Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 8. Кедендік баждар мен алымдардың төлеу формасы тәртібі.

Читайте также:
  1. Lt;variant>кедендік құқық- құқықтың кешенді саласы
  2. Lt;variant>негізгі кедендік ресімдеу
  3. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  4. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
  5. Етістігі келер шақ формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.
  6. Интерндердің аудиториядан тыс өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары
  7. Интерндердің аудиториядан тыс өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары
  8. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
  9. Лекция сабағының күнтізбелік –тақырыптық жоспары
  10. Практикалық сабақтардың тақырыптары

Қарастырылатын сұрақтар:

1. ТТС формасына түсініктеме.

 

Бұл парақ кеден құнын 1-әдіспен есептеу үшін арналады.

Әрбір парақта тауардың үш түрінен деректер келтірілуі мүмкін.

Бұл парақтар былай нөмірленеді: әрбір қосымша парақта оның реттік нөмірі мен ДТС-1 формасының тіркеу кезінде берілген нөмірі көрсетіледі.

Графа “Тауар нөмірі”. КЖД-ң 32-графасындағы тауарға сәйкес нөмірі немесе оған қосымша парақтағы тауарға сәйкес нөмірі және ТМД СЭҚ ТН-на сай тауар коды көрсетіледі.

“А” бөлімі.Есептесу негізі.

Бұл бөлімде бағалануала тауардың кеден құнын анықтаудың негізі болып табылатын және іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті баға жөнінде деректер келтіріледі.Егер жеткізу шарттарына(3-графа) және контракт шарттарына байланысты бұл бағаға қосымша төлемдер немесе одан шегерулер қажет болмаса,онда көрсетілген баға бағаланушы тауардың кеден құнына тең болуы мүмкін.

Графа 11.”Мәміле бағасы”:

Бірінші жолда сатушыға іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті(мәліме бағасы),шот –фактурада немесе шот-праформада көрсетілген,контракт валютасындағы баға көрсетіледі;

Екінші жолда теңгемен берілген мәміле бағасы көрсетіледі;

Үшінші жолда контракт валютасының коды мен оның теңгеде ауыстырғанда курсы көрсетіледі. Шетел валютасы теңгеге ауыстыру КЖД – ні кеден рәсімдеуіне қабылдаған күніндегі ҚР Ұлттық Банкінің курсымен жүзеге асырылады.

“Б” бөлімі. Бұл бөлімде 11 графада көпрсетілген мәміле бағасына кірмеген теңгемен есептелген бағаға қосымша төлемдер көрсетіледі. Яғни стып алушыға берілген сатушының шот-фактурасына қосылмаған бірақ ҚР кеден территориясына бағаланушы тауарларды әкелумен байланысты және сатып алушы төлеген немесе төленуге тиісті төлемдер.

Бұл бөлімде “ҚР дағы кеден ісі тұралы” Заңының 128-баптың 2-ші және 3-ші бөлімдерінде анықталған және сәйкесінше қажетті құжаттармен (келісім-шарт, шоттар, көліктік құжаттар және т.б.) расталған мәміле бағасына қосымша төлдемдер есепке алынады.

Егер ТТС –1 формасы бір партияға кіретін бірнеше атауы бар тауарларға толтырылса, онда әр бір әкелінетін тауардың кеден құнына қосылатын шығындар ДТС-тың негізгі және қосымша парақтардың 11-графасында көрсетілген әрбір тауар атауының арасында олардың құнына пропорционалды бөлінеді.

12-16 графаларында барлық деректер теңгемен көрсетледі.

Графа 12 (а) Комиссиондық және брокерлік төлемдерді (сатып алу комиссиондарынан басқа) төлеуге кеткен шығындар анықталады.

Бұл шығындар шетел валютасымен төленетін болса, онда “Г” бөлімінде оны теңгеге айырбастағаны жөнінде мәліметтер көрсетіледі.

Графа 12(б) Егер сатып алушының контейнерлерге, басақа да көпорамалы қораптау мен тастауға кеткен шығындары. ТМД СЭҚ ті сай бағаланушы тауарларымен бірге деп саналса ғана көрсетілед.

Егер көпоралмалы қараптау бағаланушы тауарлармен бірге бір болып саналса, онда оның құны бір сатушымен бір сатып алушыға бір контракт бойынша тауарларды көпіретті жеткізу кезінде әр бір партиядағы тауар санына пропорционалды түрде бөлінеді. Қораптау шығындарын пропорционалды болу (яғни оның құнын бөлек-бөлек әр партияға жіктеу) кеден органымен мына жағдайлармен қабылданады.

1) бұл жағдай контрактіде немесе басқада құжатта көрсетіліп расталған;

2) мұндай қораптауды идентификациалау мүмкіндігі бар.

 

Қораптау шығындарына сатушыға қорапты қайтару шін сомасы жатпайды.

Қораптау шығындары шетел валютасымен төленген жағдайда, “Г” бөлімінде оны теңгеге айналдыру мәлеметтері көрсетілді.

Графа 13. Бұл графа сатып алушы сатушыға бағалагнушы тауарларды шығаруға арналған өндіріс пен сату үшін қолданған мына келесі тауарларды тегін немесе төмен бағамен ұсынұған болса:

Шікізат, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикалар мен т.б. бағаланушы тауарлардың құрамдас бөлігі болып табылатын құрастырушы бұйымдар;

Құрал –саймандар, штамптар, формалар, және басқада бағаланушы тауарларды өндіруде қолданылатын заттар; көркем ресімдеу құны кірмейді.

Графа 14.

Бұл графада мына төменгі құқыттары пайдалану үшін төлінетін сыйқы ретінде қарастырылатын теңгемен көрсетілген лицензиондық және басқа да таямдер көрсетіледі:

· әкелінетін тауарларды өндіру (оның ішінде тауар балгілері, өндірітік үлгілер, пайдалы модельдер мен “ноу-хау”);

· әкелінетін тауарларды экспортқа сату (оның ішінде, тауар белгілері, өндірістік үлгілер);

· әкелінетін тауарларды пайдалану немесе қайтта сату(оның ішінде паттентер, авторлық құқық; импортталушы тауарлармен бірге есептелетін өндіріс технологиясы).

Лицензиондық және оған ұқсас талемдер мәміле бағасына қосылу керек және 9(а) графасында көрсетілуі тиіс тек мына төменгі жағдайларда:

Бұл төлемдер бағаланушы (әкелінетін) тауарға қатысты;

· бұл төлемдер сатушы мен сатып алушы арасында бекітілген сату-сатып алу мәмілесінің шарттары болып табылса;

· сонымен қатар сатып алушы тікелей сатушыға немесе оған қатысты үшінші бір тұлғаға төлеуге тиіс лицензиондық төлемдер ескеріледі.

Сатып алушы лицензиондық төлемді үшінші тұлғаға төлеген жағдайда, бұл төлем сатушы немесе оның атынан шығатын тұлғаның талабымен өндіріліп алынады.

Интеллектуалды меншік құқығы иелерінен алынатын ҚР да тауарларды өндіру лицензиялары кеден құнына кірмейді. Егер жоғарыда көрсетілген шығындар шетел ваклютасымен төленсе, онда “Г” бөлімінде оны теңгеге аудару мәліметтері айқындалады.

Графа 15. Бұл графада сатушының ҚР территориясында бағаланушы тауарларды қайтта сату, беру немесе қолданудан түскен және контракт шарты бойынша сатып алдушымен сатушыға қайтарыулуы тиіс тура немесе жанама табыстың бір бөлігі ескеріледі.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 34 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав