеді. Инвазия қоздырғышының жалғыз ғана көзі – тениаринхозбен ауыратын адам. Инвазияның берілу механизмі ауыз – нәжістік. Берілу жолы – алиментарлық, залалдану факторы – ірі қара малдың финноздық еті. Тениаринхоздың берілуі мынандай схемамен өтеді: инвазия көзі болатын залалданған адам (ақырғы ие) → инвазияланған материал түскен қоршаған орта объектілері → ірі қара мал, оның денесінің тіндері инвазияның берілу факторлары болады → қабылдаушы адам (болашақ ақырғы ие), цистицеркпен залалданған етті пайдаланса, инвазия қоздырғышының көзі болады. Сиыр цепенінің айналым циклінің шеңбері осылай тұйықталады. Сиыр цепенімен инвазияланған адамдар 2-4 айдан кейін басқаларға жұқтырушы қабілетіне ие болады және ондаған жылдар бойы инкосфераларды бөліп отыруы мүмкін. Тениаринхозды қабылдаушылық жалпы барлық адамдарға тән. Дегенмен, ересектердің залалдануы, балалармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Ол тамақтануға, өндірістік – кәсіпқойлыққа және тұрмыстық әрекеттерге, әдет – ғұрыпқа, дәстүрге байланысты. Әйелдер, ерлерге қарағанда, көбірек залалданады. Соңғылардың ішінде бұл инвазия мал соятын мекеме, тамақ дайындаумен байланысты кәсіпқойлық (қасапшылар, ет комбинаттары, ет базары, ет дүкендерінің жұмысшылары, аспаздар) топтарда кездеаеді. Ауылдық жерлерде, әсіресе мал шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарда, тениаринхозбен залалданушылық молырақ. Патогенезі және клиникалық көріністері мынандай жағдайлармен анықталады: гельминт сорғыштарымен аш ішек шырышты қабатының механикалық жарақаттануы; ішектің жұрмей (жабылып) қалуы, ішек қабырғасының тесілуі, зат алмасуына гельминттің токсикалық әсері; гельминт тез өсу және даму процесі кезінде (жас гельминт тәулігіне 7-10 см ұзарады) тағамдарды пәрменді пайдаланатындықтан, адам организміне қажетті қоректік заттардың азаюы, осы себептен биологиялық құнды компоненттердің жетіспеушілігінің туындауы; инвазия ұзақтылығының бірнеше жылға созылуы. Диагнозды сенімді түрде қоюға дәреттен тыс уақытта цепень мүшелерінің өз бетімен, көбінесе түнде, сыртқа шығуын анықтау негіз болады. Гельминттің жетілген бунақтары мен жұмыртқаларын табу үшін зертханалық әдістермен науқастын артқы тесігі айналасындағы қыртыстарынан және нәжістен алынған нативті жағындыларды Като тәсілі бойынша қалың жағындыны, байыту әдісімен (энторобиоз кезіндегідей) дайындалған препараттарды микроскопта қарау қолданылады. Сиыр цепенін шошқа цепенінен ажырату қажет. Ол үшін екі әйнекшенің ортасына қыстырылған препараттағы цепень бунағын жарыққа қарап анықтайды. Сиыр цепенінің 18-32, ал шошқа цепенінің 8-12 бүйірлік тармақтары болады. Сиыр цепенін ішек жолын рентгениен зерттеу арқылы да табуға болады. Сонымен қатар серологиялық реакциялар арқылы табуға болады. Празиквантел, фенасал, албендазол, еркек жынысты қырыққұлақтың (папоротник) сығындысы, асқабақ дәні.

Инвазия қоздырғыштарының көзі және ақырғы иесі тек қана адам болғандықтан, эпидемияға қарсы және медициналық алдын алу шаралары төмендегідей болады:

Инвазияланғандарды белсенді түрде табу, оларды есепке алу және дегельминтизациялау, инвазиядан толық арылғанға дейін емделгендерді диспансерлік бақылауға алу мақсатында тұрғындарды (қауіпті топтарды) жоспарлы түрде сақтандырып, ал қалған контингенттерді – эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша тексеруден өткізу;

Елді мекендердің, мал шаруашылық фермаларының, қоғамдық тамақ мекемелерінің, базар және басқа объектілердің санитарлық жағдайын үнемі тексеру; Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын кеңейту;

 

 

Дикроцелиоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Дикроцелиоз - қоздырғышы трематодоздар класына жататын,лас шөп,нәжістер арқылы берілетін табиғи-ошақтық зоонозды биогельминтоз, көбінде өт жолын, ұйқы безін зақымдайды. Этологиясы: Ланцент тәрізді сорғыш құрт (Dicrocelium lanceatum). Ланцет тәрізді сорғыштар ірі қара және ұсақ малдың, кейбір басқа да жануарлардың бауырында паразиттік тіршілік етеді, өте сирек жағдайда адамда кездеседі. Барлық жерлерде таралған. Морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Ланцет тәрізді сорғыштың ұзындығы 10мм-дей, дене пішіні қандауыр тәрізді. Ол фасциоладан ішектері және жыныстық аппаратымен ерекшеленеді. Ішектерінде тармақталмаған екі бағанасы бар,олар денесінің бүйір жағын алып,артқы жағында тұйықталып бітеді. Құрсақтық сорғышының артында екі дөңгелек ұрық бездері орналасқан. Аналық жыныс аппаратына кішкентай дөңгелек аналық без,жұп сары уыздар,ұрық қабылдағыш және жақсы дамыған жатыры жатады. Бұл гельминттердің жұмыртқалары сары-қоңыр түстес,дөңгелек пішінді болады. Дене құрылысы: Бұл тоғышар ұзынша келген, тұрқы 0,15-0,25 х 0,5-1,5 см. өте ұсақ, жіңішке қандауыр (ланцет) тәрізді жалпақ құрт.Гельминттің артқы жағы доғалдау, ал, алдыңғы жағы үшкірлеу келеді. Денесінің үшкірлеу тұсында көлемі біркелкі бір - біріне жақын орналасқан ауыз және құрсақ сорғыштары жайғасқан. Алдыңғы қатарда, яғни құрсақ сорғышының қасында қалақшаға ұқсас екі еркек жыныс бездері орналасқан. Дикроцелиидің қалған 2/3 бөлігіне жуығынан іші уақ қоңыр жұмыртқаларға толы жатырды көруге болады. Уыздықтары тым кішкене болады. Даму циклы: Дикроцелиилар – биогельминттер, триксендік сорғыштар, өсіп - өнуіне үш ие міндетті түрде керек. Олар:Ақтық иелері – қой мен ешкі, ірі қара және басқа да үй жануарлары. Тоғышар олардың бауырында, өт жолдарында, өт қалтасында мекендейді.Аралық иелері – құрлық ұлулар Bradibenidae тұқымдасынан Қосымша иелері – құмырсқалар Formica және Proformica туыстарынан. Клиникалық белгілері. Малдың бауырында жүздеген, мыңдаған құрттар болса, ол қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Дикроцелиоз созылмалы түрде өрбиді, оның клиникалық белгілері көбінесе ересек қойларда байқалады. Жануарлардың жем-шөпке зауқы болмайды, бірте-бірте мал арықтайды. Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады, кейде іші өтеді. Көзге ілінетін ағзалардың кілегей қабықтары ақ сарғыш тартады. Тамағында, кеудесінде жалпы аяқ ісік пайда болады. Бауыр көлемі ұлғаяды, оны сыртынан басып тексерген кезде мал ауырсынады. Емі. Дикроцелиозға қарсы қолданатын дәрілер: 1. Гексихол - қой мен ешкіге 0,6г/кг-нан, мүйізді ірі қара малға 0,4 г/кг беріледі, төлге 0,5 г/кг-нан арасына бір айдай уақыт салып, үш қайтара жемге қосып береді. 2. Гетолин (шетелдік антгельминтик) – 20-40 мг/кг мөлшерінде бір рет ішкізеді. 3. Фенбендазол – ауыз арқылы, 50 мг/кг. 4. ВМК – 150 мг/кг. 5. ВК-168 – 150 мг/кг. 6. Клозантел (фасковерм) – 1 мл-ден әр10 кг салмағына, тері астына немесе бұлшық етке. 7. Фазинекс – 5 %-тік суспензия ретінде, ауыз арқылы 5 – 10 мг/кг салмағына. Алдын-ала сақтандыру шаралары: 1. Алдын - ала сақтандыру дегельминтизация жылына екі рет жасалады: біріншісі – қыста немесе мал жайылымға шығардан 10-15 күн бұрын ерте көктемде, екіншісі – күзде немесе жаздың аяғында жасалынады. 2. Жайылымның бұталар өскен сай - жыралары бар жерлерді жыртып, ол жерлерге екпе шөп өсіру арқылы дикроцелийдің аралық иелерімен күресу де тиімді болмақ.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 199 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав