Читайте также:
|
|
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кеден құнын нақтылау қажеттілігі оның ішіндн декларанттың қосымша деректері.
2. Қайтарушы сату-сатып алу мәмілесінің белгілері жоқ сыртқы экономикалық мәмілелер тізімі.
Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің бағасы бойынша кеден құнын белгілеу әдісі 1-әдіс;
Ұқсас тауарлармен жасалатын мәміленің бағасы бойынша кеден құнын анықтау әдісі 2-әдіс;
Біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша кеден құнын белгілеу әдісі 3-әдіс;
Құнды шегеру негізінде кеден құнын айқындау әдісі 4-әдіс;
Құнды қосу негізінде кеден құнын айқындау әдісі 5-әдіс;
Кеден құнын айқындаудың резерв әдісі 6-әдіс
Кеден құнын анықтаудың негізгі әдісі Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша анықтау әдісі болып табылады 1-әдіс.
Егер негізгі әдісті қолдану мүмкін болмаса,онда кеден құнын анықтаудың басқа әдісі қолданылады.Бірақ келесі әдіс тек оның алдында тұрған кеден құнын анықтау әдісі қолданыла алмайтын кезде ғана пайдаланылады.Шегеру және қосу негізінде кеден құнын анықтау әдістері декларанттың таңдауы бойынша қатар қолданыла береді.
1-5 әдістері қолдану мүмкіншілігі болмаса, кеден органы өздеріндегі ақпаратқа негізделіп кеден құнын анықтаудың алтыншы әдісін қолдана алады.
Мәлімдеген кеден құнын нақтылау қажеттілігі оның ішіндн декларанттың қосымша деректер ұсыну қажеттілігі тауарларды шығаруды ұстап қалуға негіз бола алмайды.Егенр мәлімденген кеден құнын нақтылау қажеттілігі туса және осы кезде декларант рәсімделетін тауарлардың кеден құнын тізбектегі әдістерімен анықталудың өз құқығын пайдаланбаса, онда тауарды шартты бағалау әдісімен шығарады.
Кеден құнын бір әдіспен анықтаса, келесі әдістер қолданылмайды.
2-6 әдістерді қолдану бұрын ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мәмілесі туралы., статистикалақ негіздерді пайдалануға негізделеді. Аталған ақпараттар контрактілер,кедендік жүк декларациясымен Кеден құн мәлімдемесі,баға,табыс, шығын, саудада қолданатын жеңілдіктер туралы мәліметтер мен басқа да кеден құнын анықтауға қажеттіктері бар статистикалық деректерге негізделіп құралады. Сонымен қатар статистикалық ақпараттарға өткізілетін тауарлардың шығарылған елі,тауар өндіруші, тауарды жеткізу шаралары, уақыты мен көлемі, төлеу формасы мен мерзімі, кепілдік міндеттемелер,партнерлар арасындағы сауда қатынастарының ұзақтығы және келісімшарт басына әсер еткен мәліметтер кіру керек.
Кеден органдарында бар ақпарат деклорантқа оның жазбаша арызымен ғана беріліді. Ал құпия мәліметтері бар ақпаратты кеден органдары заң талаптарын сақтаумен ғана декларантқа ұсынады. Кеден құнын анықтау үшін қолданылатын базалық ақпаратты таңдау критериі бұл құнның бағаланатын мәміле шартына жазындық деңгейі болып табылады.
Тауарды кедендік бағалау үшін және декларант мәлімдеген кеден құнын тексеру үшін декларант ұсынған ақпараттар қолдануы мүикін. Бірақ бұл ақпаратты кеден органы бұрын алған жағдайда ғана қолданады.
Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәлімдеменің бағасы бойынша белгілеу әдісі (1-әдіс)
Бұл әдіс құнды негізгі бар сату-сатып алу мәмілесіне сәйкес әкелінетін тауарлардың кеден құнын анықтау үшін қолданылады.
Қайтарушы сату-сатып алу мәмілесінің белгілері жоқ сыртқы экономикалық мәмілелерге мыналар жатады:
1.тауарды қайтарымсыз жеткізу;
2.жеке меншік құқығының импортерге өтпейтін,ҚР сатуға тауар жеткізуді қарастыратын консигнация шартына сәйкес тауарды жеткізу;
3.ҚР территориясында орналасқан шетел заңды тұлғаның өз филиалдарына тауарды жеткізу;
4.бартерлік немесе басқа да өтемақы мәмілесіне сәйкес тауар жеткізу;
5.Мүмкіндік жалдау келісім шартымен тауар жеткізу;
6.Уақытша орналасу мақсатында тауарды жеткізу;
7.ҚР территориясына өндіріс қалдықтарын коммерциялық емес утилизациясы,мақсатында әкелу;
8.сатушының кепілдік мүмкіндіктемесі есебінен тауар жеткізу;
9.Тауарды сату-сатып алу фактісі жоқ басқа да жеткізулер.
1-әдіс
Кеден құнын анықтаудың базасы ретінде бағаланатын әкелінуші тауарлардың тікелей мәмілесінің фактілі бағасы қабылданады. Мәміле бағасы деп әкелінетін тауарлар үшін фактілі төленген немесе төленуге тиісті бағаны айтады.
Кеден құнын анықтауда қолданылатын мәміле бағасына бұрын қосылмаған келесі шығындар.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 173 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |