Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылымның синергетикалық парадигмасының мәнін ашыңыз

Читайте также:
  1. Классикалық және бейклассикалық ғылымның сипаттамаларын беріңіз.
  2. Ылыми теория: анықтамасы, дәрежесі, типология мағынасы, мәнін ашыңыз.
  3. Ылымның қалыптасуының негізгі тәсілдерін көрсетіңіз.
  4. Ылымның бейклассикалық парадигмасына сипаттама беріңіз.
  5. Ылымның классикалық парадигмасына сипаттама беріңіз.

Дүниенің постнеклассикалық бейнесінің образы – ағаш сияқты бұтақты графика – И. Пригожиннің бельгия мектебінің ғылыми нəтижесімен байланысты. Келешек өзінің басынан бастап, қазіргі уақыттада бізге анықсыз. Даму бір əлде бір-неше бағытта болуы мүмкін. Тек бір энергетикалық «шаншу» жарайды жүйенің құрылымының өзгеруіне жəне меңгерудің жаңа түрі пайда болу үшін. Қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінде қоғамдық құрылымдардын талдауында ашық сызықсыз жүйелерді зерттеугешарт, оларда алғашқышарттар үстемді: индивидтердің, локалдық өзгерістер мен кездейсоқтық факторлар. Жəне постнеклассикада құңдылық-мақсатты құрылымдар жаңа императивке айналады.Постнеклассиканың мықты методологиялық тезисі – бір траекториядан екіншіге ауйысу, жүйелік естен айырылу. Көпөлшемдік байланыс моделінде, екі емес одан көп жақтар қатысатын, турбуленттік кеңістік пайда болады. Онда бағытталған векторлардың күштік сызықтары басқалардың ұмтылыстарымен кездеседі, үшіншінің əсерімен өзгереді, жалпы ортақ байланыста қалыптасқан алғашқы мен келешектен қазіргінің тəуелділігі даму логикасын бұзады. Осындай жағдай туралы былай дейді: «Жүйелік есжоғалды». Келесі тағы маңызды ереже – когеренттік принциптің бұзылуы жəне локалды, екінші дəрежелі себептерге көлемі мен энергетикалық өлшемі бойынша глобалды салдар қатысты. Осы жағдай болашақты анықсыз жəне жаңалықтар үшін ашық қылады. Осындай жүйелердің эволюция перспективасында көп түрлі комбинациялар мүмкін, ал дағдарыс нүктелерінде бұтақтау эффект болады. Осындай əдеттерді сипаттау үшін ағаш сияқты бұтақталған графика лайық. Осы жағдай қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінен бір сызықтыққа бағытталу мен тоталдық жарияланудан, яғни, анықсыздықты болмыстың атрибутивтік қасиеті деп онтологиялық статусқа ие болады. Постнеклассикалық методологияның қалыптасқан ұғымдары: бифуркация, флуктуация, хаосомность, диссипация, сызықтық емес.Олар категориалдық статусқа ие болып, келесі жүйелердің əдептерін түсіндіреді. Теңдік жағдайда бифуркациялық механизмдер жұмыс жасайды. Олар екі үштасқан нүктелерді жəне жалғыз емес даму бағытын көрсетеді. Осы əрекеттердің нəтижелерін қиын анықтау. И. Пригожиннің пікірінше, бифуркациялық процестер жүйенің қиындау жағын айқындайды; Н. Моисеевтің пікірінше, əлеуметтік жүйенің жағдайы бифуркациялық болады. Флуктуация жалпы оқиғада күйіну жəне екі үлкен класқа бөлінеді: сыртқы ортамен қалыптасатын флуктуация класы; жүйенің өзімен қалыптасқан флуктация класы. Бір жағдайда флуктуация жүйенің бəрін жаулап алып. Оның өмір сүру режимін өзгертеді. Олар жүйені «реттілік типінен» шығарып, хаосқа əлде реттіліктің басқа деңгейіне əкеледі. Күйіну жайылатын жүйелер диссипативтік деп аталады. Мəнінде, жүйенің флуктуацияға қатысты əдептерінің сипаты, ол оны толық жаулап алады. Диссипативтік жүйенің негізгі қасиеті - əр-түрлі ықпалдарға керемет сезімділік осы жағдаймен төтенше теңсіздік. Ғалымдар тағы бір құрылымды белгілейді – аттракторлар – тартымды көптіктер, олар элементтерді тартатың орталықтарды қалыптастырады.

Постнеклассикалық методологиямен байланысты екі үштастық мəселелерді шешуге қажеттілік туылады. Біріншіден, «бағытталған ретсіздік теориясында» құрылымдық білімнің көбеюі құрылым мен хаотизацияның өзгешелігін білу жəне түсіну болып табылады. Мысалы, олар циклдік схемамен емес, қосымша бинарлық жəне қосынды қатынастармен көрінеді. Реттілік пен хаостың байланысы, оны бинарлық қайшылықтың көрінуі, екі стихияның өмір сүруінде жəне күресінде айқын. Циклдық дегеніміз жағдайлардың өзгеруі, аусуы, яғни, бинарлық оппозиция көп нəтижелі эффектермен келіседі: керісінше сияқты бір-бірін негіздеу, алғашқы негізді сақтап трансформациялау. Қосымша қатынас меңгерілген толықтыққа құрылымсыз күштердің басып кіруін неіздейді. Бұл жағдайда толықтыққа оған бөтен элементтердің қатыстыруы, тұрақталған компоненттер жүйесіне, оның инновациялық пен қиын деңгейлерін өсірмей жəне өзгертпей, қиын қосалқы құрылымдарға дақтар тигізеді. Осымен қатар, дүниенің ғылыми бейнесін құрастыруында қазіргі ғылымдардың жетістіктеріне қарамай, скептиктердін де үндері басылмайды, олардың пікірінше, үшінші мыңжылдықта ғылым гравитацияны, өмірдің шығуын, сананың қалыптасуын, поленің бірлік полесін құрастыру, парапсихологиялық пен биоэнергиялық- бағдарламалық байланыстарды түсіндірген жоқ. Жағдайлар мен элементтердің кездейсоқтық байланысымен өмір мен ақылдың пайда болуын мүмкін емес, жəне де бұл гипотезаға ықтимал теорияда тиым салады. Сол жағдайда Жердің өмір сүру кезеңдері мен іріктеу нұсқауларыда жеткіліксіз. Ғарыштың релятивистік концепциясы əуелі жағдайда ойға сиятын материалдық Ғарыш деп түсінген, оның «бастама» идеясы түбінде шексіздік идеясын жоққа шығарып, толық төңкеріске əкелді. Космолог-релятивистердің біздің кеңейтілетін Ғарыш – Метагалактика – жалғыз жəне бəрін қамтушы деген пікірі алғашқы жарияланған Жер туралы пікірді қайталайды, яғни, жалғыз Күн жүйесінде əлде Галактикада Жер жəне оны қоршаған басқа жұлдыздар жалғыз. Шыңдығында Ғарыштың космологиялық моделі дүниенің тек бір фрагметін, яғни универсумның тек бір локалды аймағын түсіндіреді. Кеңістік пен уақыттың шекті-шексіз космологиялық бейнелері сол локалды аймаққа қатысты болғансон, жалпы шексіздік идеясын жоққа шығармайды. Космологияның қазіргі даму кезеніне релятивистік космологияның үстемділігі тəрізді, яғни, ол дүниеге толық жəне соңғы сипаттау бермейді, бірақ біздің Ғарышты физикалық-кеңістік тұрғыдан түсіндіру үшін шексідік пен шектіні зерттейді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 129 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав