Читайте также:
|
|
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кеден құнын мәлімдеу.
2. Кеден құнының декларациясы.
3. Кеден құнының декларациясын ДТМ- 1 формасы бойынша толтыру.
4. Кеден құнының декларациясын ДТС-2 формасы бойынша толтыру.
5. Мәлімденген кеден құнын бекіту.
6. Кеден органдарының мәлімденген кеден құнын бақылау.
7. Тауарды шартты түрде шығару.
8. Кедендік баждардың толу тәртібі.
ҚР заңдылығында қарастырылған ережелерге сай кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауар партиясын кедендік ресімдегенде декларант ҚР кеден органына кеден құнын мәлімдейді.
Мәлімдеші тауардың кеден құнын декларант кедендік жүк декларациясының (КЖД) 45 графасында н/е кейбір жағдайда кеден құны декларациясында (ДТС) көрсетіледі.
Әкелінетін тауарлардың кеден құнын мәлімдеу үшін кеден құны декларациясының ДТС-1 мен ДТС-2 формалары қолданылады.
ДТС-1 формасы әкелінетін тауарлар мәмілесіндегі баға бойынша, яғни 1-әдіспен анықталатын кеден құнын мәлімдеген кезде қолданылады.
ДТС-2 формасы кеден құнын 2-6 әдістердің біреуімен анықтағанда қолданылады.
Декларант мәлімдеген кеден құны мен оны анықтауға қатысты ұсынған мәліметтер нақты, сандық анықталушы және құжатпен расталушы ақпаратқа негізделу қажет.
Тауардың кеден ресімдеуін жүзеге асырушы кеден органы декларанттың кеден құнын анықтауыныңғ дұрыстығы сонымен қатар оның таңдаған кеден құнын анықтау әдісінің қолдану дұрыстығы мен мүмкіндігін, сондай-ақ декларант ұсынған құжаттардың толықтығын қадағалап отырады.
Егер декларант мәлімдеген кеден құнын растау қажет болса онда декларант ҚР кеден органының талабы бойынша қажетті мәліметтердің барлығын ұсыну керек. Кеден органының ұсынылған мәліметтердің растығына күмәні туса,декларанттың оның растығын дәлелдеуге құқығы бар.
Ескерту!
Декларацияны ұсынған күннен бастап 10 күн ішінде декларант өзі қолданған деректердің растығын анықтайтын мәліметтерді ұсынбаған жағдайда,кеден органының декларант таңдаған кеден құнын бағалау әдісін қолдану мүмкін еместігі жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар.
Декларант мәлімдеген кеден құнын анықтаудың дұрыстығын растайтын деректер болмаған жағдайда,кеден органының декларант таңдаған кеден құнын бағалау әдісін қолдану мүмкін еместігін жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар.
Декларант мәлімдеген кеден құнын анықтаудың дұрыстығын растайтын деректер болмаған жағдайда немесе декларан ұсынған мәліметтердің рас еместігі немесе толық еместігі екеніне толық күмән болған жағдайда,кеден органы мәлімденуші тауардың кеден құнын жеке өз бетінше анықтауға құқығы бар.Берілген жағдайда ҚР Кеден ісі туралы.ҚР заңына бекітілген анықтау әдістері осы заңға сәйкес енгізілетін түзетумен бірге қолда бар мәліметтер соның ішінде ұқсас немесе біртектес тауарлар бойынша бағалық ақпарат негізіндн бірінен соң бірі қолданылады.
Егер декларант кеденнің қабылдаған шешімімен келіспесе,онда ол мәлімденуші тауарды шартты бағаментөленген төлемдерді өндіріп, шартты түрде шығару туралы өтінішімен нақты КЖД және ДТС бойынша жазбаша арыз беруге құқылы.Бұл жағдайда өкілетті банктің кепілдігі қолданылады немесе кеденнің есеп шотына шартты баға мен мәлімдеген кедеен құнының арасындағы айырмашылығы бойынша есептелген кеден төлемдері мен салықтар сомасы аударылады.
Белгілі бір уақыт ішінде декларант өзі мәлімдеген кеден құнын растайтын қосымша мәліметтер ұсынуы тиіс№егер ұсынылған құжаттар өзгертулер талап етсе онда кеден құнының түзетуі жасалады.Кеден құнының түзетуі мақсатында КТС-1 және КТС-2 формалары қолданылады.
Ескерту!
Кеден бағалауын жүргізгенде тауардың кедендік ресімдеу уақытын ұзарту кеден төлемдерін төлеу мерзімін созу үшін қолданыла алмайды.
Кеден құны декларациясы
Кеден құны декларациясы (ДТС) кедендік жүк декларациясының қосымшасы болып табылыды және онсыз жарамсыз болып табылады.
ДТС ҚР территориясына әкелінетін және контракт бойынша тауар құны 5000$ асатын,кеден баждары, акциздері мен НДС салынатын кеден режимдерін мәлімдеуіне байланысты тауарларға толтырылады.
Шектеулер:
ДТС мына жағдайларда толтырылмайды:
- егер әкелінетін тауар партиясының кеден құны 5000 АҚШ доларына эквивалентті сомасынан аспаса және тауарға қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбаса бұған бір контракт негізінде коп ретті жеткізулер, сонымен қатар бір жеткізушінің бір қабылдаушыға әртүрлі контрактімен бір тауарды қайталанатын жеткізулерімен жіберу жатпайды.Жеңілдетілген тәртіп бойынша мәлімденетін тауарларды жеке тұлғалар әкелетін болса;
- әкелінетін тауарларға кеден баждары мен салықтары салынбайтын кеден режимдерін мәлімдегенде.
Осы жағдайларда кеден құны КЖД-де мәлімденеді
ДТС-1 кеден құнын 1-әдіспен анықтайтын тауарлардың кеден құнын мәлімдегенде қолданылады,ал ДТС-2 кеден құнын 2-6 әдіспен анықтайтын тауарлардың кеден құнын мәлімдегенде қолданылады:
-1еуі кеден органында қалады;
-2ші данасы декларантқа беріледі;
-3ші данасы аймақтың кеден басқармасына жіберіледі;
ДТС пен оған қосымша келетін парақтар орыс тілінде баспа машинкасында немесе компьютерлік баспа құралында толтырылады.
ДТС-тың әрбір парағы міндетті түрде декларанттың қолы мен мөрімен бекітілуі тиіс.Кеден органына ДТС басылған күйде және дискетадағы электрондық көшірмесі күйінде ұсынылады.
Кеден органы кеден құны декларациясын КЖД-мен қатар бір уақытта тіркейді.Бұл жағдайда ДТС-ке КЖД-ге берілген тіркеу номері беріледі.ДТС-те келтірілген мәліметтерді тексеріп болған соң.ДТС-ң негізгі және барлық қосымша парақтарындағы «Қызметтік белгілер үшін» графасында тексеретін инспектордың жеке нөмірленген мөрі мен қолы және тіркеу номері қойылады.
ДТС 2 негізгі(біріншісі- бет парағы мен екінші парағы) және қосымша парақтардан тұрады.Бірінші бет парағында тауар партиясы жөніндегі жалпы мәліметтер (сатушы, сатыпалушы, контракт, инвайс және т.б) көрсетіледі.Ал ДТС-ң екінші парағында тауар коды, мәліме бағасы, барлық қосымша есептеулер мен үш тауар атауының бағасынан алынатын рұқсат етілген шегерулер.
ДТС-ң барлық келесі парақтары қосымша парақтар деп аталады және негізгі парақтың екінші парағы сияқты нысанда болды. ДТС –тың негізгі парақтарына бір мезетте 32- ден аспайтын қосымша парақ ұсынуға болады. Қосымша парақтардың нөмірлері КЖД бойынша белгіленген 4 реттік нөмірінен басталады.
Кеден қуны декларациясын ДТС- 1 формасы бойынша толтыру
ДТС-1 толттыру
ДТС-1 формасы 1- әдісті (әкелінетіп тауарлар мәмілесіндегі баға бойынша) қолданған кезде толтарады.
Декларант келесі графаларды толтырады: 1,2 (а), 2 (б), 3,4,5,7(а), 8(а),8(б),9(а),9(б), 10(а),10(б), 11,12(а),12(б),13(а),13(б),13(в),13(г),14,15,16(а),16(б),16(в),17,18,19,20,21,22(а),22(б), “Г” алаңы.
Кеден органы 6,7(б) графаларын, “Кеден белгілері үшін” деген ДТС-тың негізгі және қосымша парақтарындағы аландарын толтырады.
Графа 1 “Сатушы”
Тауар сататын шетел тұлғасының аты мен пошталық мекен-жайын, ОКПО коды көрсетіледі.
Графа 2(а). “Сатып алушы”
Тауар сатып алушысы болып табылатын ҚР территориясындағы Қазақстандық тұлғаның (кәсіпорынның) атады, пошталық мекен-жайын, ОКПО коды көрсетіледі.
Графа 2 (б). “Декларант”
Тауарларды кеден органына мәлімдейтін және ұсынатын кәсіпорынның атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Егер сатып алушы декларант болып табылса, онда 2(а) графасында “2(а) графасын көріңіз” деген нұсқау болды.
Графа 3 “Жеткізу шарттары”
Жеткізу шартының қысқаша әріптік атауы (Инкотермске сай) мен географиялық пунктінің аты көрсетіледі. Мысалы: СИФ-Өскемен, ФОБ- Нью-Йорк.
Графа 4. “Шоттың нөмірі мен күні, айы, жылы”
Шот- фактураны (инвоистың) немесе шот- прформаның (алдың ала төлеу немесе бөлшектеп түсіруді қарастыратын сату- сатып алу мәлімелері үшін) нөмірі мен күні,айы, жылы көрсетіледі.
Графа 5 “Келісінің нөмрі мен күні, айы, жылы”
Тауарды жеткізу келісімінің нөмірі мен күні,айы,жылы, сонымен қатар қосымшалар бар болса, олор да көрсетіледі.
Графа 7(а) “Х” белгісімен қажетті жауапты (“иә” немесе “жоқ”) белгілейді.
Графа 8(а),8(б) “Х” белгісімен қажетті жауапты (“иә” немесе “жоқ”) белгілейді.
Егер “иә” деген жауап болса, берілген шарттың мазмұны көрсетіледі.
Графа 9 (а) “Х” белгісімен қажетті жауапты (“иә” немесе “жоқ”) белгілейді.
“Иә” деген жауап белгіленген жағдайда интеллектуалды меншік объектісін қолдаңғаны үшін лицензиондық және т.б. төлемдерге қатысты, яғни ол қандай төлем, ол не үшін алынғаны және т.с.с. мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар мұнда сатушының сатып алушыға берген шотына кірмеген және іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға кірмеген, сату – сатып-алу мәмілесіндегі шарттарға сай сатып алушының сатушыға тура немесе жанама түрде төлеу тиіс төлемдер көрсетіледі. Бұл төлемдердің көлемі 15-графасында анықталады.
Графа 9 (б). “X” белгісімен қажетті жауапты (“иә” немесе “жоқ”) белгілейді.
“Иә” деген жауап белгіленген жағдайда сатушыға қайтарыла алатын бағаланушы тауаурларды кейін қайта сатудан, қайта беруден немесе қолданудан түскен сатып алушының тура немесе жанама табысын бір бөлігінің сомасы 16 графада көрсетіледі.
Графа 10 (а). “ДТС-1 формасына қосылатын қосымша парақтардың саны”.
ДТС-ке қосымша парақтардың саны көрсетіледі (парақтар саны соңғы парақ нөмірі минус “2”-ге сай келү керек)
Графа 10(б). “Орны мен күні, айы, жылы”. ДТС-ты толтырған орын мен күні, айы, жылы, 2(6) графасында көрсетілген декларантпен тауарларды мәлімдеуге қузыретті тұлғаның фамилиясы мен инициалдары, оның қызмет лауазымы, телефон мен факс нөмірі көрсетіледі, сонымен қатар бұл тұлғаның жеке қолы мен дикларант мөрі қойылады. Кеден органы орнатылған тәртіп бойынша рәсімделген сенім хатты және ол тұлғаның қузіретін растайтын басқа да құжатты талап ете алады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 137 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |