Читайте также:
|
|
Азақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
Экономика және Бизнес факультеті
Бекітемін
ОӘЖ жөніндегі проректор
_______________ Рскелдиев Б.А.
«____»________________2013 ж
Пән: __ KV SKT 4303-01 _ «Кедендік төлемдер мен салықтар»
Дәріс мәтіні
Алматы 2013
Тақырып 1 Кедендік төлемдер жүйесіндегі кедендік салык.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кедендік төлемдер жүйесіндегі кеден баж салығы кеден бажы кедендік төлемдердің бір түрі.
2. Кедендік баждың салық табиғаты
3. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизімдегі кеден бажының орны
1. Кедендік төлемдер жүйесіндегі кеден баж салығы кеден бажы кедендік төлемдердің бір түрі.
Кедендік төлемдер – бұл кеден органдарымен ҚР-ң кедендігі шекарасын өткен кезде алынатын салықтар алымдар және басқа да міндетті төлемдер.
Кедендік төлемдерге мыналар жатады:
1)кеден бажы 2)қосылған құнға салынатын салық 3)акциздер 4)кеден органдарымен лицензия бергені үшін төленетін алым 5) кедендік рәсімдеу тауарларды сақтау және кедендік бару үшін алымдар 6)алдын-ала шешім қабылдағаны үшін,аукционға қатысқаны үшін және кеңес бергені үшін төлем және басқа да төлемдер.Аталған төлемдер ҚР-ң кеден органдарымен алынады.Төлемдер заңды табиғатымен, сонымен қатар экономикалық мазмұнымен ажыратылады.Олардың қатарында салықтар (кеден бажы, НДС, акциздер) мен бірге салықтық сипаты жоқ міндетті төлемдер де (т-лемдер,кеден алымдар) бар.Мұндай бөлудің кедендік реттеуде маңызы рөл.Мысалы, тек кедендік төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және бөліп төлеу құқы беріледі.
2. Кедендік баждың салық табиғаты
Кеден бажы жанама салық қатарына жатқызылады.
Кеден бажы бұл ҚР-ң кедендік шекарасын өткен кезде кеден органдарымен тауарлар және келік құралдарымен алынатын төлем.
Озінің салық табиғатына байланысты кеден бажы салықтың барлық негізгі сипаттарына ие. Соның шінде төлемнің қайтарымсыздығы. Кеден бажының осы ерекшелігі кеден төлемдерінің басқа түрлерінен (кеден алымдарынан)ажыратуға мүмкіндік береді.
Тауардың жылжу бағытына байланысты кеден бажы импорттық, экспорттық және транзиттік болып бөлінеді.
ҚР –да транзиттік кеден бажы алынбайды.Қазіргі кезде транзиттік кеден бажы тек кейбір дамушы елдерде ғана қолданылуда.
Қазіргі кезде халықаралық сауда тәжірбиесінде экспорттық баж да сирек қолданылады.
ҚР-ғы кеден-тарифтік реттеу тек қана импорттық кеден бажын алу арқылы жүзеге асырылады.
3. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизімдегі кеден бажының орны
Қазақстандық заң сыртқы сауда қызметін реттеуде екі әдіс қолданылады.
1)Кеден тарифтік әдіс – сыртқы сауда ағымдарын тікелей салықтық реттеушілер қолдану арқылы.
2) Бейтарифтік реттеу әдісі – сыртқы сауда операцияларын квоталау,лицензиялау және әкімшілік әсер ету.
ҚР-ң «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес Қазақстанда кеден тарифтік реттеу басым.
Кеден тарифтік реттеудің негізі бұл кеден бажы.
Кеден- тарифтік реттеу екі негізгі функцияны атқарады-фискалдық және реттуші.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 280 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |