Читайте также:
|
|
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
2. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
3. Тарифтiк преференциялар.
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан РеспубликасынныңКодексі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ( 2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)осының121-бабында берулген.
1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:
1) тарифтік преференциялар;
2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);
3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;
4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.
2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі.
3. Тарифтік преференциялар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі.
Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады.
Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі.
5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды.
6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.
122-бап. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Кедендік алымдарды салудан:
1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар;
5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат;
7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар;
8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар;
9) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.
2. Осы бапта көрсетілген кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттарды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
123-бап. Тарифтiк преференциялар
1. Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. Мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесі, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.
4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 145 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |