Читайте также:
|
|
Таным – бағдарламаларды сақтау, құрастыру, жинау, сараптау және қайта өндеу бойынша сезім мен ойлау іс-әрекеті.
Методология – білімді практикалық тұрғыдан қолдану, құрастыру, жаңғыртудың эффективтік тәсілдерін орнату принциптерінің жүйесі.
Әдіс - дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның эдістері өте көпәрі сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлык әдістерін шартты түрде үш топқа белуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінін барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар накты қүбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық жэне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дүрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен кырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде түжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең колданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мәні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.
Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мумкін. Қажет болган жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады.
Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз - эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.
Зерттелуге тиіс объектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын аныктау әдісін анализ деп атайды.. Объектінің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапкы түтастыкқа қайта көшу керек. Бұл синтез әдісі арқылы іске асырылады.
Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бұған кереғар әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуді дедукция дейді
Абстракциялау - бұл таным бойынша, ойлау арқылы объектің кейбір белгілері мен қасиеттерінен көңіл сергіту және зерттеуде тек қажетті белгілеріне назар аудару.
Жалпылау - бұл таным бойынша, объектің белгілерінің, қасиеттері мен қатыстарының жалпы, біріктіретін жақтарын анықтау.
Индукция - бұл таным бойынша, ойлауды нақты ережелер бойынша жалпы тұжырымға /ережеге, қағидаға/ жеткізу.
Дедукция - бұл таным бойынша, жалпы ережелерден нақты тұжырымдарды шығару.
Аналогия - бұл таным, объектілердің нақты қасиеттерін, белгілірі мен қатыстарын жариялау және осы арқылы басқа белгілері /қасиеттері мен қатыстары/ туралы болжам ұсыну, сөйтіп, зерттелген объектің салыстырылған объектіге қарағанда ашылмаған құпия белгілері /қасиеттері мен қатынастары/ бойынша тұжырымдау.
Модельдеу - бұл зерттеу әдісі бойынша, зерттелетін объектті /оригиналды/ ауыстыратын модельді құру және зерттеу, сол туралы бағдарламаны оригиналға да қолдану.
Эмпириялық зерттеу әдістері:
Бақылау – осы зерттеу әдістің негізінде мақсатқа бағынатын құбылыстар қабылдауы, рационалды білімнен айналып, осы процесті бағдарлау /не және қалай бақылау керек/ болады.
Сипаттама – бұл әдіс негізінде табиғи және жасамды тілдер арқылы бақылау мен экспериментте табылған нәтижелерді бекіту жатыр.
Өлшеу – бұл әдіс негізінде объектілерді ұқсас белгілер, қасиеттер мен қатыстарды эталон арқылы салыстыру және олардың сандық сипаттамаларын белгілеу жатыр.
Эксперимент – бұл әдістің негізінде жарияланған жағдайларда, айналғанда рационалды біліммен жетілген, объектке деген мақсатты ықпал жатыр.
Теориялық зерттеу әдістері:
Ойлау эксперимент – бұл зерртеу әдістің негізінде материалдауға келмейтін образдардың комбинациясы жатыр.
Идеалдау – бұл зерттеу әдістің негізінде объекттің реалды болу қажеттіліктерін шығару туралы елестердің ойлау құрылысы жатыр.
Формалдау – бұл зерттеу әдістің негізінде пәндік аймақ туралы жалпы таңбалы модельді құрастыру, соның құрылысы мен заңдылықтарын таңбалық операциялар арқылы айқындау жатыр.
Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияны құру тәсілі, сондай оның негізінде ақиқат түрінде дәлелсіз қабылдалынатын ережелер /аксиома әлде постулаттар/ жатыр, солардан кейін формалды-логикалық дәлелдеу арқылы келесі ережелерді шығару.
Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – ғылыми теорияны құрастыру тәсілі, оның негізінде бір-бірімен байланысты болжау жүйерлерді құру, келесіде солардан дедукциялық жаюдан тәжірибенің нәтижелерімен салыстырылған бекітілімдерді шығару жатыр.
Математикалық гипотеза – бұл әдістің негізінде нақты математикалық құрылыстан /уравнение жүйесі, математикалық формализм арқылы зерттелген құбылыс аймағынан зерттелмегенге экстраполяция жасау жатыр.
Абстракциялаудан нақтылыққа жету – бұл зерттеу әдісі бойынша, нақты зерттелетін объектің негізгі қайшылығын қайталайтын бастаушы абстракцияны табу, соның теориялық шешімінің процесінде эмпириялық материалды ассимиляцияландыратын нақты қайшылықтардан шығуының мүмкіндігін ескеріп, зерттелетін объект туралы нақты-жалпы анықтама құрастырады.
Тарихшылдық пен логикалықтың бірлестігі – бұл әдістің негізінде объектілердің тарихи эволюциясын зерттеуі мен бір бағытқа салатын тарихи талдау арқылы логикалық тұрғыдан дәлелделген анықтама жүйесін біртұтас зерттеу ұстанымы жатыр.
10. Позитивистік ғылыми программаның эволюциясын талдау.
Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль: табиғаттанудағы индуктивті әдістер; әлеуметтік ғылымдардағы гипотетикалық-дедуктивтік әдістер; позитивизімнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған; методологиялық монизм, әлде ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми әдістердің ортақтығы туралы идея; нақты табиғаттану ғылымдары, әсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі /сциентизм/; метафизика – ескірген ойлау типі болған сон, одан «жағымды ғылымды» тазарту қажет; ғылыми тұсініктемелер – ол нақты индивидуалды фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
19 ғ. аяғында позитивизімнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа әкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бетбұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизімді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизімді салған – швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғансон оларды махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализімін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип – «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай принципті Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі принциптердің мағынасы –«экономды», «үнемде күш жұмсап» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жәй сипаттау.
Сөйтіп, махизм үшін сүбъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сыңға келтірді.
Неопозитивизм – ол позитивизімнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада 20 ғ. 20-шы ж. қалыптасты. Неопозитивизімде позитивизімнің алғашқы принциптерін қолдайды. Неопозитивизм өзінің дамуында бір-неше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм – оның тарихи алғашқы түрі /басқа түрлері осының модификациясы/. Логикалық позитивизімнің негіздері екі танымалы философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің. Неопозитивизімнің келесі кезені логиктерден, математиктерден, әлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик, өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі.
Логикалық позитивизімнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы әдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мәні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия – ол логика» дейді.
Философия неопозитивистердің айтуынша: 1. нақты теория; және 2. қызмет түрі.
20 ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады. Осы философияның пәні – мағыналарың анықтауға арналған нақты ғылымдардың ережелерін талдау қызмет. Философтың мақсаты – нақты логикалық техника арқылы нақты ғылымдардың ережелерінен сезім ұсыныстармен салыстырылатың сөйлемдерге көшу.
Позитивті философиясының әдісі – формалды логика. Логикалық позитивизімнің пікірінше білім мен таным аспектілерін біріктірудің ғылыми маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет, ал позитивті философия таным нәтижелерін анализдейді – нақты ғылымдардың анықтамалары мен сөйлемдерін.
Бірақ, содан кейін, неопозитивистер ғылыми білімнің басқа моделін ұсынады: 1. ғылыми тұжырымдар түбінде болжаулар болған сон, оларды ұсыну – психологиялық процесс; 2. теория тандау, қабылдау процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол.
Редукционистік модельдің орынына неопозитивистер гипотетико-дедуктивтік модельді ұсынған болады. Ол постпозитистермен өздерінің ғылыми таным концепциясында қолданылған.
50-60-шы жж. философ-аналитиктің мақсатын ғылымға логикалық талдау беру емес, табиғи нақты сөйлеу тілді талдау деп түсінген. Басқаша бұл ағым қарапайым тіл философиясы деп аталған, себебі, оның талдау пәні қазіргі күнделікті тіл болады.
Логикалық позитивизм ғылым философиясы деп аталады, философияда сциентизм жолын қалыптастырады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 147 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |