Читайте также: |
|
Жиілігі бойынша: төмен жиілікті, орташа жиілікті, жоғары жиілікті.
Спектр сипаты бойынша:
• сепктрі үзіліссіз, ені октавадан артық кеңжолақты шулар;
• үнді (тональный) шу, оның спектрінде айқан дискретті үндері бар; шудың үнділік сипаты жиіліктердің бір октава жолағының біреуіндегі шу деңгейі жанындағысынан 10 дБ-ден кем емес өсуі бойынша октава жолағының үштен бірінде өлшеу арқылы анықталады.
Уақыт сипаттамасы бойынша:
• тұрақты шулар, олардың дыбыс деңгейі шу өлшейтін аспаптың “жай” деген уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде 8 сағаттық жұмыс күнінде (жұмыс кезіндегі) уақыт бойынша 5 дБА артық өзгермейді.
• Тұрақсыз шулар, олардың дыбыс деңгейі 8 сағаттық жұмыс күнінде уақыт бойынша 5 дБА артық өзгереді.
Тұрақсыз шулар келесі түрге бөлінеді.
• уақыт бойынша айнымалы, олардың дыбыс деңгейі уақыт бойынша өзгеріп отырады;
• үзілісті шулар, олардың дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгеріп отырады (5 дБА және одан да артыққа), мұнда шу деңгейі тұрақты болып қалатын уақыт аралығының ұзақтығы 1 с және одан да артық;
• импульсті шулар, бұлар бір немесе бірнеше дыбыс сигналынан тұрады, олардың әрқайсысының ұзақтығы 1 с кем, және шумомердің “импульс” және “медленно” деген уақыт сипаттамасында дБА-мен өлшенген дыбыс деңгейінің айырмашылығы 7 дБ кем емес.
Шығу тегі (жаратылысы) бойынша:
• механикалық шулар (соққы, үйкеліс әсерінен)
• аэродинамикалық шулар (газ ағынының қозғалыстары)
• гидравикалық шулар (сұйық ағындарының қозғалысы)
Есту аппаратына ең көп әсер ететін шуларға жоғары жиілікті, үнді және импульсті шулар жатады.
Вибрация деп адам денесіне немесе оның жеке бөліктеріне берілетін қатты денелердің механикалық тербелісін айтады.
Адамға берілу жолы бойынша вибрация жалпы және локальды (жергілікті) болып бөлінеді.
Жалпы вибрация тұрған немесе отырған адам денесін тірек беттері арқылы беріледі де бүкіл ағзаға таралады және тербелістегі нысанмен бірге дененің кеңістіктегі ығысуына әкеп соғады.
Локальды вибрация жиі адамның қолы немесе дененің шектелген учаскесі арқылы беріледі. Жалпы вибрацияға адам көліктің барлық түрлерінде ұшырйды, өндірісте еден немесе механизмнің жұмыс алаңы (жұмыс орнындағы вибрация) арқылы тербеліс берілуі кезінде ұшырайды.
Уақыт сипаттамасы бойынша вибрацияны тұрақты және тұрақсыз деп бөледі.
Тұрақты вибрацияның виброжылдамдық деңгейінің өзгеруі 1 минуттан кем емес уақыт қадағалағанда, 2 еседен артық емес (6 дБ-ден артық емес).
Тұрақсыз вибрацияның виброжылдамдық мөлшерінің өзгеруі, 1 минуттан кем емес уақыт қарағанда, 2 еседен кеме емес (6 дБ-ден кем емес).
Тұрақсыз вибрацияларды уақыт бойынша айнымалы: үзілісті, импульсті болып бөлінеді.
Үзілісті вибрация үшін-виброжылдамдық деңгейі вибрация фоны деңгейіне дейін шұғыл азайады, бұл кезде деңгейі тұрақты болып қалатын және вибрация фона деңгейінен асатын уақыт аралықтарының ұзақтығы 1 сек және одан да артық.
Импульсті вибрация -бір немесе әрқайсысының ұзақтығы 1 сек кем бірнеше вибрациялық әсерден (мысалы, соққыдан) тұрады.
Тақырып №15. Өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларына емдеу-аурудың алдын алуды қамтамасыз етудің ұйымдастыру принциптері. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.
Диспансеризация дегеніміз - әр түрлі топтағы жұмысшылардың, кәсіби ауруларға күдікті және кәсіби аурулармен ауыратын,созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық жағдайына жүйелі түрде дәрігерлік бақылау жасау.
Профилактикалық (алдын алу) медициналық тексерулерге көбінесе қауіпті, зиянды және қолайсыз өндіріс факторлары әсер ететін жұмыстардағы адамдар жатады.
Заңнамалық шараларға - өндіріс факторларын гигиеналық нормалау және бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау құқығы: жұмыс уақытын реттеу, қосымша демалыстар, зейнетке ерте шығу, арнайы жұмыскиімімен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыздау, балалармен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді зиянды факторлары бар жұмыстарға алмау, емдік-профилактикалық таматандыру, т.б;
Кезеңдік медициналық тексерулер жалпы және кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін анықтап, дерттік үдерістің әрі дамуын ескертуге арналған шараларды дер кезінде жүргізу.
Өндірістік токсикология - өндірісте зиянсыз және қауіпсіз жағдайын жасау мақсатымен (зиянды заттардың) факторлардың организмге әсерін зерттейтін еңбек гигиенасының бөлігі.
Зиянды заттар - бұл адам организмімен байланысты болған кезде, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайларда осы ұрпақтың олармен байланыс үрдісінде де, әсерінен кейінгі қашық уақыттардағы өмірінде де және кейінгі ұрпақтарында ауру немесе денсаулық жағдайында аутқулар туындата алатын заттар.
“ Интермиттеуші ” деген сөз нақтылы мағынасында “промежающиеся” немесе үзлісті деген түсінік береді. Бұл сөзді токсикологидяа зиянды заттың уақыт бойынша айналым концентрациясының әсерін белгілеу үшін қолданылады.
Аддитивті әсері - улардың аралас әсері шығаратын қосынды эффектілерінің феномені. Бұл әсерінде қоспалардың қосынды эффектісі әсер ететін құрам бөліктерінің эффектілерінің қосындысына тең.
Потенцирленген әсері (синергизм) - эффектінің күшеюі, әсерлерінің жай қосындыларына қарағанда, әсер күші көбірек.
Антагонистік әсер - аралас әсерінің эффектісі күтілетін жай қосынды әсері кезіндегіден аздау.
Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісінің әрбір удың жеке әсерінен айырмашылығы жоқ. Улылығы көбірек заттың эффектісі басым болады.
Созылмалы улану - деп зиянды заттың ШРеК-тен асатын концентрациясында, дозасында жүйелі түрде ұзақ уақыт еткеннен кейін пайда болатын ауруды айтады.
Токсикометрия -бұл аурулардың улылығы мен қауіптілігін сан жағынан бағалауға арналған зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Акселерация - бұл бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда.даму мен өсу қарқынының жылдамдауы.
Биологиялық жас деп баланың қазіргі сәтте жеткен морфологиялық-функционалдық даму деңгейіне сәйкес жасын түсінеміз.
Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін,ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығын айтады.
Өнеркәсіптік улар- адамның өнеркәсіптегі іс –әрекеті үрдісінде кездесетін қауіпсіздік техникасының ережелерін және еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшыларға зиянды әсер ететін барлығына жуық химиялық заттар болып табылады.
Аралас әсер -бірнеше улардың бір мезгілде немесе бірінен соң бірі ағзаға бір жолмен түсіп әсер етуін айтады.
Аддитивті әсер - аралас әсерлерінен туындаған эффектілердің жинақталған феномені.
Күшейтетін әсері (синергизм)- эффектісінің күшейуі бұл әсер кезінде құрамдастары әсерінің жай қосындыларына қарағанда қоспалардың қосыны әсері артық болады.
Антагонистік әсері - аралас әсерінің эффектісі құрамдастары әсерінің жай қосындылары кезінде күтілетін эффектісінен аздау болады.
Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісі әрбір удың жеке әсерінің эффектісінен айырмашылығы болмайды.
Зиянды әсерінің табалдырығы – әсер етуі кезінде адам ағзасына физиологиялық бейімделу
Тақырып №16. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.
ТЛД – термолюминесценттік дозиметрлердіні жұмыс істейтін адамның денесінің бетіне орналастыру кезінде жұмыс сипатын, бүкіл дененің немесе жергілікті (локальды) сәулеленуге ұшырау мүмкіншілігін ескеру қажет. Сәулелену бүкіл денеге әсер еткен кезде термолюминесценттік дозиметрлер төс және жамбас тұсында (деңгейінде) орналасуы тиіс, жергілікті әсері кезінде орналасуы төс- бас, төс- жамбас, төс-аяқ және басқалар тұсында
АД санаты – онкологиялық аурулардың болуымен байланысты немесе оған күдікті болғанда диагнозын анықтау мақсатында, сондай-ақ ургенттік жағдайлар кезінде рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
БД санаты – онкологиялық емес сипаттағы аурулармен байланысты диагнозын анықтау және емдеу тактикасын таңдау мақсатында клиникалық көрсетулері бойынша рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
ВД санаты – аурудың алдын алу мақсатында және де ғылыми зерттеу тұрғысынан рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
Иондағыш сәулелену -бул затпен өзара әрекеттескен кезде заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену
Нейтрондық сәулелену ядролық реакторларда- уран,плутоний ядроларының бөлінуі үрдісінде пайда болады.
Иондаушылық әдіс -иондану эффектісін тікелей тіркеуге негізделген әдіс.
Радиациялық гигиена -бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын,түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шаралары зерттеп,дайындайтын ғылым.
Иондаушы сәулелену көзі -(РҚН-99-сәулелену көзі) иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті заттар немесе құрылғылар.
Табиғи сәулелену көзі - табиғи текті иондаушы сәулелену көзі.
Техногенді сәулелену көзі -оны пайдалы мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған немесе осы әрекеттің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі.
Жабық көздері -пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез-келген иондаушы сәулелену көзі.
Ашық көздер -мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде,белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін.
Радиобелсенділік -бұл,өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелершыгарып,басқа элемент атомының ядроларына айналуы.
Термоядрлоық реакциялар -бұл реакциялар тек бәрнеше миллион градустарға жететін температура кезінде жүреді.
Минималды мәнді белсенділік ММБ -сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдардын рұқсатың қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген белсенділігі.
Минималды мәнді меншікті белсенділік МММБ – сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органарының рұқсатың қажет етпейтін бөлмедегі немесе жұмыс иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген меншікті белсенділігі.
Сәулеленуге ұшырау -иондағыш сәулеленудің адамға әсері. Техногенді сәулеленуге ұшырау -пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырайды.
Қызметкер –сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтің немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін адамдар.
Халық –иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезінегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.
Доза –радиациалық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалау үшін қолданылатын түсінік.
Экспозициалық доза –ауаның аз көлемінде фотондардың әсерінен түсірілген барлық екіншілік электронардың толық тежелу ткезінде ауада пайда болған бір белгідегі иондардың толық зарядының ауаның осы көлемдегі массасына қатынасы.
Сіңірілген доза –элементарлық көлемдегі затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия.
Эквиваленттік доза –берілген сәулелену түрі үшін тиісті өлшем коэффицентіне көбейтілген мүшедегі немесе тінегі сіңірілген доза.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 231 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |