Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  5. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  6. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  7. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  8. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  9. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  10. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.

Валюталық операциялар — бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. Валюталық операцияларды ҚР аумағындағы резиденттер де, резидент еместер де өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары арқылы, сондай-ақ олардың айырбас пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Осы аталған ҚР мекемелерінсіз шетелдік валюталарды сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынған.

Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:

1) объектісі бойынша:

• шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар;

• шетелдік валютадағы бағалы қағаздармен операциялар;

• қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;

2) субъектісі бойынша:

• жеке және заңды тұлғалардың операциялары;

• мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық және муниципалды құрылымдардың операциялары;

• шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың операциялары;

3) жүзеге асырудың режимі бойынша:

• әмбебап операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болмайды;

• жекеленген операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болады;

4) жүзеге асырудың аумағы бойынша:

• ішкі;

• шетелдік;

5) валюталық операцияларды жүргізудің құқыктық қатынас түрлері бойынша:

• қаржылық-құқықтық — салықтық төлемдерді өтеуге аудару;

• әкімшілік-құқықтық — айыппұлды шетелдік валютада төлеу;

• азаматтық-құқықтық — көлікпен тасымалдауды ұйымдастырып беруші резиденттің пайдасына аударылатын, аударылым келісімшарты негізіндегі импорттаушы резиденттің валюталық төлемі;

• халықаралық жеке-құқықтық — экспорттық-импорттық сыртқы сауда келісімшарты бойынша резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлейтін валюталық төлемі;

• халықаралық жариялы-құқықтық — халықаралық ұйымдардың пайдасына аударылатын валюталық аударым.

Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:

1) меншік құқығының және басқа құқықтардың валюталық құңдылыққа өтуімен байланысты операциялар;

2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен ҚР-ға шеттен әкелу және салып жіберуге, ҚР-дан шетке шығару және салып жіберуге болады. Валюталық құндылық — бұл номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

Қазақстан Республикасының негізгі валюталық заңдарына мыналар жатады: «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «ҚР Ұлттық банкі туралы», «Банктер мен банк қызметі туралы» және валюта қатынасының жүйесіне қатысты басқа да заң актілері.Қазақстандағы валюталық операциялардың орындалуына қойылатын бақылау белгілі бір дәрежеде шектеулі, ал бұл тәртіптің анықтау, ескерту және бұлтартпау бойынша шараларын мемлекеттік өкілетті органдар — ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады.Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты немесе валюталық құндылықтарға қатысты себеп бойынша пайда болған қоғамдық қатынастардың реттелген ережелер жиынтығы валюталық-құқықтық қатынас деп аталады. Құқықтық қатынастың екі кешені бар: ішкі мемлекеттік және халықаралық.Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”.

Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

шетел валютасы;

номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

тазартылған құйма алтын;

ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:

тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

инвестицияларды жүзеге асыру;

интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмлелер бойынша халықаралық аударымдар;

жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

 

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:

лицензиялау;

тіркеу;

хабарлау.

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін ұстау шығыстарын қаржыландырумен байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынады.

Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:

мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;

валюталық келісімшарттың толық сомасына жаслаған мәмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;

хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;

ҚР-ғы шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валюталық операциялары;

Бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

Бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;

Брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;

өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттерің сатып алуы.

Валюталық операцияларды тіркеуге талу үшін қажетті құжаттар тізімі:

тіркеуі үшін өтініш;

валюталық келісім-шарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған);

төл құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

ҚР статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

СТТН көшірмесі;

Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және аяқталуын растайтын құжаттардың көшірмесі.

Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса хабарлануға жатады:

180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық несиелер мен займдар;

бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;

бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

жылжымайтын мүлікке деген меншік құқықғын сатып алумен байланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.

Валюталық операциялар бойынша тіркеу куәлігін беру, лицензиялау және хабарламаны қабылдауды ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы және валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады.

Банктің валюталық операцияларына мыналар жатады:

Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;

овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;

операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;

клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);

экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.

Сауда емес операциялар

Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

ақшалай аккредитивтерді төлеу.

Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

 

3.Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;

Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

Арбитраждық мәміле — бұл операция, онда қатысушылар пайда алумақсатында әр түрлі валюта нарығының валюта бағамдарындағы айырмашылықты пайдаланады. Уақыт пен кеңістіктегі арбитраждық мәміле валюталық төрелік, жай және күрделі, пайыздық болып бөлінеді.

Мерзімді — бұл бекітілу уақыты мен жүзеге асырылатын сәті бір-біріне сәйкес келмейтін мәміле. Яғни, жүзеге асырудың шарты мен бағасы бүгін айтылса, мәміленің өзі белгілі бір уақыт өткеннен кейін алдағы кезеңде жүзеге асырылады. Форвардтық мәміле бұрын айтылған баға бойынша валютаның бұрын айтылған мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін сатуды және сатып алуды ұйғарады.

Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

Сыртқы саудада есеп айрысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.

Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

депозиттерді тарту:

жеке тұлғалардан;

заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;

несиелер беру:

жеке тұлғаларға;

заңды тұлғаларға;

3) банкарлық нарықта несиелерді орналастыру.

 

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар;

2) валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен белгіленген елге әкелу және жөнелту, сондай-ақ белгіленген елден әкету және жөнелту болып табылады.

Валюталық операциялар ағымдағы операциялар және капитал қозғалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымдағы операциялар:

1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 120 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

2) 120 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;

3) салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге кірістерді аудару және алу;

4) гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

5) осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар болып табылады.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар:

инвестицияларды жүзеге асыру;

интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізуге арналған аударымдар;

жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге арналған аударымдар;

тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 120 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

120 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;

өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар болып табылады.

Валюта бағамдары

Валюта айырбастау операциялары – шетел валютасын айырбастау, сату, сатып алу операциялары негізінде жүргізіледі.

БТА Банкінің валюта айырбастау операциялары – бұл ұлттық валютаны шетел валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.

БТА-ның акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау операцияларының ерекшеліктері:

Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;

Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;

Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);

Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;

Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;

Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;

Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни, Сіз алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бересіз (мин. 20 000 АҚШ доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып аласыз немесе сатасыз.

Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.

БТА Банкі ақша айырбастау операциялары – бұл өте ыңғайлы шешім, Сіз ұлттық және шетел валютасында кез-келген операцияларды жүзеге асыра аласыз.

БТА Банкі көптеген жылдар бойы ақша айырбастау операциялары рыногында үздік қызмет көрсетіп келе жатқандардың бірі. Жеке және заңды тұлғаларға осы бағытта қызметтің кең ауқымды түрін ұсынады.

Тиімді баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге асырып, Сіздерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 236 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.022 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав